Мен – Қазақстан
патриотымын
Мен жанбасам
лапылдап,
Сен жанбасаң
лапылдап,
Біз жанбасақ
лапылдап,
Аспан қалай
ашылмақ?
Назым
Хикмет
Менің Отаным – Қазақстан және
мен өз елімнің патриотымын. Мен үшін Қазақстанның суық аяздары да,
терең сулары да қымбат. Осы жерде менің ата- бабаларым туып- өскен,
олардың тарихы менің де тарихым.
«Барлық халық пен ұлт барлық
ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын
сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүіспеншілігі мен мақтаныш
сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге
тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан
Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы
өзге ұлтты сүюге үйрен деген мағына жатыр.
Қазақ – ел басына қиын күн
туғанда ойланбай аттанып кететін жауынгер халық. Ел басына қауіп
төнгенде жан аямай қан майданға аттанып, денесін қаншама оқ
аршаласа да, жау қолына түсіп, қанша азап көрсе де «Отаным» деп
жанын қиған, құрбан болған. Осындай өр мінезді, қайсар жүректі,
отансүйгіш ата- бабаларымызды ешқашан ұмытпауымыз керек. Олар елі
үшін, елінің иелігіндегі жері үшін, өздері көрмеген ұрпағы үшін
көзсіз ерлікке барды. Ал сол көзсіз ерлікке жетелеген, тасты
жібітіп, мұзды ерітер ұлы сезім – еліне деген махаббат екені
даусыз. Елім деп соққан жүректер еш азаймайды, себебі ол жүректер «
Қазақ» деген ұлы халықтың жылы алақанында ,
қамқорлықта.
Көне түркі заманынан бастау
алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былайша
суреттеледі: « Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген
сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді »дейді немесе
сол жазбада « Ей, Түріктің бектері халқы ! Сендер алауызсыңдар,
таққа кіріптарсыңдар. Ағалы – інілінің дауласқандығынан ,
дұшпаныңның сөзіне алданғандығыңнан қағандығыңнан , елдігіңнен,
төріңнен, билігіңнен айрылдың. Жер – жерге босып сандалдың. Біресе
ілгері шаптың, біресе кері шаптың, барған жерде не пайда таптың?
Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды. Түрік халқы, өкін!»
дейді . Сай - сүйегіңді сырқыратар осы сөздерді Күлтеген
ескерткішінен оқимыз. Осы көне жазу арқылы қазақ халқының бойындағы
ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болмағанын , ол
ежелден бері ананың сүтімен, әкенің қанымен бойға сіңген қасиет
екенін байқаймыз.
Ұлы майдангер , қазақ батыры
Баубек Бұлқышев өз хатында былай деп жазады: «Отан» деген – бір –ақ
сөз. Бірақ осы бір сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол
ардақты Отаным менің бүгін қауіпте тұр. Менің көз алдыма: «Қарағым,
ұлым, тағдырың сенің қолыңда» деп тұрған ізгі Ана- қазақ әйелінің
бейнесі келеді. Бұл маған Отан өміріне төнген қауіпті аңғартады.
«Ұланым, туған еліңді сақтап қал!» дегендей болады. Осы лебіз жанды
жанып, күш- қуатты тасытады. Осындай ұранды үнмен жазылған
туындылар әр халықтың әдебиетінде бар. Өскелең ұрпақ ата –
бабаларымыздың басынан кешкен қиын- қыстау күндерін тарихтан оқып,
білеміз. Оқи отырып, туған жерін, елін, ұлтын, тілі мен дінін
қорғаған ел ағаларынан үлгі аламыз.Тәуелсіздіктің қадірін ұғынып,
бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандаған мақсатына жеткенімізге
қуанамыз. Елбасының қолдауымен , ұстанымымен жасалып жатқан
«Соғыссыз әлемнің» ұрпағы мен иегері бізбіз. Болашақтың кілті –
білімді жастардың қолында. Болашақ жастар кешегі ата-
бабаларымыздың ерен ерлігі мен көзсіз батырлығының үлгісін бейбіт
өмірде білім мен ғылымды игеру арқылы өз еліміздің мүмкіндігін,
болашағын әлемге таныту арқылы көрсете
аламыз.
Туған жердің түтіні, ұлтымның
әдет - ғұрып, салт - дәстүрі бізге ерік- жігер береді, батылдық пен
алғырлықты танытады, қанымызға рухани азық береді. Туған елдің
әрбір тасына, топырағына , ауасына жететін ешнәрсе жоқ-ау ғаламда!
«Туған жердің түтіні қымбат маған» деп жырлаған ақын да, әсте,
туған елдің түтінін түтеткенге не жетсін дегесі келген болар-
ау!
Өмірдің заңы - өсу, өркендеу,
даму. Өсіп өркендеген , қарыштап дамыған Қазақ елінің патриоттары
көбейе берсін! Заман жүгін арқалаған білімді жастардың алар асуы
мен бағындырар белесі көп болғай !
Т.Г.Шевченко атындағы № 13орта
мектебінің
9 сынып оқушысы Тілекова
Аружан
Жетекші қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі:
Диханова
Ақзираш