жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен кіммін?
Дүниетану
1-сабақ
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
|
Сабақ тақырыбы: |
Барлығы өзім туралы Мен кіммін? |
|||||||||||||||||||
|
Күні : 4.09 |
|
|
||||||||||||||||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
|
|
||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаты: |
|
|||||||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||
|
Тірек сөздер: |
есім (аты) – имя – name; адам – человек – human. |
|||||||||||||||||||
|
Ресурстар: |
«Мен» сөзі жазылған шар, есімдері жазылған бейджиктер, барлық оқушылардың есімдері жазылған конверттегі хат, фотосуреттер, орам жіп. |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау |
|||||||||||||||||||
|
Тренинг «Сен маған, мен саған» |
|||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы бойынша жұмысты бастау үшін оқушыларды оқулықтың 1-бетіндегі суретке қарауын сұраймын. Сабаққа дейін қабырғаға «МЕН» сөзі жазылған шарды бекітемін. Бота шарын сабаққа алып келе жатқан кезде жоғалтып алғанын айтыңыз. Оқушыларға шарды табуға көмектесуге ұсыныс беріңіз. Шарда жазылған сөзді кімнің оқи алатынын сұраңыз. Олар бұл сөздің нені білдіретінін айтсын.
Жауабы: «Мен» – бұл мен туралы айтылған сөз. Егер адам өзі туралы айтса, «мен» дейді. «Мен» сөзін хормен айтқызыңыз және сабақ тақырыбын хабарлаңыз. Салыстыр. Cуреттерге қара. Кімдерді көріп тұрсың? Суреттегі адамдарды салыстыр. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықта. Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар тез арада мынадай ерекшеліктері бойынша топтарға жиналады: – көзі қара/мөлдір; – шашы ұзын/қысқа; – аяқкиімінің түсі қара; – есімдері бірдей және т.б. Біз қандаймыз? • Бір-біріңе қара. • Араларыңда бір-бірінен айнымайтын екі адам бар ма? • Адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы өз ойларыңды айтыңдар. Б Жауабы: Eсімнің нені білдіретінін айту. Өз есімінің мағынасын білетін оқушылардың пікірлерін сұраңыз. Көп ұлтты еліміздегі барлық халықтардың есімдері әдемі естілетінін айтып өтіңіз. Барлық оқушылар бір-бірін есімдерімен атайтынын түсіндіріңіз. Оқушыларға есімдері жазылған бейдждерді таратыңыз, оны сол аптада тағып жүрсін. Орындап көр. Бұл тапсырманың мақсаты – бір-біріне жақсы көзқарас қалыптастыру үшін мектеп ұжымында іс-әрекетке, әдеттерге және тәртіпке қатысты ережелерді сақтауы тиіс екенін көрсету. Сынып оқушыларын жұптарға бөліңіз. Бір- біріне өзі туралы қызықты оқиғаларды айтып беруін сұраңыз. Сыныпты аралаңыз. Оқушылардың әңгімелерін тыңдаңыз. Әңгімелеген оқиғалары қызықты болған 1-2 жұпты тыңдаңыз. Олар өз оқиғаларын үнсіз қимыл арқылы сынып оқушыларына көрсетсін. Қалған оқушыларға бұл оқушы не туралы айтып жатқанын табуды ұсыныңыз. Барлық адамдарға жақсы болуы үшін сақталатын ережелердің атауын сұраңыз. 3-беттегі негізгі мәтінді оқып беріңіз. 1-жұмыс парағы. Менің досым қандай? Досыңның суретін сал. Оның көңіл-күйін көрсетуге тырыс. Аты-жөні: Әр адамның есімі бар. «Әр есімнің өз мағынасы бар», – дейді менің атам. Атамның айтқаны дұрыс па? Тексеріп көрейік!
|
||||||||||||||||||||
|
Сабақты қорытындылау |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
|||||||||||||||||||
|
«Өрмек» жаттығуын қолданыңыз. Орам жіпті оқушыларға беріңіз. Орам жіпті алған оқушы есінде қалған оқушының есімін атайды, оған қысқаша тілек айтады. Жіптің ұшын өзі ұстап тұрып, орамды басқа оқушыға береді. Оқушылардың назарын танысуға арналған өрмек жіптің барлығын біріктіретініне назар аудартыңыз. |
Ботаның хатын оқығаннан кейін тірек сөздерді хормен айтқызыңыз. Бұл сөздерді алақандарын соғып отырып, айтсын. Қандай сөздің қысқа, ал қандай сөздің ұзақ айтылатынын сұраңыз. Оқи алатын оқушыларға оқытуға болады. Жауабы: Man (ағылш. тілі) – қысқа (1 шапалақ), адам (қаз.тілі) – (2 шапалақ), человек (орыс тілі) – ең ұзақ (3 шапалақ). |
|||||||||||||||||||
|
Бағалау |
|
|||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағалау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
|
||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген