400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" 6cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Поэзия сағаты. Абай Құнанбаевтың "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңін мәнерлеп жатқа оқу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Абайды оқы, таңырқа

Мектеп: Қосшоқы ст.НОМ

Күні: 14.11

Мұғалімнің аты-жөні:Қабден Ө.Қ.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны: 3

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Поэзия сағаты. Абайдың "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңін мәнерлеп оқу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.4.1. көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу;

Көпшілігі: көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;

Кейбір оқушылар: көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту, шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау.

Бағалау критерийлері

  • көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады;

  • шығарма үзінділерін талдайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

"Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңі

Жоспар


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


























Сабақтың ортасы




























І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

І. Қызығушылығын ояту. «Қайталай отырып, жатта»

Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,

Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.

Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,

Қайғы - зарын жырлай білген даламның.

Оқушылардың қайталай отырып жаттқа айта білу, есте сақтау дағдысы қалыптасады.

Тапсырма. «Ассоциация тізбегі». Оқушылар жоғарыдағы өлеңнен тірек сөздерді анықтайды. Олардың мағынасына талдау жасап, автор бейнесін ашады.

Дескриптор:

  • өлеңнен тірек сөздерді анықтайды;

  • мағынасына талдау жасап, автор бейнесін ашады.

ҚБ

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.


ІІ. Мағынаны тану.

1-тапсырма. «Сөз сырын ұғыңыз». Оқушылар өлеңдегі кейбір сөздердің мағынасына түсінік береді.

Тілі орамды - түсінікті, шебер жазылған, қисынды ой.

Тасыр - мінездің бір түрі, тасыр мінез, ұр да жық мінез.

Қырын келмей - теріс ойламай.

Құлағың тосаңсиды – (тосаңсу - құрғау) құлық құрышының қанбауы.

"Әзірет Әлі", "айдаһарсыз" - зілсіз деген мағынада.

"алтын иек, сары - ала қыз" - қызықтыратын дүниелер

Әсіре қызыл емес шешен, көркем емес мағынасында

Жиренбеңіз қашпаңыз мағынасында.

Дескриптор:

  • өлеңдегі сөздердің мағынасына түсінік береді.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»


2-тапсырма. Поэзия минуты. Оқушыларға мәтін таратылады. Олар өлеңді іштей оқып, түсінеді. Оқушылардың еркімен мәнерлеп оқу сайысын өткізеді. Сайысқа қатысатын оқушылар бөлек отырғызылып, қалған оқушыларға мәнерлеп оқу критерийін құру тапсырылады. Сол критерийге сай бағаланып, «Дауыс беру» әдісі арқылы жеңімпазды анықтайды.

Дескриптор:

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды;

  • Нақышына келтіріп, жатқа айтады.

ҚБ

3-тапсырма. «Үш жақты күнделікпен» жұмыс.

Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау.

Өлеңнен ерекше әсер еткен жолдар

Жеке түсінік беру: осы дәйексөзді не үшін жаздыңыз?

Қандай ой түйдіңіз?





Дескриптор:

  • өлеңнен ерекше әсер еткен жолдарды анықтайды;

  • Үзіндіге түсінік береді;

  • Ой түйіндейді.

ҚБ

Қорытынды. "Еркін жазу" стратегиясы.

Абай өлеңдерінен өз бойларыңа қандай жақсы қасиеттерді сіңірдіңдер?


Үйге: “Абай әлем тілдерінде сөйлейді” атты тұсаукесер (презентация) дайындаңдар

Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

Оқушылардың қайталай отырып жаттқа айта білу, есте сақтау дағдысы қалыптасады.

Оқушылар жоғарыдағы өлеңнен тірек сөздерді анықтайды. Олардың мағынасына талдау жасап, автор бейнесін ашады.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.



Оқушылар өлеңдегі кейбір сөздердің мағынасына түсінік береді.








Оқушыларға мәтін таратылады. Олар өлеңді іштей оқып, түсінеді. Оқушылардың еркімен мәнерлеп оқу сайысын өткізеді. Сайысқа қатысатын оқушылар бөлек отырғызылып, қалған оқушыларға мәнерлеп оқу критерийін құру тапсырылады. Сол критерийге сай бағаланып, «Дауыс беру» әдісі арқылы жеңімпазды анықтайды.



«Үш жақты күнделікпен» жұмыс.

Өлеңнен ерекше әсер еткен жолдарды анықтайды;

Үзіндіге түсінік береді;

Ой түйіндейді.




"Еркін жазу" стратегиясы арқылы бүгінгі тақырыпты қорытындылайды.


Қалыптастырушы бағалау

ҚБ

















ҚБ









ҚБ «Дауыс беру»







ҚБ

6-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы





https://www.youtube.com/watch?v=iWKTX4E9vYg








"Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңі


















А. Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі





















Сабақтың соңы


Кері байланыс.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
970
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі