Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен ғарышкер боламын

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғарышкерлер туралы ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыптық : «Мен ғарышкер боламын»

Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорларын байыту, 12-ші сәуір ғарышкерлер күні туралы

түсінік беру, айналаны қоршаған орта жайында  білімдерін кеңейту, үлкендердің

еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, көңіл-күйді көтеру, сурет бойынша әңгіме, ойын, сұрақ-жауап, қорытынды.

Көрнекілігі: слайд бойынша тақырыпқа байланысты суреттер, ғарышкерлер суреттері


Коршаған ортамен танысу

коммуниактивтік дағдыларын дамыту.




















Коршаған ортамен танысу

коммуниактивтік дағдыларын дамыту.















Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады).

:Шаттық шеңбері.

Мақтанышы даламның,
Байқоңырдың құшағы.
Ұрпақтары ғаламның
Осы жерден ұшады.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?
- Көктемнің неше айы бар?
- Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?
- Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.
- Балалар аспаннан нелерді көруге болады?

. Балалар, айтыңдаршы, ай жұлдыз планета зымаран бәрін көреміз.
(балалардың жауабы ). ия
Тәрбиеші:
- Дұрыс айтасыңдар. Мұғалім, дәрігер, , жүргізуші, , дүкенші, шаштараз тағы басқа көп мамандар бар екен. Әрбір мамандық адамзатқа өте қажет екен.
Мысалы: дәрігер-адамдарды емдейді, мұғалім-балаларды оқытады, жүргізуші – көліктер жүргізеді, өрт сөндіруші – өрт сөндіреді.
Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер
- Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?
- Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар

Тосын сәт.
Аспан әлемінен қонаққа Ғарышкер келеді.

Балалар мені танысыңдарма мен кім боламын .

Балалар: Ғарышкер
Ия балалар мен мен бірге Ғарышқа барғыларың келеме

олай болса менің қасыма жақындап турыңдар мына ғарыш

кемесімен аспан әлеміне саяхатқа апарады.

(Зымран макетің қасына шеңбер болып турады )
- Біз, қазір балалар, аспан әлеміне барамыз. Кәне, барлығың еркін отырып, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа аспанда ұшып жүргендей болып елестетіңдер енді көзімізді ашамыз .


Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз.

Слайд арқылы әңгімелеу. (суреттерін көрсете отырып)
Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол- Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.

Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол «скафандр» деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен. Балалар біздің жер бетіне оралатын уақтымыз болды көзмізді жұмып шеңбер болып тұрайық .

(Топқа оралу)

Балалар кішккене болсада ғарыш әлемі туралы түсінік алдық

Ғарышкер: - менің де сенімен қоштасатын уақыт болды.

Балалармен қоштасады. (Гарышкер топтан шығып кетеді )


Коршаған ортамен танысу

коммуниактивтік дағдыларын дамыту.











Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.

1991 жылы ғарышқа Қазақстаннан алғаш рет қазақ ғарышкері ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ұшты. Екінші болып Талғат Мұсабаев ұшты. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы. Ал 2015жылы 12-і қыркүйекте Айдын Айымбетов ағаларың аспан әлеміне жол тартты.Яғни ғарышқа ұшқан үшінші қазақ азаматы.



















































- Балалар, сендер ғарышкер болғыларың келе ме?
- Балалар, кәне бойымызды жазып сергіп алайық.

Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.

Д\Ойын: « Аспан әлемін құрастыру»
шарты:Қима суреттерден аспан денесін құрастыр .

Д\Ойын: «Зымыран көлеңкесін »
Зымыран көлеңкесін табу зымран туралы әңгімелеу.


Қорытындылау.
Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін пысықтау.
- Балалар бүгінгі күн қалай аталады?
- Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?
- Біздер қандай ғаламда тұрамыз?
- Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?
- Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?
- Қазақ елінен кім ғарышкерлер ғарышқа ұшты?
- Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?
- Неге арнайы киім киеді?

Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар, ғарышкер болуды армандайтын бала жоқ шығар?

Ал ол үшін білімді, зерек, күш – қайраты мол азамат болып  өсулерің  керек. Өйткені, ғарышқа кез келген адамды ұшыра бермейді. Сол үшін апайларыңды тыңдап,тәртіпті,шыныққан бала болуларың керек. Тоқтар ағаларың, Талғат ағаларың сияқты Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болуларыңа тілектесп

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімі туралы;

Түсінеді: Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан орыс азаматы Ю.Гагарин, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәліметтерді;

Қолданады: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемелерінің ұшатындығын, ғарышкерлердің арнайы дайындықтан өтетіндігін,

олардың арнайы киімдерінің болатындығ







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2025
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11