Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен адаммын

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән: Өзін – өзі тану Мектеп: Күні: Сынып: 5 Сабақтың тақырыбы: Мен – Адаммын! Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп:

Күні:

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Мен – Адаммын!

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамның өмірлік мақсат – мұратының маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Білімділік: оқушыларға мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру .

Дамытушылық: оқушыларды қамқорлық қасиетіне баулу

Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. tarbie.org

2. bilim-all.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Жағымды көңіл – күйге келу.



2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Сабыр түбі – сары алтын» ертегісін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Адамға сабырлық не үшін қажет?
2.
Өзіңді сабырлымын деп санайсың ба? Неліктен?

3. Әңгімеден не түсіндің?


3. Сабақтың дәйексөзі.

Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту.

Адам деген ардақты ат


4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)

«Абайдың оң тоғызыншы қара сөзі»



5. Шығармашылық жұмыс.

Тапсырма:Жағдаяттарды шешіңдер.

Асханаға тамақтануға келгеніңде еденде шашылып жатқан нан қалдықтарын көрдің.
Сенің әрекетің?

Мектеп дәлізінде келе жатқанда жерде жатқан қолғапты байқап қалдың.
Сенің әрекетің?

Сабақтан үйге қайтқан жолда ауыр сөмкесі бар қарт адамды
кездестірдің.
Сенің әрекетің?

Үйге кіреберісте көршілеріңмен кезігіп қалдың.
Сенің әрекетің?


6. Топпен ән айту

Адам, бол адам!

Ай, жұлдыз аспан төсін алқалаған,

Жер – ана әлдилеген, арқалаған.

Нәзік гүл, алып емен, асау бұлақ –

Бәрі де саған күштар, дарқан адам.

Қайырмасы:

Адам бол,адам!

Адам бол, адам!

Сұлү бол,адам!

Жылу бол,адам!

Биікте бол, адам!

Сүйікті бол, адам!

Сүйікті бол, адам!

Тірліктің тәттілігі, қаттылығы,

Сағыныш, махаббат, мұң, шаттық үні.

Өтеді бәрі менмен жүрегіңнен

Секілді шеру тартқан ат дүбірі

Қайырмасы:



7. Үй тапсырмасы.

«Ұстаз бен шәкірт» аңызын оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Алматы қаласы, Әуезов ауданы,

Ғабит Мүсірепов атындағы 86 мектеп-гимназиясы,

Ербол Мадина



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
564
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12