400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен атаммен мақтанамын

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде жариялап отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен атаммен мақтанамын

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті.Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін,тарихта мәңгілік қалатын күн.Бұл күн бәріміз үшін ерекше мереке.Бұл мереке бейбітшілік пен қайырылымдықтың мәңгі жасампаздығын,Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны,тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Жеңіс күні біздің отбасымыз үшінде ерекше мейрам.Себебі,менің сүйікті атам Әмреев Құрымбай Ұлы Отан тыныштығы мен Жеңіс үшін күрескен жан. Атам 1915 жылы Жамбыл облысы,Құмарық ауылында дүниеге келген.Атамның жастық шағы өзінің тұстастары сияқты Ұлы Отан соғысының отты жылдарында майдан шебінде өтті.1939 жылы 24 жасында әскер қатарына алған.Әскери борышын аяқтаған соң алғашқылардың бірі болып майданға аттанады.Ол кісі елін неміс басқыншыларынан азат етуде ерік-жігерін аяған емес. Атамның тәжірбиелі барлаушы ретінде алған төрт әскери наградасы бар.Екі фашисті қолға түсіргені үшін екі мәрте «За отвагу» медалі және төрт рет тіл жеткізгені үшін «Даңқ» орденімен марапатталған. Соғыс аяқталған соң атам елге аман-есен оралады.Атам майданнан келе салып,отбасын асырау үшін еңбекке араласты.Осының бәрі майданнан жеңіспен оралған жауынгерлерге оңай болмады.Тіпті ішерге ас,киерге киім жоқ болған. Әмреев Құрымбай 1945 жылы колхозда малшы ,ал 1954 жылдан бастап совхозда ұзақ жылдар бойы механизатор болып жұмыс істеген.Кейін көп жылғы еңбегі бағаланып,медальмен марапаталады.Атамның он үш немересі,отыз бір шөбересі бар.Менің атам сияқты батырлар мыңдаған.Олардың барлығы Отан үшін өз жандарын қиғандар. Майдангер атам осыдан жиырма екі жыл бұрын қайтыс болған.Ол кісі балаларын аяқтандырып , немересінің алдын көрді.Атам Әмреев Құрымбай соңғы демі таусылғанша ұрпағының тыныш заманда өмір сүргенін тілеген еді. Қазіргі таңда атамызды әрқашан есімізге алып отырамыз. Міне,биыл Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл толып отыр.Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке.Бұл мереке абырой мен даңқымыздың мерекесі.Тек қана мереке ғана емес,ол біздің мақтанышымыз.Бұл күнді біз,өткенді еске түсіріп,ойланып ойдан сабақ алатын кез.Біз болашағымызды өзіміз жасаймыз , ал ертеңгі күнді өткен күннің негізінсіз құру мүмкін емес.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
1848
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі