Мен меңгерушімін

Тақырып бойынша 27 материал табылды

Мен меңгерушімін

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз мамандығың сырын түсіне білу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ақтөбе облысының білім басқармасы

Ақтөбе қалалық білім бөлімі

«Бақытты бала»меңгерушісі

Калиева Камшат Садыковна

Мен меңгерушімін



Әр мамандықтың  өз қиындығы, өз қызығы бар. Күнделікті таңертең балабақша ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Жылдар бойы реніш пен қуаныш, сәтсіздіктер мен табыстар қатар жүрді. Балабақша өмірімнің айнымас бір бөлігіне айналды. Мамандығым жайлы айтар болсам, бәріне мәлім ақиқатты қайталаудың қажеті жоқ шығар. Бірақ өзімнің негізгі кәсіби тезистерімді тұжырымдасам, олар: адамдардың алдында да, өзіңнің алдыңда да адал болу, өз міндетіңді кіршіксіз орындау, шығармашылық қабілеттеріңді дамыту, жаңаша ойлау, тәрбиеленушілерге және олардың ата-анасына сүйіспеншілік пен жылулық таныту, өз әріптестеріңнің жұмысын бағалау және оларға құрметпен қарау.

Педагогикалық ұжымды басқару ісі ерекше еңбекті,жауапкершілікті қажет етеді. Қызметтестеріңмен тығыз қатынаста болу, олардың күшті немесе әлсіз жақтарын білу, болып жатқан жағдайды түсіну қатаң басқаруды қажет етеді. Байсалдылық пен өзіңе деген сенімділік басшыны тартымды етеді, айналасындағы адамдардың қалыпты еңбек етуіне жағдай жасайды. Қандай жағдай болмасын, істің жалғыз дұрыс шешімін табуға жұмсаған еңбегіңді ешкім білмегені абзал. Себебі проблеманы шешу барысында өз ой-өрісіңді дамытасың, шыдамдылыққа үйренесің.

Балабақша  кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, балалардың тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын.

Меңгерушінің жұмысы күрделі .Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген  күндерімді ой елегінен өткіземін. Заманауи басшы – бұл, ең алдымен, басқару психологиясын меңгерген өз ісінің маманы. Әрбір ұжымда даулы жағдайлар тууы мүмкін. Мұндай кезде жетекші ата-анаға да, тәлімгерлерге де тиімді, қызықты әрі бірегей шешім табуы тиіс. Уақыт өте кәсіби және жекебас мәселелері ажырағысыз болып кетеді. Балабақша өміріңнің жартысына, сүйікті үйіңе айналады, жұмыс уақыты мөлшермен реттелмейді. Ал басшының ең басты жетістігі деп педагогикалық ұжымның жоғарғы кәсіби біліктілігін атауға болады.



Менің ойымша, білім беру мекемесінің басшысы қазіргі өмірдің қойған талаптарын ескере отырып, өзіндік педагог моделін құруы тиіс. Сондағы алдыңғы шарттардың бірі болып педагогика мәселелері шығады.

Табысты көшбасшы алдыға мақсат қоя білу керек. Ол болған жағдайды тек ақылға сүйеніп емес, ішкі түйсігімен сезінуі керек. Ішкі түйсігі басшыны алдамайды, себебі ол жылдар бойғы тәжірибесінен жинақталады.

Дегенмен, ішкі түйсігінен басқа, басшы балабақшаның қалыпты жұмыс істеуі үшін, көбіне қаржы мен шаруашылық қызметке көңіл аударуы тиіс. Бұл да - басшы қызметінің маңызды құрамдас бөлігі. Биік көрсеткіштерге жету үшін, басшының тәрбиеленушілерге, қызметкерлерге қолайлы тұрмыстық жағдай жасауы қажет. Балабақшаны басқару деген – бұл қырлары көп, қиын, сонымен қатар қызықты әрі шығармашылыққа толы жол. Қорытынды ретінде айтар болсақ, басқарушының алтын ережесі – өзің үшін емес, біреу үшін емес, бәрімен бірге және барлығы үшін өмір сүру керек. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелерінде баланы тәрбиелеу ісі көбіне меңгеруші мен тәрбиеші-методистің бірлесе отырып жасаған басшылығының тиімділігіне байланысты болады. Методикалық жұмыста ұйымшылдықтың, жоспарлылықтың, қойылған міндеттің мейлінше қысқа мерзімде оңтайлы шешімін табуды қамтамасыз етудің, басталған істі аяғына дейін жеткізудің, болашақты көре білудің және соған коллективті жұмылдыра алудың маңызы зор. Меңгеруші В.А.Ленин «...басшы өзінің қалай басқарып отырғанына ғана емес,сонымен қатар өзінің басқаруындағы адамдардың не істеп отырғанына да жауап береді» дегенін есінде ұстауы тиіс.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2024
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі