«Мен өмірді сүйемін»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мен өмірді сүйемін»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг қатысушыларына “Өмірді сүю” және оның мәні туралы түсінік беру. “Мен өмірді сүйемін” сенімін орнату. Адамның өмірі өз қолында екенін түсіндіріп, өмірді сүюге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Бекітемін »

Мектеп-лицей директоры:

_______ Б.Қ.Абдишукурова





80 ІТ мектеп-лицейі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Shape1

Тренинг – сабақ



Shape2



«Мен өмірді сүйемін»

















Педагог – психолог: Мырзалиева С.А

2024 – 2025 оқу жылы










«Мен өмірді сүйемін» тренингі
Мақсаты: Тренинг қатысушыларына “Өмірді сүю” және оның мәні туралы түсінік беру. “Мен өмірді сүйемін” сенімін орнату. Адамның өмірі өз қолында екенін түсіндіріп, өмірді сүюге дағдыландыру.

Тренинг барысы:
1. Тренингке қатысушылармен сәлемдесу.
2. «Мен өмірді сүйемін» танысу жаттығуын орындау. Шаттық шеңберін құра отырып, әрбір қатысушы «Мен өмірді сүйемін» деп өзінің аты - жөнін мен мектебін кезектесіп айтып шығады.
3. Сергіту сәтін орындау. Бейнетаспа арқылы оқушылар бір бірімен қарым қатынасын нығайту мақсатында «Қызыл өрік» биіне билету.
4. Тренинг қатысушыларына өмір жайлы өлең оқу.
Өмір жайлы сұрай берме сен менен
Өмірді мен жете зерттеп көрмегем
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Өмір жайлы не түсінем мен деген,
Өмір жайлы сұрай берме сен менен
Біреу жылап, біреу неге көңілді
Содан барып сұра сен өмірді
Сонда ғана түсінесің өмірді.

Өмір қас - қағым сәтте өте шығатын ағынды өзен секілді. Осы өмірдегі адамдар бір - бірінің қадірін біліп, бір - біріне қамқор, қайырымды, мейірімді болуы керек. Өмірдің, жақын адамдардың, достарымыздың, балаларымыздың құндылығын сезінуіміз керек!

5. Әңгімелесу сәті: "Ойланайық, пікірлесейік!" айдары.
Адам баласы не үшін өмір сүреді?
Өмір адамға несімен қымбат?
Сіздің өмірдегі мақсатыңыз қандай?
Өмір мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?
Сіз өмірді сүйесіз бе? Сұрақтарын мұғалімдерге қойып, пікірлесу.

6. Мұғалімдерге «Қолсыз және аяқсыз» мүгедек адамның биі бейнетаспасын көрсету.

7. Инклюзив терминін мұғалімдерге түсіндіру.
инклюзив – қамтитын, лат. – қамтимын – барлық балалардың түрлі қажеттіліктеріне бейімдеу тұрғысынан барлығы үшін қол жетімді болуды көздейтін жалпы білімді дамыту үдерісі, бұл білімді ерекше қажет ететін балалардың да білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім балаларға бағытталған және барлық балалар – оқуда түрлі қажеттіліктері болатын индивидуумдар деп танитын әдістемені дамытуға ұмтылады. Инклюзивті білім оқудағы әртүрлі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін икемді болатын оқыту мен оқу тәсілдерін жасауды көздейді. Инклюзивті білім енгізетін өзгерістердің нәтижесінде оқыту мен оқудың тиімділігі артса, (ерекше қажеттіліктері бар балалар ғана емес барлық балалар ұтады.

8. «Мүгедек балаларға арналған» бейнетаспасын мұғалімдерге көрсету.
Инклюзивті білім жүйесін дамыту слайд бетін көрсетіп, түсіндіру.
2015 жылға қарай:
• мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;
• мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі əзірленеді;
• түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
• мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары əзірленеді.
2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен жəне басқа да арнайы компенсаторлы құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады.

9. "Қауымдастық" ойыны.
Тренингке қатысушы мұғалімдермен шаттық шеңберін құру. Оң қолдың алақанын жұмып, бас бармағын шығарып төмен қаратып, келесі мұғалімнің жазылған сол алақанына қою керек. Ал сол қолдың алақаның келесі мұғалімнің жұмылған алақанының бас бармағының астына қою керек. «1, 2, 3» рет санап, 3 деп айтқанда сол алақанды жұмып қалу керек. Осылай екі рет, екі қолды кезек ауыстыруға байланысты орындалады. Содан кейін барлық мұғалім оң қолдарын қойып, одан кейін сол қолдарын қойып, барлығы бірге жүргізуші тілегін айта отыра аспанға қолдарын көтереді.
10. Қорытынды.

Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осы сөздің астарында үлкен мағына, терең сыр жатыр.

Өмірдің мәні жайлы әркім әр қилы ойлайды. Мен үшін өмірдің мәні - осы бізге берілген сыйды бағалай білу, аялай білу, ардақтай білу.Өмірдің мәні адалдық, адамдықта.Бір күндік өмірдің мәні болмайды.Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасап, саралаймын. Дұрыс емес жерлерімді түзеп, келесі күні ол қателіктерімді қайталамауға тырысамын. Бастысы, сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын. Құрметті оқушылар сіздерге берілген уақытта өз мәресіне жетті. Сіздерге алдағы уақытта биік арман мақсат тілеймін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
175
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі