Б.Жұмалиев
атындағы орта мектеп
Психологиялық
тренинг
Тақырыбы:
«Сенімділік
– жетістіктің бастауы»
Мектеп
психологы: Н.Жуманова
«Сенімділік
– жетістіктің бастауы» психологиялық
тренинг
Өзгеріп
жатыр дүние, өзгеремін өзім де,
Аталғанмен
есімім, білдірер атым өзімді
Мен
жалғыз емеспін. Біз көппіз.
Мен
тірімін.
(Н.Заболоцкий)
Тренингтің
мақсаты:
1.
Мұғалімдердің өзін-өзі тани білудің
негізгі шарттарымен таныстыру, өзін
бағалата отырып, өз бойындағы сапалық
қасиеттерді дамыту.
2.
Өзіне-өзі сенімділікті және кез келген
жағдайда жақсы бейімделуге дағдыландыру.
3.
өз құндылықтарын және жағымды «Мен –
тұжырымдамасын» қалыптастыру.
4.
Педагогтардың ішкі әлемін қалыптастыруға
ықпал жасау, ішкі психикалық күшін
дамыту, кәсіби өзіндік саналауын кеңейту,
кәсіби қызметте жетістікке жету.
5.
Өз бетінше шешім қабылдай алатын,
бәсекеге қабілетті толыққанды дамыған
тұлға қалыптастыру.
Әдістемелік
жарақтау:
«Менің жағдайым» бланкалары, фломастерлер,
ватмандар, қарындаштар, қағаз,
Тренингке
қатысушылар:
орта мектептің мұғалімдері
Тренингтің
барысы:
1.
Сәлемдесу салты
Жеке-даралықтың
көп түрлілігі және өзара іс-қимыл
процестерінде жеке тұлғаның қасиеттерінің
мәні туралы оқушылардың білімдерін
өзектендіру «Бір күнгі танысыңа, қырық
күн сәлем» дегендей? Біз бүгін Қатысушылар
бір-бірімен дәстүрден тыс амандасудың
түрлерін көрсетеді:
•
Бір-біріңе күлімсірей қарап, алақанның
ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу.
•
Оң жақ, сол жақ тізелерін түйістіру
арқылы сәлемдесу.
•
Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп
сәлемдесу.
•
Маңдайларын бір-біріне тигізіп амандасу.
5 мин.
2.
Танысу
Топтың
жұмысы ережесі:
Біртұтас жұмыс кеңістігін қалыптастыру.
Сана-сезім шабуылының әдісі:
«Қазір
және мұнда» ережесі, шынайы болу, сөзді
және әрекетті бағалауға болмайды,
жауапкершілік ережесі, тыңдап ал, содан
кейін айт ережесі, белсенді бол. 3 мин.
3.
Негізгі бөлім.
а)
«Поезд» жаттығулары Психологиялық және
физикалық қобалжулықтан арылу, дұрыс
пікір қалыптастыру Ойын шеңберде
өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп
саналу керек. Бірінші қадам – алақанмен
шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату.
Екінші қадам – екі шапалақ, бір топылдату.
Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші
– екінші – бірінші – екінші жәнет.с.с
шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының
шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының
өн бойында қарқын үнемі тездетіледі. 2
мин.
ә)
«Сіздің ойыңыз қайда бағытталған?»
тесті
б)
«Өз-өзіне деген сенімділік» жаттығуы
Өзіндік анализ. Қатысушылар интерактивті
тақтадағы тұжырымдарға сәйкес келесі
түстерді таңдайды:
Жасыл
– иә, мен бұған сенімдімін.
Сары
– мен сенімді емеспін.
Қызыл
– бұл мен үшін мәселе.
Талқылау:
Егер
де түстер спектірінде жасыл түс басымырақ
болса –онда мұғалімдер өзіне сенімді,
мақсатқа бағытталғыш тұлға. Сары түс -
өзіне деген сенімділіктің жетіспеуін
білдіреді. Қызыл түс – индивидуалды
дамуына кедергі келтіретін мәселелер
барын білдіреді және өзіңе көңіл қоюды
талап етеді.
Нәтижесінде
ұжымда мұғалімдердің өзіне-өзі
сенімділіктердің деңгейін көруге
болады.
Қорытынды
бөлік.
«Менің
көңіл-күйімнің түсі» жаттығуы Көңіл-күй
жаңалықтарын сезіну.
Санамен
қозғау әдісі:
-
бүгінгі тренингте не нәрсеге үйрендіңіз?
-
не нәрсе есіңізде қатты қалып
қойды?
Қатысушылар
тренингтік жаттығудан алған әсерлерін,
сезімдерін, көңіл-күйлерін бейнелейді,
суреттейді.
Талқылау.
Әр қатысушы өз суретіне талдау жасайды,
сезімін айтады.
9.
Қоштасу
«Шырақ»
жаттығуы Тренингке қатысушылардың
қарым-қатынастарын үйлестіру Қатысушыларға
бір-бір шырақтан алып сол жақтағы
көршісіне тілек айтып, көршісінің
шырағын жағады.