400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен чемпион сыныптан тыс іс - шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен чемпион сыныптан тыс іс - шара
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Мен чемпион» көңілді старт

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Түрі: Спорттық, жаттығу ойындары.

Өтілетін орны: Спорт зал.

Көрнекілігі: Түрлі түсті шарлар, Доптар, кедергілер,жалаушалар,

ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Барысы:

I-Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топпен сапқа тұрғызу. Ойын шартымен таныстыру.

II-Негізгі бөлімі

Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Мен чемпион» сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа оқушылар қатысады.

Қатысушы топтар: Қыран тобы. Сұңқар тобы

Қыран тобының ұраны: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

Сұңқар тобының ұраны: «Дені саудың - жаны сау»

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашанда мойымайтын.

Болашақ спортшылар келді ортаға.

-Сайысымызды бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен танысайық:

Рахимбергенов Ерлан, Рахимбергенов Қанат, Рахимова Жазира

Спорттық сайысымыз 5 ұпаймен бағаланады.

I-кезең «Секіргішпен секіру»

Шарты: Екі топқа бөлініп секіргішпен берзілген межеге жарыса жетеді.

II-кезең: «Аққала»

Шарты:

Допты жерге ұрып жүгіру, қайтарында сол допты келесі оқушыға

теуіп жібереді.

III- кезең «Тунель»

Шарты: Әр топқа матадан жасалған тунель беріледі. Әр ойыншы тунель

арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.



IV-кезең «Кедергілер»

Шарты: Екі жол кедергілер қойылған әр топ кедергілерді құлатпай,

арасынан өтіп, айналып жүгіріп келу керек.

V-кезең «Мергендер»

Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады, қанша шар жарғаны саналады.

Қорытынды:

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы келіп таянар.

Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Әділ қазы сайысты әділ бағалар – деп, сайысымыздың шарты бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Спорт - көркі өмірдің,

Спорт-досың серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың

Шынығып, өсіп, толарсың,- демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік.







Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Мәдениет орта мектебі.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Саттыбаев Ринат Нуртаевич

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 сәуір
986
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі