Ұйымдастыру кезеңі
(5 мин)
|
Амандасу.
Түгендеу.
Ойланайық
пікірлесейік:
Отбасы жарастығы
дегеніміз не? Бақытты отбасы қандай
болады?
Тату отбасында қандай
қасиеттер
болады?
|
Оқушылар мұғаліммен
амандасады, түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша
орындарына отырады
|
Компьютер
|
Кіріспе бөлім
(5 минут):
|
Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында
сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік
болады. Бір - бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік
болады. Отбасында бір - бірімізді жақсы көрсек, бір - бірімізден
ешнәрсе жасырмасақ ең бақытты, ен тату отбасы
боламыз.
Отбасы татулығы Баяғыда бір үлкен отбасы өмір
сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып,
бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде,
татулықта өмір сүруі елді таңғалдырады. Оларда ұрыс-керіс,
дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның
құлағына да жетеді.
|
Ата аналарға қағ да
айтылады
|
Жазба дәптері
|
|
Отбасы татулығы Баяғыда бір үлкен отбасы өмір
сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып,
бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде,
татулықта өмір сүруі елді таңғалдырады. Оларда ұрыс - керіс, дау -
жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның
құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ - қарасын білгісі келіп,
ауылға келеді. Ауыл тап - таза, барлығы да жеткілікті, тыныштықпен
пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа
бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны
төрде, уайым - қайғысыз, балалары бақытты, мәз - мейрам екен. Бұған
патша таң тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату - тәтті
өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін
айтуын өтінді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет
«кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады. Үш
сөзді оқыған патша таңғалып: - Осы - ақ па? - Иә,- деді ақсақал. –
Барлық жақсы отбастары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де, сәл
ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып
қойды.
• Өсиет әңгіменің мәні
неде?
• Неліктен патшаны ұйымшыл
отбасы қызықтырады?
• Отбасының сыйластығына қалай
қол жеткізуге болады?
• Отбасының татулығы қандай
табыстарға жеткізеді?
• Отбасының татулығы,
бірлігі кімге, неге
байланысты.
• Әрбір оған жауапты
ма?
Неліктен?
•
Сендердің
отбасыларының татулығы мен бақыты қандай құндылықтар мен
қасиеттерден
құралған?
|
«Отбасы татулығы деген» аңызға
сый сыйлайды.
Отбасындағы жарасым негізі: «
сүйіспеншілік», «кешірім», « бірлік», « шыдамдылық» екенін
оқушылардың өздері пайымдауына бағыт
береді.
|
|
Негізгі бөлім (25
минут):
|
Плакатпен
жұмыс:
Оқушыларға отбасындағы әр отбасы
мүшелеріне А3 форматқа сипаттама жазу тапсырмасы беріледі, әр топ
өзінің плакатын
қорғайды.
Мен үшін ананың қымбат..
алақаны, жылы сөздері,
жүрегі
Мен үшін әке.. асқар тау,
отбасының тірегі, қамқоршы Бала... ұрпақ жалғастырушы, асыраушысы,
үмітімін
Мен үшін ата - әже..
еркелетеді, ардақты
кісілер
Шығармашылық жұмыс. Топтық
жұмыс Енді балалар бүгінгі тақырыбымыздан өзімізге қандай ой
түйдік, отбасы құндылығы туралы не білдік айдарымен топтық жұмыс
орындаймыз.
1 топ: Отбасы коллажы Берілген
суреттер арқылы отбасына байланысты мақал - мәтел құрастырып отбасы
коллажын құрап
шығару.
2 топ: Жағдаяттарды
талдау.
1) Саят өз ата – анасын басқа
балалардың ата - аналарымен көп
салыстырады.
Кейде Саятқа өз ата - анасы
басқалардікіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын
болды.
Саяттың іс - әрекеті дұрыс
па?
Саятқа қандай ақыл - кеңес
берер едіңдер?
|
- Біз бүгін өзімізге ең жақын,
ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата әжеміз, аға -
әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы ол ең жақын
адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу
керек.
1 топ: Отбасы коллажы Берілген
суреттер арқылы отбасына байланысты мақал мәтел құрастырып отбасы
коллажын құрап
шығару.
2 топ: Жағдаяттарды
талдау
|
Презентация
Плакат
|
Қауіпсіздігі
сабағы (5 минут):
|
«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ
САБАҒЫ.
«СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАУҒА
ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗ ОРТАНЫ САҚТАУҒА
БОЛАДЫ?»
ҚЫЛМЫС ЖАСАУҒА ҚАЛАЙ АРАЛАСПАУҒА
БОЛАДЫ?
Сені бейтаныс адамдар қандай да бір бірлескен әрекетке
қатысуға көедірмек болса: олар өз істерімен айналысып жатқанда
саған қарауылдап бұрышта тұрып, біреу келе жатса жене т.б.
жағдайларда ысқырып, белгі бер десе, үзілді-кесілді бас тарт. Бұл
қауіпті, өйткені сен заңсыз әрекетке қатысушы болуың
мүмкін.
|
|
|
Қорытынды: (5 минут)
|
Қорытынды
Сабақты
қорытындылау
Отбасы деген
не?
Отбасы мүшелері
алдындағы қызмет, әдеп,
мінездер?
.
|
Білуі керек: Отбасы мүшелерін
құрметтеп, сыйлай білуі
керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті,
сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген
тапсырмаларды орындай білулері
керек.
|
Жазба
дәптері
|