400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Материал туралы қысқаша түсінік
1. «Шәкірт ойы» өлеңінің мазмұнын түсіну; 2. Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені, идеясы арқылы түсіндіру; 3. Шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 3-бөлім. Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Мұғалімнің аты-жөні: Мейрбекова Гульбахрам Сагатбековна

Күні:

Мектеп: С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы

Пән: қазақ әдебиеті

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

С.Торайғыров «Шәкірт ойы»

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

6.1.2.1. Т/Ж. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

6.2.2.1. А/И. Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.

Сабақ мақсаты

  1. «Шәкірт ойы» өлеңінің мазмұнын түсіну;

  2. Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені, идеясы арқылы түсіндіру;

  3. Шығармадағы автор бейнесін анықтау.

Бағалау критерийі

  • Ақынның өлеңін түсініп оқиды;

  • Шығармадағы әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;

  • Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Қажетті лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын мақсат: қараңғы қазақ, мұздаған елдің жүрегін, надандық теңізі

Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: қараңғы, мұздаған, надандық, қаһарман, еңбекқорлық, өнер, білім.

Диалог үшін қолданылатын тіркестер: менің ойымша... , себебі, мен оны былай түсіндірем..., мына мысалдармен дәлелдей алам..., осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...

Құндылықтарға баулу

  • «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы;

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау;

  • Жауапкершілік;

  • Өмір бойы білім алуға дайын болу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және топпен жұмыс жасау, сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Тарих: өлеңде келтірілген «қаһарман Рүстем, Әли» тіркестері ежелгі дәуір тарихы.

Физика: «Күн» - физикалық дене.

Өзін-өзі тану: ақын арманын өмірмен байланыстырады.

Алдыңғы білім

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің жанрын анықтап, жатқа біледі. Осы тақырып аясында ой тұжырымдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

«Ой шақыру» оқушыларға төбелеріне қағаз қойып, күннің суретін салу ұсынылады.

Проблемалық сұрақ? – неге күннің суретін салдық? (оқушылар өз ойын айтады)

«Күн сәулесі» стратегиясы бойынша күн шуақтарындағы сұрақтарға жауап беру арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталады.


Топтастыру: «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің әр тармағы қағазға жазылып, шашылып қойылады. Оқушылар алған тармақтарын шумақ жасап, 3 шумақ 3 топқа бөлінеді.

(алдыңғы білім сұралады, оқушылардың өлеңді жаттағаны анықталады)

ҚБ. Ауызша бағалау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Солнце 1

ақын



Сабақтың ортасы

25 минут








Білу және түсіну
































Түсіну және қолдану



































Қолдану және талдау





























Жинақтау және бағалау


Тыңдалым алды: Ұсынылатын сөздік - қараңғы қазақ, мұздаған елдің жүрегін, надандық теңізі, қаһарман, еңбекқорлық, өнер, білім – сөздері мен сөз тіркестері беріледі. Оқушыларға тыңдалым барысында берілген сөздерді белгілеп отыру тапсырылады.


Тыңдалым тапсырмасы:

С.Торайғыров «Шәкірт ойы» өлеңінің аудионұсқасы тыңдатылады.


Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

ТЖ. «Төрт бұрыш ішінде» әдісі арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясы анықтау. Ақын мақсаты арқылы өз көзқарасын білдіру.


Тақырыбы

Идеясы





Ақын мақсаты

Көзқарасың




Бағалау критерийі:

- Шығармадағы әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;

- Өз көзқарасын дәлелді жеткізеді.


Дескриптор:

  • Өлеңнен мысалдар келтіре отырып, тақырыбы мен идеясын аша алады;

  • Өз көзқарасын дәлелді жеткізе алады;

  • Кестені дұрыс толтырады.


ҚБ. «От шашу» төменнен жоғары қарай немесе керісінше шапалақ ұру арқылы бағалау.


ТЖ. «Блум түймедағы» әдісі.

Топ мүшелеріне жекелеген сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз жауабын түймедаққа жапсырады. Осы арқылы барлық сұрақтарға жауап алынады. Басқа топтағы да оқушылардың жауаптары арқылы сұрақ толықтырылып отырады.

Мақсат: Барлық оқушыны тапсырма орындауға белсенді тарту.

1-ші оқушы: Қарапайым сұрақ – не? қайда? қашан?

2-ші оқушы: Анықтауыш сұрақ – «менің ойымша....» тіркесін жалғастыру;

3-ші оқушы: Түсіндіруші сұрақ – неліктен (күн болғысы келеді)?

4-ші оқушы: Шығармашылық сұрақ – егер де мен ....

5-ші оқушы: Бағалау сұрақтары – несімен ерекшеленеді?

6-ші оқушы: Тәжірибелік сұрақ – өлең мен өмір арасындағы байланыс.



Бағалау критерийі:

- «Шәкірт ойы» өлеңінің мазмұнын түсінеді;

- Берілген сұрақтарға жүйелі жауап береді.


Дескриптор:

- Өлең мазмұны бойынша сөйлей алады;

- Тақырып бойынша өз пікірін делелдейді;

- Түймедақ сұрақтарына толық жауап береді.


ҚБ «Геометриялық фигуралар» әдісімен топ бір-бірін бағалайды.



ЖЖ. «Визуалды айғақ» әдісі.

Жұптарға өлеңге қатысы бар және қатысы жоқ суреттер таратылады. Жұп болып, өлеңге қатысы бар суреттерді анықтап, ол өлеңде қалай қолданыс тапқанын, ақын сол суреттер арқылы қандай троптың түрлерін қолданғанын анықтайды.


Бағалау критерийі:

- Шығармадағы автор бейнесін анықтайды;

- Лирикалық «Менді» анықтай алады;

- Троптың түрлерін айтады.


Дескриптор:

- Суреттерді өлеңнің мазмұнына сай іріктей алады, дұрыс орналастырады;

- Суреттерді қолдана отырып, өлеңнен сөз тіркестерін таба алады;

- Автор бейнесін анықтайды;

- Лирикалық қаһарман, ақынның «Мен» тұжырымдамасын анықтай алады;

- Троптың түрлерін айта алады (қараңғы қазақ, надандық теңізі – эпитет, мұздаған, сыланған – метафора).


ҚБ. «Плюс, минус, қызықты»


плюс

минус

қызықты





ӨЖ. «ПОПС формуласы» әдісі.

  • Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»

  • Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндірем...»

  • Үшінші сөйлем: «Мына мысалдармен дәлелдей алам...»

  • Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Бағалау критерийі:

- Алған білімді өмірмен байланыстырады;

- Өмір бойы білім алуға жетелейтін сұрақтарға жауап іздейді.


Дескриптор:

- Көзқарасын білдіреді;

- Шешім шығарады;

- «ПОПС формуласын» дұрыс қолдана біледі.


ҚБ. «Күн көзі»

Солнце 6

Өте жақсы

Солнце 4

Орташа

Солнце 7

Төмен


Интерактивті тақта.







Аудиотаспа тыңдату.






Постер.

























Прямоугольник 2

Прямоугольник 5





















Солнце 3

күн









Прямоугольник 6












Постер.

























Күн стикерлері

Сабақтың аяғы

5 минут

Оқушылар рефлексиясы:

Пирамидалық талдау

Схема 1

Кері байланыс: Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс.

2 сұрақ беріледі. Оқушылардан жауап алынады.

1-ші сұрақ: Сендердің өмірдегі мақсаттарың қандай

2-ші сұрақ: Сендерді қандай ой мазалайды?

Үйге тапсырма: Ақын тұлғасы танылған лирикалық шығармаларға мысалдар іздеу.

Интерактивті тақта.

Саралау

Бағалау

Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қысқа мерзімді жоспар стандартты, оқу бағдарламасын, ұзақ мерзімді жоспарды, саралаудың 12 түрін негізге алып жасалды. Сaбaқтaғы тaпсырмaлaр оқу мaқсaтын ашуға негізделіп, oңaйдaн күрделiге қaрaй сaрaлaнып құрaстырылды яғни, Д.Брунердің спиральді қағидаты ескеріле жасалды. Ықшамсабақтың жоспарын құруда тапсырмалар анық тұжырымдалып, нақты, өлшемді, қолжетімді, SMART мақсатқа бағытталды. Тапсырмаларды іріктеу, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, материалдар мен ресурстарды әзірлеуде оқушылардың жеке қабілеттері ескеріледі.

Қысқа мерзімді жоспар Блум таксономиясы негізінде құрылды. Сaбaқ бaрысындa дaғдылaрының деңгейлерi қaрaстырылғaн.

Оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар үшін қол жетімді «Визуалды айғақ» және «ПОПС формуласы» әдістерін мақсат бойынша саралау түрі негізінде беріледі.

Әр баланың қабілеті бойынша рөлдер мен жауапкершілікті бөлу арқылы жүргізілетін «Төрт бұрыш ішінде» және «Блум түймедағы» әдістерін топтық жұмыста жүргізу тапсырма бойынша саралауда көрініс табады.

Мазмұн бойынша саралау өлең мазмұнымен шектелмей, күннің физикалық дене ретінде қолданыс табатынын және өлеңдегі тарихи факторларға тоқталу мақсатында «Визуалды айғақ» әдісімен жұмыс жасағанда тиімді болады деп күтіледі.

Ықшамсабақ барысындағы барлық әдістерді қолдану аясында нәтиже немесе жауап бойынша саралау мақсатында берілген бірдей тапсырмалардан оқушылардың деңгейіне қарай түрлі жауаптар алынады.

Тапсырманы орындауда жұптық жұмыс жасау қарым-қатынас формалары бойынша саралау негізінде өз құрбысынан көмек алуға мүмкіндік беру мақсатында алынады. Оқушылардың деңгейлерін есепке ала отырып, сабақ барысында түрлі әдіс-тәсіл негізінде жасалған тапсырмалар орындатылады. Тапсырмалар топтық, жеке, жұптық жұмыс түрінде болады. Топтың мүшелері өз деңгейіне қарай берілген тапсырмаларды орындайды. Бұл деңгейлік тапсырмалар әр оқушының мақсаттарға жетуіне мүмкіндік береді.


Бағалау критерий мен дескриптор негізінде оқушылар бір-бірін, өзін-өзі бағалайды.

Оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеру мақсатында критериалды бағалауды негізге ала отырып, қалыптастырушы бағалаудың түрлері «Ауызша бағалау», «Геометриялық фигуралар», «От шашу», «Күн көзі», «Плюс, минус, қызықты» әдістері қолданылады.

Сабақтың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында оқушыларды үнемі кері байланыс үдерісіне тартамын.

Бұл кері байланыс арқылы оқушы жасалған әрекет негізінде өзіне есеп бере отырып, өзінің қай деңгейде екенін, өзінің қалай оқып жатқанын түсінеді, өз даму жолын көре алады.

Қалыптастырушы бағалауды өз орнымен тиімді қолдансақ оқушылардың берілген тапсырманы қаншалықты, қандай деңгейде орындайтынын айқындап, сол арқылы сапалы, нәтижелі табысқа жетелеуге болады.



Жоспарды жасағанда оқушыларға жағымды ахуал туғызу арқылы жағымды орта жасау керектігі ескерілді.

Сабақ барысындағы қолданылған әдістер мен тапсырмалар оқушының денсаулығына кері әсерін тигізбейді.

Сабақта АКТ қолданылады,

қауіпсіздік техникалары сақталады.

Пәнаралық байланысты орнатуда сабаққа қатысты барлық мүмкіндіктер қарастырылады.

Оқушылар сабақ барысында өздерін жайлы сезіну үшін «Төрт бұрыш ішінде», «Блум түймедағы», «Визуалды айғақ», «ПОПС формуласы» әдістері пайдаланылады.

Әр оқушының пікірі құнды болғандықтан, барлығы ескеріледі. Топтық, жұптық жұмыстарда оқу ортасында кедергі туындамайды деп күтіледе.



Shape10 Shape11 Shape12
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
4749
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі