Мен болашақ маманмын

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен болашақ маманмын

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен болашақ маманмын тақырыбында оқушылардың мамандықтарды таңдауға бағыттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен болашақ маманмын»

Мақсаты:

Білімділік:оқушылардың болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдету, мамандық түрлерімен таныстыру.

Тәрбиелік: оқушыларды адалдыққа, тәрбиелікке, парасаттылыққа жетелеу. Әр жетістікке өз күштерімен, таза жолмен жету керектігін ұғындыру.

Дамытушылық: сөздерге жете мән беру, өлең жолдарын терең түсінуге дағдыландыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: Мамандық иелері туралы суреттер, оқу құралдары, слайд, көңілді музыка.

Таныстыру бөлімі. «Сәлемдесу»

Психолог: «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей, алдымен бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық. Сәлеметсіздер ме, бүгінгі тәрбие шарасына келуші менің сүйікті оқушыларым.

Оқушылар бір-бірлерінің қолдарын ұстап, бір-бірлеріне есімдерінің бас әріптеріне байланысты жылу сөздерін айтады.

 


І.Суретпен жұмыс. Экраннан түрлі мамандық иелерінің суреті көрсетіледі, оларды оқушылар атайды.

ІІ.Сұрақ – жауап. Осы суреттегі мамандық иелерінің қайсы өздеріне ұнайтындарын сұрау. Болашақ мамандықтарын білу.

ІІІ.Өлең жолдарын талдау: А.Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысыз

Біте қалса қазаққа,

Алдың – жалын, артың – мұз,

Барар едің қай жаққа?

Пайданы көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп, қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйге алма.

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

Талдау сұрақтары:

1)Өлең не туралы айтылған? Қандай ұғымды қамтыған?

2)Абай атамыз бұл өлең арқылы не айтқысы келген?

3)«Адал еңбек ету», «күндестікке ұрынбау», «өз жолыңды табу» дегенді қалай ұғынамыз?

ІV. Тренинг.«Менің кәсіби рөлім»

Мақсаты: оқушылар өзара әрекеттесуде олардың ішкі позициясын және сыныппен қарым-қатынас жасаудың эффективті  амалдарын топпен бірге іздеу.

Тренингке керек құралдар: карточкалар тізбегі.

Тренингті жүргізуге нұсқау: топ шеңбер болып отырады, психолог әрбір қатысушыға карточка таратып береді. Карточкада белгілі бір кәсіби коммуникативті позиция рөлі анықталған.

Карточкалар тізбегінде: «көмекші», «ана», «тәрбиеші», «лидер», «авторитет», «хабарлаушы», «идеал», «ең-ең...», «мейірімді», «бақылаушы», «оқушы мен ата-ана арасындағы делдал», «интеллектуал», «сабақ беруші», «дос», «әнші», «бағалаушы», «сот», «ойыншы», «құрдас», «психолог».

Топ мүшелері рөл – позиция жазылған бір карточка алады. Карточканы оқып, кәсіби позициясының мұндай мінездемесімен келіссе неге келіскенін, келіспесе неге келіспегені жайлы пікір айтады. Егер мұғалім белгілеген позиция-рөлмен мүлде келіспесе, онда оның ойынша өзге мамандықта адамдармен қарым-қатынас жасағанда қандай рөлді жүзеге асыруға болатындығын атап өтуге болады.

Тренингті қорытындылау: әр оқушы, өзі атқарған рөл туралы ой-пікірлерімен алмасады.

V.Сергіту сәті. «Биле-биле»бейнеролигі. Экранға бейнеролигі көрсетіледі. Бейнеролигтегі қимылдарды оқушылар ортаға шығып қайталайды.

VI. Қорытынды. Оқушылардың осы тәрбиелік шарадан алғандарын қорытындылай келе, хормен «Мен – болашақ маманмын. Өмірлік мамандығымды таңдадым. Сүйікті мамандығым бойынша адал еңбек етемін. Өз отанымда бір кірпіш боп қаланамын» деп оқушылар айтады. Жігерлендіру сөздерімен тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз.

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2025
228
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі