Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мен алғаш мұғалім болғанда...»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім мамандығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен алғаш мұғалім болғанда...»

Менің таңдаған мамандығым – мұғалім. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Анам 10 жыл бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып, жұмыс істеп келеді. Бала кезімде анамның сабақ бергенін көріп, оған қызыға да қызғана қарап, болашақта ұстаз болуды армандап, мақсат еттім. Міне, қәзір өзімнің армандаған мамандығым бойынша ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі» - нде білім алып жатырмын. Осы оқу орнында білім алып бастаған алғаш күнімнен-ақ мамандық таңдауда қателеспегенімді білдім. Ұстаз мамандығын таңдап, бұл оқу орнына түскеніме өте қуаныштымын. Себебі, өзіме жақын дос, сырлас таптым. Білмегенімді үйретіп, бар ақылын айтып, нағыз мұғалім қылып шығарған оқытушыларыма алғысым шексіз. Өзімнің арманымдағы мамандығыммен жұмыс істеуіме аз ғана уақыт қалды. Уақыт жақындаған сайын іштей толқыныс, қобалжу арта түседі. Мен болашақта қандай ұстаз боламын? Өзіме сеніп, балаларын берген ата-аналардың үмітін ақтай аламын ба? Алдыма келген бүлдіршіндердің білім алудағы іргетасын дұрыс қалай аламын ба? – сынды сұрақтар күніне ойландырады.

Мен алғаш мұғалім болғанда, өз-өзіме сенімді, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре алатын, ізденімпаз, рухани бай, адамгершілігі мол адамды қалыптастыра алатын, баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы боламын, - деп нық сеніммен айта аламын.

Елбасым Н.Назарбаевтың «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» деген сөздеріне ой жүгіртсек, мұғалім – ең қажетті мамандық. Білім алуға келген әр баланың қолынан жетектеп, өмір жолының дұрыс бағытына салу, елімізді әлемге танытатын, ата дәстүрді құрметтеген, ең бастысы Отанын сүйетін азаматты тәрбиелеу, осы жолда еңбекке баулу, мақсатына жетуіне көмектесу - ұлы мамандық иесінің негізгі міндеті. Осы себепті де мен мамандығымды мақтаныш етемін!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2021
511
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12