Мен дизайнермін

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен дизайнермін

Материал туралы қысқаша түсінік
Мазмұны бойынша сұраққа жауап бере алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтақырыбы

Мен дизайнермін.Дауыссыз дыбыс түрлері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.4.1.2 дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, ұяң, үнді) ажырату

2.3.8.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

Сабақ мақсаттары

Мазмұн бойынша сұраққа жауап бере алады;

Дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратады.

Каллиграфиялық нормаларды сақтап, әріптерді жазады

Бағалау критерилері

Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратып айта алады.

Каллиграфиялық нормаларды сақтап, әріптерді жаза алады.

Сөздік қор

көшенің қиылысы, жең, асығу, адасу, мекенжай, іздеу, қайырымды

Құндылықтарды дарыту

Қамқорлық

Пәнаралық байланыстар

Өзін өзі тану пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлері туралы білді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақ басы


2 минут

Психологиялық дайындық

Қазақ тілім- өз тілім- ана тілім,

Абай, Мұхтарсөйлеген дана тілім.

Қастерлейдіұл-қызыңмәңгісені

Болашағым, бақытым дара тілім



Слайд







Сабақтың ортасы








10 мин

















13 минут































5 минут





5 минут

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Өткенді қайталау

«Ішкі,сыртқы шеңбер» әдісі арқылы өткенді қайталау


1.Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесің?

2.Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар?

3.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

4.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

5.Дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыстардан айырмашылығы неде?

«Кім жылдам?»ойыны

Сыныптағы жасырын әріптерді оқушылар тауып алып, олар қандай дыбыстар екенін айтады.

Көру диктанты

Бөрік, бала, тақия,киім,шапан,оқулық,мәсі.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Әдептілік

Омар мен Арман мектепте бірге оқиды. Бір күні олар жолда кішкентай мысықтың баласын көрді. Марғау анасынан қалып қойыпты. Балалар кішкентай марғауды жолдан алып өтті. Омар мен Арман мысықты жолдағы дүкенге кіргізіп кетті. Дүкенші марғауға сүт берді Балалар өз істеріне риза болды.



  1. Кейіпкерлердің атын жаз.

__________________________________________________





  1. Балалар марғауды қайдан көрді?

__________________________________________



3. Балалар марғауға қалай көмектесті?

____________________________________



4Shape1 . Оқиғаны ретімен көрсет

ДShape2 үкенші марғауға сүт берді.

ОShape3 лар бір мектепте оқиды.

БShape4 алалар риза болды.

Марғау анасынан қалып қойды.



Оқулықпен жұмыс /16-17 бет/

Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.

- Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.

- Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі. Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.

Дәптермен жұмыс

1нұсқа дизайнер,2 нұсқа тігінші сөзіне дыбыстық талдау жасау.

(өзара бағалау)







Слайдпен жұмыс









Дәптермен жұмыс











Үлестірмелі материал







Оқулық пен жұмыс дәптерлері, үлестірмелі қағаздар






Үлестірмелі материал (суреттер)






Үлестірмелі материал (кесте )










Сабақтың соңы

5 мин

  • Рефлексия

  • + Мен ................ үйрендім.

  • -Маған .............. қиын.






Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады.



Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
683
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі