Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен елімнің болашағын қалай көремін және ол үшін не істей аламын?

Материал туралы қысқаша түсінік
болашақ, бағдар, кішкентай іс-әрекеттер және үлкен қадамдар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен елімнің болашағын қалай көремін және ол үшін не істей аламын?


Сонау біздің заманымыздан бұрын, тайпалық бірлестікте өмір сүріп, кейіннен алтыншы ғасырдың ортасынан бастап түркі мемлекеті қалыптаса бастады. Қаншама ғасырлар ағылып, жылдар жылжыған кезде, түркі тілдес мемлекеттер қазіргі таңда өз тәуелсіздіктерін алғанымен белгілі. Солардың ішінде біздің еліміз – Қазақстан да бар. Республикамыз дәл осы күнде бейбіт болып, тыныштықта өмір сүріп келеді. Мемлекетіміздің егемендігі – қаншама ғасырлардың қиын да күрделі соққыларын кешуімен есте сақтаулы.

Биыл – тәуелсіз Қазақстанға 35 жыл! Еліміз егемендік алған сәттен бастап қазіргі таңға дейін әлеуметтік, экономикалық, тіпті барлық жағынан қарқынды даму үдерісінде келеді. Оған дәлел: Республика аумағындағы қалалардың дамуы мен жаңа мегаполистардың пайда болуы, мемлекетіміздің спортшылары әлемдік ареналарда көк туымызды бірнеше мәрте желбіретуі, ел ішілік және сыртқы қауіпсіздіктің, тәртіп пен қоғам бірлестігінің жоғары деңгейде болуы. Уақыт пен тарихқа зер салып қарайтын болсақ, халқымыз құлдырау шегінде тұрған жағдайлар бірнеше рет орын алған. Соған қарамастан, қазіргі таңымыздың уайымсыз атуы мен күніміздің тыныш батуы – ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы үлкен төзімділігі мен арманының арқасында.

Ендігі келер жылдарда, мемлекетіміздің болашағы менің көзіммен қарағанда қандай болмақ?! Жарыққа шыққанына жыл толмаған Жасанды интеллект (ЖИ) – еліміздің даму жолына әсер ететін басты фактор болары сөзсіз. Себебі, қазіргі таңның өзінде оның жасай алатынынан бөлек, жасауға қабілетті мүмкіндіктері ғалымдар мен IT- мамандар, тіпті қарапайым халық арасында өзектілігін ұстап тұр. Егер де Республикамыз осы мәселеде жақсы жұмыс істеп, ЖИ- ді өз пайдасына жарамды ете білсе, жаңа технология елімізді жаңа бағытта алға сүйреуі ғажап емес. Одан басқа, еліміздің болашағы үшін сандық даму қажеттілігі орасан зор. Жас жеткіншектерімізді барынша сандық сауаттылыққа үйрете бергеніміз жөн. Өйткені, қазіргі таңда көптеген даулы мәселелер соғыспен не күшпен емес, ақылмен шешіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Болашақ – білімді жастардың қолында» деп айтқандай, бүгінгі таңда жастардың технологияны меңгеріп, ел дамуына үлес қосуы, жарқын болашақтың кепілі. Тағы бір жағынан қарайтын болсақ, білімге бай адамдар, әсіресе бағдарламашылар, IT- мамандары мен технологтар кез-келген салаға қажет. Мысалы, мұнай өндіру кезінде: жерден шыққан мұнайдың көлемін есептеген кезде, оны әр салаға әртүрлі мөлшерде бөлу барысында осы мамандар керек болады. Тағы бір нұсқа, баспа басылымдарында: белгілі бір уақыт аралығында, белгіленген мөлшерде шыққан немесе жоспарға қойған газет, кітап және басқаларының есебін сандық жолмен шығару жұмыстарында қажеттілік туындайды. Сағат тілі сырғыған сайын жаңа мүмкіндіктер есігі тоқтаусыз ашылуда. Сол себепті, алдағы уақытта мамандықтың түрлеріне қарай сұраныс бағанасы күрт өзгеретіндігі сөзсіз. Жастарымызды өткенмен не бүгінгі күнмен ғана емес, ертеңімен өмір сүруді де үйреткеніміз жөн деп есептеймін. Себебі болашақ – жас буынның қолында!

Өзім айтқан өскелең ұрпақтың қатарында мен де бармын. Ендеше, мен дәл осы тұста еліміздің келешегі үшін не істей аламын? Ең алдымен, әрбір азаматтың Отан алдындағы басты міндеті – білім алу және алған білімін ел игілігіне жарата білу деп ойлаймын. Себебі, мемлекеттің дамуы табиғи ресурстармен ғана емес, адамның әрекетімен де өлшенеді. Ұлы ойшыл Әл-Фараби өз еңбектерінде білімді, парасатты қоғам ғана кемел мемлекет құра алатынын атап өткен. Оның ойынша, ақыл мен ғылым үстемдік құрған ел ғана өркениетті жолмен алға басады. Бұл пікір қазіргі Қазақстанның даму бағытына үлкен леп қояды деген ойдамын. Қазіргі жаһандану дәуірінде білімді, саналы, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жастар – елдің негізгі қозғаушы күші. Сондықтан мен өзім таңдаған салада терең білім алып, заманауи технологияларды меңгеруге күш салуым қажет. Сонымен қатар, цифрлық даму мен жасанды интеллект дәуірінде тек білім алып қана қоймай, оны дұрыс қолдана білу де маңызды. Менің ойымша, ЖИ- ді тек тұтынушы ретінде емес, оны дамытушы, басқарушы деңгейіне көтеру – келешек толқыннаң басты мақсаты болуы тиіс. Бұл үшін бағдарламалау негіздерін меңгеру, жаңа технологияларға бейім болу, үздіксіз ізденіс пен өзін-өзі дамыту қажет. Осындай қадамдар арқылы мен еліміздің технологиялық тәуелсіздігіне өз үлесімді қоса аламын. Бұдан бөлек, ел болашағы үшін қоғамға пайдалы болу – әр жастың азаматтық парызы. Еріктілік қызметтерге қатысу, экологиялық мәселелерге бейжай қарамау, қоғамдық тәртіп пен бірлікке үлес қосу да мемлекет дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Себебі дамыған ел – экономикасы мықты ғана емес, рухани құндылықтары берік, бір-біріне жанашыр азаматтары бар мемлекет. Тағы бір маңызды мәселе – ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамыту. Жаңа технологиялар мен жаһандық үрдістерге ілесеміз деп, өз тілімізді, мәдениетімізді, тарихымызды ұмытпауымыз қажет. Мен болашақта қай салада жүрсем де, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, ұлттық болмысымызды дәріптеуге тырысуым керек деп есептеймін. Өйткені өткенін құрметтеген халық қана жарқын болашаққа сеніммен қадам басады.

Қорытындылай келе, еліміздің болашағы – тек мемлекеттің немесе биліктің ғана емес, әрбір азаматтың қолында. Мен Қазақстанның болашағын бейбіт, технологиялық тұрғыдан дамыған, білімді ұрпағы бар қуатты мемлекет ретінде көремін. Сол болашақтың бір бөлшегі болу үшін бүгіннен бастап жауапкершілік алып, білімге ұмтылып, елге қызмет етуге дайын болуым қажет. Себебі тәуелсіздік – аманат, ал сол аманатқа адал болу – менің және мен сияқты жастардың басты міндеті!





Эссе авторы:

Алматы қ-сы, Алатау ауданы, №201 мектеп-гимназиясының 11 “Б” сынып оқушысы – Байтөре Азамат

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12