Мен адалдықты жақсы көремін Қауіпсіздік сабағы № 17 Ата-аналармен құпия сөз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен адалдықты жақсы көремін Қауіпсіздік сабағы № 17 Ата-аналармен құпия сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен адалдықты жақсы көремін Қауіпсіздік сабағы № 17 Ата-аналармен құпия сөз
Материалдың қысқаша нұсқасы

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:

13.01.2025

Сынып: 1 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Мен адалдықты сүйемін

Құндылықты дарыту

Оқушыларға адалдық, шыншылдық қасиеттерінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Адалдыққа тәрбиелеу арқылы өз ортасына, қоғамға, еліне пайда тигізетін тұлға қалыптастыру. Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту және өмірде адалдықты ұстануға баулу.

Қауіпсіздік сабағы

Ата-аналармен құпия сөз

Мақсаты

төтенше жағдайда балаларға қауіпсіздік ережесін сақтауды үйрету


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу.

Сабақтың тақырыбын таныстыру.

Шаттық шеңбері: оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

2. Кіріспе бөлім

Мұғалім:
"Бүгінгі тәрбие сағатымызда біз адалдық туралы сөйлесеміз.
Адалдық дегеніміз не? Ол бізге не үшін қажет? Сендер қалай ойлайсыңдар?"

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

1. Адалдық ұғымы туралы түсінік:

Мұғалім адалдықтың мағынасын түсіндіреді:
"Адалдық – бұл шындықты айту, өз ісіңе жауапкершілікпен қарау, өтірік айтпау және басқаларға зиян келтірмеу. Адал адам өзгелерге сенім артып, сыйластыққа ие болады."


Мұғалім адалдық туралы қысқаша түсінік береді.

Сұрақтар:

«Адалдық деген не?»

«Сендер адалдық туралы қандай оқиғаларды білесіңдер?»

«Адал болу не үшін маңызды?»



презентация

Сабақтың ортасы

ойын: "Шындық па, өтірік пе?"

Мұғалім бірнеше сөйлем оқиды (мысалы: "Күн аспанда жарқырап тұр.", "Қар жасыл түсті.")

Оқушылар сөйлемнің шын немесе өтірік екенін анықтайды.

3. Мақал-мәтелдермен жұмыс:

"Адалдық – ардың ісі."

"Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам."

Мұғалім әр мақалдың мағынасын түсіндіріп, оқушылардан мысалдар келтіруін сұрайды.

4. Топтық жұмыс:

Оқушыларды топтарға бөлу.

Әр топқа адалдыққа байланысты жағдаят беріледі (мысалы, табылған затты қайтару, досқа көмектесу).

Топтар өз ойларын ортаға салып, шешімдерін ұсынады.


Оқушыларға адалдық туралы мақал-мәтелдерді тауып, мағынасын түсіндіру ұсынылады.

  • Мысал: «Адалдық – ардың ісі».



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Шығармашылық жұмыс:

Оқушылар "Адалдық" тақырыбында сурет салады немесе қысқа әңгіме жазады.

2. Қорытынды әңгіме:

Мұғалім адалдықтың адамның өміріндегі орны мен маңызын қорытындылайды.

Оқушыларға үйге тапсырма: күнделікті өмірде адалдық танытқан сәттерін күнделікке жазу.

5. Рефлексия

"Сабақтан не үйрендіңдер?"

"Бүгінгі тақырып бойынша қандай сезімдер пайда болды?"


«Досыма хат» тапсырмасы

Балалар досына адал болу туралы хат жазады. Хатта олар адал достықтың маңыздылығын сипаттайды.



презентация

Қауіпсіздік сабағы

Сабақтың мақсаты: төтенше жағдайда балаларға қауіпсіздік ережесін сақтауды үйрету.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй қалыптастыру (1-2 мин).

  2. Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы.

Күн сайын таңертең адам үйден шығып, қоршаған ортамен араласады, кездейсоқ қиын жағдайлар, апаттар болуы мүмкін. Бұл қиындықтар «Төтенше жағдайлар» деп аталады. Төтенше жағдай бұл адамның қиын және жағымсыз жағдайларға ұшырауын білдіреді.

  1. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

Тіршілік қауіпсіздік негіздері туралы, қауіпсіздік туралы мақал-мәтелдер.

Сақтықта қорлық жоқ

Қауіп аяқ астында

Үйдегі, көшедегі, табиғаттағы қауіпсіздік.

Тапсырма: 3 минут ішінде қауіпті жағдайларда қауіпсіздік ережелерін мүмкіндігінше көбірек еске түсіріңіз: үйде, көшеде, табиғатта… Болжалды жауап нұсқалары:

Қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.

Сіріңкелермен ойнамаңыз.

Тоқ көзінен ажыратарда сымынан тартпаңыз.

Бейтаныс адамдарға есік ашпаңыз.

Мұз үстінде жүрмеңіз.

Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіңіз.

Таныс емес саңырауқұлақтарды, жидектерді жеуге болмайды.

Жолдың үстінде ойнамаңыз.

Жолда жүру ережесін сақтаңыз.

Бейтаныс заттарды алып, үйге әкелмеңіз.

Досыңызға барғанда, ата-анаңызға хабарлаңыз.

Дәрі-дәрмектерден абай болыңыз.

Терезеден шықпаңыз.

Лифтіге бейтаныс адамдармен кірмеңіз. Даладағы тоқ сымдарын қолыңызбен ұстамаңыз.

  1. Тақырыпқа кіріспе. Әңгіме

Біздің ең маңызды міндетіміз – өзімізге және айналамыздағы адамдарға жауапкершілікпен қарау, қауіптерді болжай және тани білу, жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау. Қауіп бізді барлық жерде күтеді: жолда, аулада, үйдің кіреберісінде тіпті біз болатын кез келген жерде. Ата-анаңызбен бірге арнайы «құпия сөз» ойлап табыңыз. Бұл сөз құпия, оны ешкім білмеуі керек (тек қауіпті жағдайларда қолдану керек). «Қауіп», «қиындық» және т.б. деген сөздер болмау керек – шабуылдаушы сіздің ата-анаңызға сигнал жіберіп жатқаныңызды білмеуі керек. Егер бұл сөз тіркесі болса, өте қолайлы. Мысалы, «Жасыл шарф».

  1. Білімді бастапқы игеру және түсінгендерін тексеру. Біздің сынып үшін «құпия сөз» ойлап табыңыз. 6.Сабақты бекіту. Өзіндік жұмыс «Әдеби викторина» байқауы.

Жетекші: Сіз көптеген ертегілерді білесіз. Бірақ, қазір сіз өмір қауіпсіздігі негіздерін бұзу, қайғылы салдарға әкеп соқтырған ертегілерді еске түсіріп, себебін түсіндіруіңіз керек.

1. «Бауырсақ», «Пиноккионың шытырман оқиғалары», «Қызыл телпек»

бейтаныс дамдарға шамадан тыс сенім

    1. «Қасқыр мен жеті бала» – бөтен адамдарға есікті ашпаңыз.

    2. «Ұр тоқпақ», «Қаздар-аққулар» – үлкендерге мойынсұныңыз.

    3. «Ұйқыдағы ару» – үшкір заттардан абай болыңыз.

    4. «Қар ханшайымы» – алда келе жатқан көлікке жабысуға болмайды.

    5. «Мысық үйі» – отпен ойнауға болмайды.

    6. Қорытынды

Пайдалы сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=NCnr6WmrZ4o&list=PLA5eCSY2FeoQLLo

cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=14




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2025
111
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі