«7-мамыр 2 «б» сынып
ұлдары»
Мақсаты: Денсаулықтың қымбаттылығын,
өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екендігін түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ептілік және жылдамдық ,
шыдамдылық қасиеттерді дамыту..
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Дей отырып ал енді ортаға ұлдарымызды
шақырамыз.
Қиянатқа
бармайтын,
Қыран құстай
самғайтын.
Әрбір қазақ
жігіті,
Айтқанынан
танбайтын!
Жүрегінде жалын
бар,
Өн бойында дарын
бар.
Біздің қазақ
жігіттер,
Жанған оттай
жалындар!
Жүргізуші: Ал құрметті жарысқа қатысушы топтар сіздерге сәттілік
тілеймін. Сіздер бүгін өздеріңіздің шапшаңдықтарыңызды,
ұйымшылдықтарыңызды, ойшылдарыңызды, ептіліктеріңізді көрсететін
боласыздар.
Ал құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер Әділ қазы алқасы Әділ
баға беріңдер. Сайысты бастамас бұрын қара қылды қақ жаратын әділ -
қазылар алқасымен таныс болайық.
1.
Психолог:
2. Әдіскер:
Жарыс: 8- бөлімнен тұрады.
1. «топ
таныстырулары» әр топ басшылары ортаға шығып, өз тобының атын,
ұранын, эмблемасын, таныстырып қорғап өтеді.
Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай
Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз.
Нұсқаушы ырғақты әуенмен дене
қыздыру жаттығуларын жарысқа қатысушылармен бірге орындайды.
2. «Кім
шапшаң?» кедергілер арасымен
жүгіріп, кішкентай допты дәл түсіру.
Салауатты өмір сүрудің негізі. Денсаулықты жақсарту үшін дұрыс өмір
сүру қалпын қалыптастыру керек.
Денсаулық - баға жетпейтін асыл дүние. Әрбір адам өз денсаулығының
мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі
көтеріңкі болып, еңбекке құлшына кіріседі.
Ендеше зиянды әдеттерден аулақ болып салауатты өмір салтын
қалыптастыру.
3.
«Кенгуру» Қаппен межеге дейін секіріп
барып жерде жатқан шығыршықты бастан асыра киіп, қайта қаппен топқа
дейін секіріп келуі керек.
4.
«Такси»Топ басшысы шығыршықты бастан
асыра беліне киіп, жүргізуші болып, топтағы ойыншыларды 1 - 1леп
аялдамаға тасу керек.
5. «Жыланша
жүгір» ең алдымен топ басшысы
кеглилер арасымен жүгіріп келеді содан соң топтағы ойыншыларды 1 -
1 ден қоса жыланша ирелендеп қолдарын үзбей жүгіріп өту қажет.
6. «Допты түсіріп
алма» ойыншылар берілген допты
тізелерінің арасына қыстырып секіріп белгіленген орынға дейін жетіп
кері қайтулары керек.
7. «Ептілер
сайысы» ойыншылардың қолдарына
теннисни шарды ракеткамен жоғары соғып кедергілер арасымен жүгіріп
айналып командаға кері қайтып келесі ойыншыға беру.
8. «Күштілер
сайысы» Соңғы әрі шешуші бөлім. Бұл
бөлімде сайыскерлер тобы қарама-қарсы тұрып арқан тартыс ойыныңа
қатысады.
Жүргізуші:
- Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың қорытындысын шығарып
жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөзі әділ - қазылар алқасына
беріледі.
Марапатталады:
1. орын Қыран
2. орын Сұңқар
3.орын Тұлпар
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың
кепілі - салауаттылық. «Дені сау адам – табиғаттың
ең қымбат жемісі » сайысы осымен
аяқталды. Балалар сайысқа қатысқандарыңыз үшін
рахмет ,келесі кездескенше сау
болыңыздар