400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен жеке тұлғамын

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өзін - өзі сезінуге және басқаны түсінуге жағдай жасау. Өзінің тұлғалық қырларымен таныстыру.Өзінің және басқалардың жеке бас сапаларының қалыптасуына ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ЖАБАНОВА САМАЛ ТЕРГЕУСІЗҚЫЗЫ


Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Балалар мен жасөспірімдер орталығының педагог - психологы




Тренинг


Тақырыбы: Мен жеке тұлғамын

Оқушылардың өзін - өзі сезінуге және басқаны түсінуге

жағдай жасау. Өзінің тұлғалық қырларымен

таныстыру.Өзінің және басқалардың жеке бас сапаларының

қалыптасуына ықпал ету. 8 сынып оқушыларымен өткізілді.

Жоспар:

1.«Адам есімі және қасиеттері»

2.«Кездесу» ойыны

3. «Арқа мен арқа»

4. «Бип» жаттығу.,

5. «Сен маған ұнайсың».

6. Рефлексия


Мақсаты: Өзін - өзі сезінуге және басқаны түсінуге жағдай

жасау


Міндеттері:

  • Өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле білуге жағдай жасау, өзін - өзі түсінуге көмектесу

  • Өзінің тұлғалық қырларымен таныстыру

  • Өзінің және басқалардың жеке бас сапаларының қалыптасуына ықпал ету


1-тапсырма Адам есімі және қасиеттері

Қатысушы балалар шеңбер бойына отырады да допты бір-

біріне лақтырып атын атайды немесе өзінің бойындағы

жақсы қасиеттерінің бірін, есімінің бірінші әріпіне сәйкес

келетіндей етіп атайды. Мысалы: сымбатты Самал, жайлы Жанерке


2-тапсырма «Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен

тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.


3-тапсырма Арқа мен арқа

Тренинге қатысушылардың бір – бірімен байланысқа түсуге

жағдай жасау. Қатысушылардың арасында позитивті қарым

  • қатынас орнатуға және логикалық ойлау қабілеттерін

дамытуға қалыптпастыру. Қатысушылардың арасынан екі адам шығады. Олар бір – біріне арқаларымен орындыққа отырады.Ал қалғандары зейінмен ұстамдылық сақтап тыңдайды. Жақсы тыңдаушы болу ол да шеберлік. Құрметті қатысушылар қазір оң жақта отырған адам әңгімені бастайды,келесі отырған адам оны жалғастырады.Сөйтіп үш жұптан кезек – кезек шығады. Әр жұпқа екі минут беріледі.

Бірінші әңгіменің тақырыбы: «Менің балалық шағым»

Екінші тақырып: «Менің арманым»

Үшінші тақырып: «Жазалауға қалай қарайсыз?»

Зейінмен тыңдаушылар өз пікірлерін білдіреді. Сіздерге қай

жұп ұнады? Несімен ұнады? Қандай ұсыныстарыңыз бар?


4-тапсырма «Бип» жаттығуы

Қатысушылар бір-біріне өте жақын аралықта отырады. Бір

қатысушының көзін байлап шеңбердің сыртына жібереді. Ол

шеңберді 2-3рет айналып, шеңбердегі бір қатысушының

иығына қолын қояды. Иықтың иесі «БИП» деген дауыс

шығарады. Ал көзі жұмулы қатысушы дауыс кімдікі екенін

табуы тиіс. Дұрыс тапқан жағдайда екеуі орын ауыстырады,

ал дұрыс таппаса ойын ары қарай жалғасады. Талқылау: Дауыс

иесін табу оңай болды ма? Қатысушылардың иықтарынан кім

екенін сезінуге бола ма?

5-тапсырма Сен маған ұнайсың

Жіп орамының ұшын бірнеше рет алақанда ораймыз да орамды

балалардың біріне беремін, орамды біреуге бергеннен соң:

«Қанат сен маған ұнайсың, себебі сабақ басталмас бұрын сен

маған сыныптың есігін аштың » деп ары қарай ойынымыз

жалғасады.

Рефлексия:


Қолданылған әдебиеттер;


Психология Қазақстан мектебінде журнал



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.11.2025
35
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі