Материалдар / Мен және менің спортшы отбасым, балабақша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен және менің спортшы отбасым, балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру нұсқаушысына арналған спорттық сайыс ашық сабақ жоспары. Балабақшадағы балаларға арналған. Мұғалім бұл жеоден өзіне кезекті қызықты жоспарыды ала алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2021
1227
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:  «Мен және менің спортшы отбасым» атты отбасылық сайысы

 Мақсаты:   «Денсаулық» ұғымының адамгершілік  құндылығы

ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту

қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту.   Денсаулығын

нығайтуға қызығушылықтарын арттыру.

Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты

нығайту.

Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу.. 

Көрнекі құралдар: доптар, кеглилер, секіртпелер, арқан және т.б.

  Өту барысы:

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Армысыздар , қонақтар! «Жанұя-қорғаным, ата-ана –тірегім»дегендей«Мен және менің спортшы отбасым» атты отбасылар сайысына қош   келдіңіздер!

«Толағай» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгінде біздің балабақшамызда «Қарлығаш» тобы және «Шағала» тобының ата-аналары арасында өткелі отыр.

               Спорт біздің досымыз,

                                Күш қайрат сыналған.

                                Спорт біздің досымыз,

                                Бала кезден шыңдалған.

2   Ал ендігі кезек ойыншыларымызды ортаға шақырайық

  1. «Шағала» тобының ата-аналарын шақырайық.

  2. «Қарлығаш» тобының ата-аналарын шақырайық.


 3.      Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

  1. Г.Т.Жантасова – бала –бақша меңгерушісі

  2. Ж.Ж.Ахмедиярова – бала бақша әдіскері

 

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

                               Қатардан артта қалмайық,

                               Белсенді болайық ,

                               Уақытты тектен-тек жоймайық!

Сайыскерлер өздерін таныстырып өтсін.

1 топ

2 топ

Бүгінгі спорттық сайыс 7 конкурстан тұрады.

                                             1. «Эстафеталық» сайыс.

                                             2. «Хоккей» сайысы

3. «Теннис» сайысы.

4. «Жылдамдық» сайысы

                                            5. «Жұптасқан эстафета» сайысы.

                                            6. «Ұлпа қар» сайысы.

                                            7. «Арқан тартыс» сайысы  


  

  1. «Эстафеталық» сайыс .

Баласы анасы әкесі кезектесіп допты қолдарына ұстап кедергіден айналып, кері қайтып келесі ойыншыға тапсырады.

Қалыспа, дайындал , алға!

Ал енді ««Эстафеталық»» сайыстың қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

                               (Берілген бағалар тыңдалынады)

         

  1.  «Хоккей» сайысы

Кедергілер арқылы таяқпен допты өткізіп, қақпаға дәл салу

Қалыспа, дайындал , алға!

«Хоккей»сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

                  (Берілген бағалар тыңдалынады)

3. «Теннис» сайысы.

Кедергілер арасынан өту арқылы қасықпен теннис шаригін тасиды.        Қалыспа, дайындал , алға!

Ойыншылар жарыса бастайды. Ал енді «Теннис» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде

4. «Жылдамдық»   сайысы.

Секіртпемен кедергілер арасынан секіріп өту.

Қалыспа, дайындал , алға

Ал енді «Жылдамдық» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын тыңдайық.  Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

                                 (Берілген бағалар тыңдалынады)

5. «Жұптасқан эстафета» сайысы

Әкесінің көзін байлап, ана мен баласының көмегімен жүру. Анасы әкесімен орын ауыстырып жүру.

Қалыспа, дайындал , алға!

6. «Ұлпа қар» сайысы

Әкесі белгілеген орынға дейін жердегі қардың біреуін алып, кедергілер арасымен жүгіріп шелекке дәлдеп түсіру керек. Әрі қарай анасы және балалары кезек-кезек әкесіне қар тасып береді. Қар таусылғанша ойын осылай жалғаса береді.
Қалыспа, дайындал , алға!


7. «Арқан тартыс» сайысы

Екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұста, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады.Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

Қалыспа, дайындал , алға!


Ендігі кезекті балабақшамыздың өнерлі бүлдіршіндеріне береміз. Сіздерге өз өнерлерін ұсынады.


Келесі кезекті әділқазылар алқасына береміз


Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі –  салауаттылық. «Мен және менің спортшы отбасым» атты отбасылар сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып  сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!


























«Бекітемін»

36 «Балапан»

Балабақшасының

меңгерушісі _____

Г.Т.Жантасова










Тақырыбы: «Мен және менің спортшы отбасым»




Өткізгендер: Ж.Ж.Дюсекеев














Астана- 2016








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!