«Мен және менің отбасым»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мен және менің отбасым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың отбасына деген қарым-қатынасын, ата-ананың,бауырларының отбасындағы міндеттеріне жеке тоқталып, өн бойына сіңіріп өсіру әрбір жеткіншек жас баланың алдына қойған басты міндеттері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің отбасым»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: отбасы мүшелері туралы түсініктерін кеңейту, «үлкен» және «кіші» деген ұғымдармен таныстыру.

Дамытушылық: суреттер арқылы отбасы мүшелерін көріп - есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, ойындар арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, жапсыруға арналған қағаздар, слайд.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Сәлеметсіңдерме балалар.

Сәлметсізбе.

Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті сәлемдесіп алайық.

Үлкенге де сіз, (оң қолын алға созады)

Кішіге де сіз. (сол қолын алға созады)

Барша жанды құрметтеп, (екі қолын кеудеге қояды)

Бас иеміз біз. (бас иеді)

Дефектолог: Қане, балалар қолымдағы тұрған күнді біз мейірбан, жан – шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.

ІІ. Өткенге шолу.

1− бұлт. Бір жылда неше мезгіл бар?

- Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз.

2− бұлт. Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс

3− бұлт. Қыста табиғат қалай өзгереді?

- Қар жауады, аяз, боран болады.

4− бұлт. Қыс мезгілінде балалар немен ойнайды?

- Шана, шаңғы, конькимен сырғанап ойнайды.

ІІІ. Күн ашылды.

Дефектолог: Осы жарқыраған күн мейірімі секілді, жан – шуағын төгіп, мейірімділігін беріп, жылы сөздерін аямайтын, еркелететін кімдер?.

- Ана, әке, ата, апа, аға.

- Дұрыс айтасыңдар балалар.

- Олай болса балалар , бүгін біз «Мен және менің отбасым» тақырыбында әңгімелейміз. Оларды атап шығайықшы? Ата, апа, ана, әке, аға, іні, қарындас, сіңілі, әпке.

Отбасы дегеніміз не? Қане балалар тақтадағы суретке назар аударайықшы. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері деп атаймыз. Суретке қарап отбасы мүшелерін атап шығайық. Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, іні, сіңілі, әпке.

Жарайсыңдар балалар.

Балалар ешшікм де туысқан−туғансыз, ағайынсыз болмайды. Кім болсада, адамнан тараған, ағашқа ұқсайды. Туыстар дегеніміз – сол түбірден өскен бір ағаштың бұтақтары тәрізді. Сол себептен ата – бабаларымыз «Туысым – түп тамырым» деп бекер айтпаған.

Ендеше, балалар сендермен ббірнеше тапсырмаларды орындайық.

І тапсырма: «Отбасы ағашы» ойыны.

Ойын шарты: Балаларға әр түрлі суреттер беріледі. Осы суреттердің ішінен отбасы мүшелеріне қатысты суреттерлі тауып, отбасы ағашының бұтақтарына орналасытру.

Дефектолог: Жарайсыңдар балалар бірінші тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Енді келесі тапсырманы орындайық.

ІІ тапсырма: «Өз үйіңді тап!» ойыны

Ойын шарты: Тақтаға үйдің суреті ілінеді. Ал балаларға үшбұрыш, тікбұрыш, дөңгелек, шаршы пішіндері беріледі. Суретке қарап осы пішіндерден өз үйлерін құрастырады.

- Балалар біз үйімізді нелерден құрастырдық?

- Геометриялық пішіндерден.

Дефектолог: Жарайсыңдар балалар екінші тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар. Енді келесі тапсырма бізде жапсыру.

ІІІ тапсырма: «Қазақ үй» жапсыру

Ойын шарты: Түрлі – түсті қағаздан ұлттық ою − өрнектер қиып дайындалады. Балалар қазақ үйге ою − өрнектерді желіммен жапсырып, безендіреді.

Дефектолог: Жарайсыңдар балалар!

- Сендер нені безендірдіңдер?

- Қазақ үйді.

- Мұнда кімдер тұрады?

- Отбасы мүшелері.

Дефектолог: Жарайсыңдар балалар үшінші тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар. Енді келесі тапсырманы орындаймыз.

IV тапсырма: «Үстел басына жайғастыру»

Ойын шарты: Балаларға отбасы мүшелерінен – ата, апа, ана, әкенің киімдері беріледі. Осы киімдерді киіп дастархан басына тәртіп бойынша жайғасады.

- Отбасында ең үлкені ата мен әже. Олар төрде отырады. Ал ана мен әке оларды үлкен деп сыйлайды. Сол себептен ата мен әжеден кейін есік жақта отырады.

Дефектолог: Жарайсыңдар балалар! Отбасында ең үлкені – ата мен әже. Ана мен әке оларды үлкен ретінде сыйлайды.

V тапсырма: «Кім немен айналысады?»

Ойын шарты: Үстел үстіне газет, тоқыма жіп, жөндеуге арналған заттар, ыдыстар қойылады. Балалар отбасында кімнің немен айналысатынын табуы керек.

Дефектолог: Отбасында ата немен айналысады?

Газет, кітап оқиды.

Әже немен айналысады?

Жіп иіріп, тоқыма тоқиды.

Әке немен айналысады?

Бұзылған заттарды жөндейді.

Ана немен айналысады?

Шәй құяды, тамақ жасайды, үй жинайды.

Дефектолог: Жарайсыңдар балалар! Бұл тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар.

Қорытынды: Балалар бүгін біз қандай тақырыпта сабақ өттік? Обасы туралы. Отбасы мүшелері кімдер екен? Ата, әже, ана, әке, аға, іні, қарындас, сіңілі. Отбасында ең үлкені кім екен? Ата мен әже, олардан кейін әке мен ана. Оларды сыйлап, құрметтеу біздің парызымыз. Бәрімізде балалар ата анамыздың құшағында бақытты өмір сүріп жатырмыз, солай емеспе? Олай болса бүгінгі отбасы жайлы сабағымыз аяқталды.

Бағалау: Жарайсыңдар балалар,бүгін барлығың сабаққа жақсы қатыстыңдар сендер өте ақылды, зерек балаларсыңдар. Мен барлық отбасыларыңа амандық, дендеріңе саулық тілеймін! Сау болыңдар балалар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2022
390
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі