жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен жалындап өтемін!
Мен жалындап өтемін!
Қарағанды облысы
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп—интернаты»КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Адрейсова Шынар Ардашқызы
Ұлттық өнерді насихаттау.Балқашқаласындажыл сайын «Мектеп күні»өтеді.Сол мектеп күнінің бір бөлімі ұлттық өнерді оның ішінде театрөнерін насихаттау,қалыптастыру болып табылады.ЮНЕСКО көлемінде туғанына135жыл толып жатқан түркіәлеміне танымал Мағжан Жұмабаев өміріне арналды.Негізі мақсат болашақ ұрпақ ақынның өмірі мен шығармашы лы ғын білу,тарихымыздыкөздің қарашығындай сақтау.Мектеп-интернат оқушылары «Мен жалындап өтемін!» атты әдеби театрлық қойылым қойды.
Сіздерге сол қойылымның даярламасын ұсынамын.
Тыңдашы тағдыр фильмінен
алынған.
1 - жүргізуші:
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық
жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от
беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ
ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне
көтерді.
1-бөлім Абақты: Мағжан жерге отырады.
Шынымен бәрі бітті ме,мені шынымен ата ма?Сенгім келмейді.Шынымен мен қадір тұтқан нәрсенің бәрі мына төрт қабырғада үзіле ме? Менің туған халқыма берерім көпеді.Мүмкін тағы жыл кесер.
Абақтыда айдан, күннен
жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды
сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп
зарлаған
Алыстағы сорлы анамды
сағындым.
Алтын Күнді, қара жерді
сағындым,
Жан жолдасым – жүйрік желді
сағындым.
Асау тайдай еркелетіп
өсірген,
Ағайынды, туған елді
сағындым.
Ата мен бала шығады.Музыка халықтық /қазақша күй қойылады/
Бала:Ата,менің Отаным-Қазақстан!Мен қазақ болып туылдым.Қазақстан Евразиядеген материктің кіндігінде орналасқан.Евразия жүрегіне айналған өжет елдің мекені.Қазақ жері аңсаған егемендігін алған сәтте туы биікке көтеріліп,ел болашағын ойлайтын жастар көбейе бастады.
Ата,қазақ халқының егемендігін ең алғаш түркі халқы мойындаса,қазір күллі әлем таниды.
Ата: Қазақ елі ежелден ешнәрседен тайынбаған,ешкімге мойынұсынбаған қайсар ел.
Бала: Ата,қолыңыздағы не?Не нәрсе?
Ата:Мағжан,бұл туған жерімнің топырағы.Сен бұл топырақтан жаралдың,
Топырақтан нәр алдың.
Топырақ-обалың,топырақ тылсым күш,
Топырақ о дүниеде де жылытады
Топырақ-тағдырың
Туған жер топырағы бабаңның сүйегі
Бәрі осы топырақ,қадірін біле біл,балам
Бір уыс топырақты сатып байыған тексіздер,
Жапырақ жаным,қасқа қаным қас.
Бір уыс топырақ киелі,сен соны ұмытпа,жеткіншек
Бәрі осы топырақта туған.Бәрі осы бір уыс топырағын қызғыштайтай қорғаған.Е,балам осы топырақты туған жердің киесі деп,Батыр бабамыздың ізі деп,атамның сөзі деп,қай жерде жүрсең де,жадыңда ұстап ал деп саған тапсырам.
Мағжан: Ата тұмар қылып мойныма тағып алайын.
2-бөлім
Күн туралы өлең үнтаспадан оқылады./фон күн туралы/
Бала жүгіріп шығып айқайлап шыр айнала жүгіреді.
Бала:Бұл менің жерім,менің елім,о туған жер,менің далам.
3-бөлім
Балалар жүгіріп
келеді.
Бір бала: Мағжан фарсы тілінде шығарған кешегі өлеңіңді оқып берші.
Мағжан:Жарайды оқып берейін.
Сахарға гомон бор
Расу тобе мор
Нәссе фу нагор
Гулдер де ослар
Ұстаз келе жатыр,жүріңдер.Бәрі кетіп қалады.
4-бөлім
Орыс семинариясы.Балалар отырады.
Мұғалім: Спасибо ,садитесь.
Газет акеп береді.Мұғалім парақтап қарайды.
Мұғалім:
Мағжан орныңыздан тұруыңызды сұраймын,бермен келіңіз.Мынау «Қазақ» газетіне сіздің тырнақалды туындыңыз шықты.Жаухар жырларыңыздың жарық көруімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.Бір өлеңіңді оқып жіберіңізші
Мағжан:
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,
Жер еркесі - желдің жөнін кім сүрар?
Көкте - күнмін, көпке нүрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын,
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракек,
Ерігемін - толқып, шалқып, тасамын.
Жалынмын мен, келме жақын, - жанарсың,
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Барлығы шапалақтайды.Мағжанды барлығы құттықтайды.Мағжан сыртқа шығады.
Мағжан қолында кітап шығады.
Мағжан: Бүгін мен үшін ең қуанышты күн,менің алғашқы өлеңдерім жарыққа шықты.
Қызға иықтары соғылып қалады.
Мағжан кітапты қолына алып иіскеп,өлең оқи бастайды.
Су ақты, жетті апрель, қырдан
ойға,
Секіріп арық-тұрақ кетті тойға.
Жас бала: «Жазғытұры туды»,- десіп,
Жабағы, көтерем тай, ақсақ қой да,
Қуанып жан-жануар, алшаң басып,
Қалмады қайғы-уайым ешбір ойда,
Нұрлы күн алтын нұрын шаша бастап,
Шықсын деп қысқы ызғар өткен бойға.
Су ақса, тау жаңғырар сылдыр қағып,
Дәл сұлу бұраңдаған шолпы тағып.
Түрме 7.12 –фон
5-бөлім
Жиналыс кезі .
Хатшы сөйлейді Сөз кезегі президиум секретарі жарыссөзді Әлихан Бөкейхановқа береміз.
Ә.Бөкейханов: Мен бүгін «Алаш» партиясының бағдарламасымен таныстырғым келеді.Бағдарлама 10 тармақтан тұрады.
1Мемлекет қалпы 2.Жергілікті бостандық
3.Негізгі құқық 4.Дін ісі 5.Билік һәм ісі
6.Ел қорғау 7.Салық 8.Жұмысшылар 9.Ғылым білім үйрету 10.Жер мәселесі
Сонымен қатар елге мәлім ақын Мағжан Жұмабаевты қазақ тілін даярлайтын комиссия құрамына қабылдауыңызды сұраймын.Шапалақ соғылады.Мағжанды құттықтайды.
Мағжан мен Зылиқа келе жатады.Би кетеді.
Мағжан:Міне, бұл кітап қазақ мұғалімдерінің қолынан түспейтін болады.Зылиқа білесің бе? Алты алаштың баласы бас қосса, төр - мұғалімдікі.
Зылиқа:Жарайсың ,Мағжан бетінен сүйеді.
Зылиқа: Мағжан сенің қуаттың, бойға жігер, жүрекке от береді.
Мағжан:Мен сондай бақыттымын./Екеуі айналып вальс билейді/.
Фон 30 минут.
Үйге кіреді.Мағжан отырады.Зылиқа жұмыс жасап жүреді.
С
үй, жан
сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін,
Патша тағы, бүкіл дүние малына.
Зылиха:-Мағжаным жүр,түні бойы өлең жазың,әлденіп ал, тамағыңды іш.
Мағжан:-Далада не болып жатыр?
Зылиха:-Бүгін мереке ғой.
Есік ашылып екі солдат кіреді.
Солдат:-Мағжан Жұмабаев сіз боласыз ба?
Мағжан:-Иә,не болып қалды?
Солдат:-Сіздің үйіңізге тінту жасаймыз.
Біреуі кітаптарды ақтарып қарай бастайды.
Екінші солдат:-Ал,сіз бізбен бірге НКВД ға барасыз.
Зылиха:-Не дейді жаным-ау.Кетпеші Мағжаным.
Зылиха құлап бара жатқанда Мағжан ұстай алады.
Музыка ойналады.
Мағжан темір тордың ішінде отыр.
Мағжан:- Расында бәрі бітті ме? Шынымен мені ата ма?
Сенгім келмейді.
Шынымен мен қадір тұтқан,мен үміт артқан нәрсенің бәрі мына төрт қабырғаның ішінде үзіле ме?
Менің әлі туған халқыма берерім көп еді,мүмкін тағы да жыл кесер.
Өлең оқылады:
Есік сылдырлап ашылады да солдаттар кіреді.Мағжанға қағазды ұстатып:
Үкім шығару.
«Подпиши я тебе сказал Я тебе даю последнюю возможность искупить вину
- Подписывай
-А ну поджарьте эту скотину , ( Крики) теперь ты у меня всё подпишешь
- Не поодпишуу
- Подсудимый Магжан Жумабаев обвиняемый в пантюркизме национализме , приговаривается к 10 годам лагерей особого назначения»
Мағжан өлең оқиды:
«Мен жастарға сенемін»
Видео.
Өлең Жібек. Би
Монолог:Зылиқа:
М
енің
сүйікті Мағжаным,мен саған жеткенше асықпын.Тіпті саған құс болып
ұшуға дайынмын.Бар ойым өзің жайлы сен онда қалайсың?Денің сау
ма,біздің барлық жақындарымыз бізден теріс айналды.,мен әбден
түңілдім.Олар маған көмектеспек түгілі,сөйлескісі келмейді.Мен әлгі
адамдардың шын жүзін көрдім.Сүйіктім саған 14 рет жолығуға
барам.Сені көрем деген бақыт құшағына
енемін.
Абақты :
Зылиқа: Мағжан Жұмабаев тізімде бар ма?
Күзетші:Мұнда жоқ
Зылиқа:Қалайша,мүмкін емес.ОЛ осында қарп көріңізші.Тізімді бір қараңызшы.
Күзетші:Айттым ғой,тізімде жоқ.Жоқ,мазамды алмаңыз
Зылиқа:Бұл бір қате шығар,өтінемін қараңызшы.
Күзетші:Жоқ,қайтыңыз үйге.Кетіңіз жоқ.Жоқ мұнда.Уақытты алмаңыз,бөгет жасамаңыз.
Күзетші: Келесі кім?
Бөтен әйел:Иманбаева
Монолог Зылиқа.Кездесудің сәті түспеді,сеннен мүлде хабар жоқ.
Расында бәрі бітті ме?,шынымен мені ата ма?
Зылиқа абақты түрмесінен көреді.
Зылиқа:Мағжаным,арысым,сені де көретін күн бар екен.Жеттім гой бұл күнге.Мені есіме алып жүр.Орамал береді.
Елім деп еңіреген ерім,еш уақытта еңбегің елеусіз қалмайды. Жырларыңды аңызға айналдырып, өшпес ерлігіңді келер ұрпақ ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды.Мен оған сенемін,Мағжаным
Мағжан:
Бірде шаттық, бірде мұң жетпегі жоқ.
Қош, сөулем, бермен қара, сорлыңды көр
Амандас, мен кетейін, қолыңды бер.
Алдымда құшақ жайып қарсы алатын Сүйген жарым -
мейірімді ол қара жер!
Маған қарағанда сен бақыттырақсың,мен түрмеде,сен
еркіндікте.
Зылиқа:
«Мінезі баладай, тілі балдай еді. Адамға қайырымды, кешірімді, қалтқысыз жан еді… Білімді, алғыр, ойшылым.Сен беріспе біздің махаббатымыз бәрін жеңеді.
Мағжан қанмен жазады.
Музыка жай қойылады.Өлең оқылады.
Сұм өмір, сұлу дүние, алдадың
ба?
Тән арып, тамырда қан қалмадың
ба?
Жалған үшін жан қиып, жапа
шектім,
Еңбегім, екі болып, жанбадың
ба?
Жайшылықта жан қиған, жақын
дүние,
Талып тұрсам, назарың салмадың
ба?
Ортекедей орғытып, оққа
жығып,
Жалмауыз жауыз жалған, жалмадың
ба?
Күзетшілер Мағжанды алып
шығады.
Арсыз нәсіп, армансыз алдадың
ба?
Қайрымсыз қанжығаңды қандадың
ба?
Қомағай қорқау ажал, қойның
ашып,
Қапа мен қайғыға қол жалғадың
ба?
Алдандым, алжастырдың,
аңғырттандым,
Ақылсыз аңқау басым, андадың
ба?
Қимас дос, қыспақта боп, жылаттың
ба?
Қайғымен қан жұтқызып, сұлаттың
ба?
Қасіретті қасапшының
ешкісіндей
Құрым іліп, құдыққа құлаттың
ба?
/Мылтық дауысы/
/Выстрел/
Құбылдың, құйқылжыдың, Құртқа
дүние,
«Қызықпаймын» десем де, шыдаттың
ба?
Дархан өлең оқиды «Мен жастарға сенемін».
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген