400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен есрткіге қарсымын" тақырыбындағы үндеу

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мен есрткіге қарсымын" тақырыбындағы үндеуімді жасөспірімдер мен мектеп оқушыларына арнаймын. Өмірге деген құлшыныстарын ояту мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен есірткіге қарсымын» атты үндеуім



Мен, Умирбеков Бекжан Қайратұлы, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы №274 мектептің 9 «В» сынып оқушысымын. «Мен есірткіге қарсымын» тақырыбындағы үндеуімді, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тұтыну мен таратуға қарсы тұруын дамытуды қолдау үшін жолдаймын.

Құрметті бауырлар, достар, отандастар, мен елімнің болашағын ойлайтын саналы ұрпақ, өмірге деген құлшынысы зор тұлға ретінде, жасөспірімдерді салауатты өмір сүруге шақырамын. Осы уақытта белең алып отырған қоғамдағы қауіпті дүние – нашақорлық , есірткіге әуестік болса, соны көре тұра біздер араша болмасақ, одан асқан қорлық бар ма ?!

Қазіргі таңда жастардың насыбай, шылым, темекі, апиын ,арақ-шарап сияқты зиянды заттарға әуестенуі, олардың бос уақытының көп болуы және « тамағы - тоқтық, киімі - көктік аздырар адам баласын», - демекші көпшілік жастардың спортқа ден, қоймауынан, жеңіл өмірді қалайтындығынан деп ой түйдім.

Ең жаман қасиеттер – зорлық-зомбылық және ұрлық – қарлық барлығы осындай жаман әдеттерге әуестенген пенделерден шығады. Сондықтан да барлық жастарды, қазақ бауырларымды спортпен шұғылдануға шақырамын. Дендерінің саулығын тілеймін. Қазақстан мемлекетінің озық елдер қатарынан болуын тілеп, сол озық елді жасаушы біздер, жастар екенімізді естеріңізге салғым келеді !

Сонымен қатар, ата – бабамыздн берілген асыл қасиеттерімізді жоғалтып алмайық , - деп

  • Батырларымыздың алып берген егемендігі біздерге аманат!

  • Асыл аналарымыздың ақ сүтін ақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу, біздерге аманат!

  • «Аманатқа қиянат жасамау» барлығымыз үшін аманат!

  • Салауатты өмір салтын ұстану барлығымыз үшін аманат !

  • Спортпен оян!

  • Дұрыс тамақтан, тазалықты жаныңда ұста !

  • «Өз жаныңды жаттай тұт» !

  • Өмірдің қызығын көріп, бағалай білу өз қолыңда екенін ұмытпа!

Мен , осы үндеуім арқылы өз ойымды және ойы жетік, санасы уланбаған достарымның ойын жеткіздім деп білемін.



Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы №274 мектептің 9 «В»сынып оқушысы Умирбеков Бекжан Кайратович





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі