Тақырыбы:
«Мен
-
елімнің ертеңімін!»
Мақсаты:
1. Мектеп,
білім, алғашқы қоңырау ұғымдарының
мағынасымен таныстыру.
2.
Балаларға Отанын, Атамекенін, елін,
жерін сүюге, патриоттық сезімге
баулу.
Көрнекілігі:
Суреттер,
буклеттер.
Барысы: І.
Кіріспе бөлім.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Сәлетсіздерме
құрметті ата-аналар, оқушылар! Сіздерді
бүгінгі
1-қыркүйек
«Білім
күнімен»
шын жүректен құттықтаймын. Құттықтай
отырып сіздерге зор денсаулық, ұзақ
өмір, қажымас қайрат тілеймін. Ал мына
жас жеткіншектерге, алғаш мектеп
табалдырығын аттаған мерекелерің құтты
болсын! Тарыдай болып кірдіңдер, енді
осы мектептен таудай, қанаттарың талмай,
білімді, тәрбиелі үлгілі азамат болып
шығуларыңа тілектеспін.
ІІ. Негізгі
бөлім.
- Балалар
бүгін біз сендермен «Мен
-
елімнің ертеңімін!»
атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
- 1-қыркүйек
«Білім
күні». Бұл
мектеп оқушыларының мейрамы. Әсіресе
мына сендердің мейрамдарың. Бұл күн,
ойландыратын және естен кетпес күн.
Ұзақ, қызықты да, жаңалықтарға толы
мектеп өмір жолында кезекті қадамдар
жасалатын күннің бірі.
- Балалар,
сендер Отан, Қазақстан деген ұғымды
білесіңдер ме?
- Отан-дегеніміз
ол сендердің ата-аналарың, ата-әжелерің,
бауырларың, ауылың, ұстазың, мектебің
т.б.
- Қане
балалар Отан туралы мақал білесіңдер
ме?
- Отан оттан
да ыстық.
- Қазақстан
деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
- Қазақстан
дегеніміз- ол сенің Отаның. Сен осында
туып-өстің, ер жеттің, міне мектепке де
келдің. Ал мынау Қазақстан картасы деп
аталады. Онда көп ұлт өкілдері тұрады.
- Қандай
ұлттарды білесіңдер?
- Орыс,
өзбек, қазақ т.б.
- Біз қандай
ұлт - өкіліне жатамыз?
- Біздің
ұлтымыз қазақ.
- Қазақстан
туралы қандай тақпақ білеміз?
Аяжан:
Сүйесің
ғой даланы,
Гүл
жайнаған алабын,
Білесің
бе сен бірақ
Қазақстан
жалауын
Қазақстан
республикасының астанасы қай қала, кім
біледі?
- Астана
қаласы
- Астана
қандай қала?
- Өте үлкен,
әдемі , әсем қала.
Онда үлкен
зәулім үйлер, зәулім сарайлар, Бәйтерек
бар екен.
Иә, мен
сендерге енді осы Бәйтерек туралы
ертегі айтып берейін: Ертеде «Самрұқ»
деген құс болыпты. Самрұқ құс жылына
бір рет қана жұмыртқалайды екен. Самрұқ
құс дүниеде сирек кездесетін ағаш
«Бәйтерек» ағашына барып жұмыртқалайды
екен. Осы алтын жұмыртқасы бар бәйтерек,
Елордамыз Астананың символы ретінде
зәулім «Бәйтерек» тұрғызылған.
Астана
туралы қандай тақпақ білеміз?
Асылайым:
Алматы
- бас қала
Астана
– жас қала
Бірі
ай, бірі күн
Өзім
мен мақтанам!
ІІІ.
Қорытынды:
Қазақстан
Республикасы, оның астанасы, қандай
ұлт-өкілдері тұратыны туралы бірнеше
мағлұмат алдыңдар. Бұдан әрі білімдерің
шыңдала түседі деген ойдамын. Қазақстан
Республикасының ертеңгі болашағы мына
сендерсіңдер жас жеткіншектер!