Мен өмірді таңдаймын

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен өмірді таңдаймын

Материал туралы қысқаша түсінік
мен өмірді таңдаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: «Мен өмірді таңдаймын»

Сабақтың мақсаты:

Өмір адам баласына бір -ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету.

Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік

сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту.

Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: балалардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ

Сабақтың типі: тренинг

Сабақтың әдіс-тәсілі: ой – толғау, сұрақ – жауап, пікірлесу, тренинг,бейнеролик

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта.

Сабақтың болжамданған нәтижесі: өмір туралы түсініктері кеңейеді, өмірге деген көзқарастары өзгереді, өз ойын ортаға сала білуге үйренеді, бірлесіп түсінісе білуге бейімделеді.

Сыныбы: 8-9 сыныптар

Сабақтың жоспары:

Кіріспе

Шаттық шеңбері

І «Өмірдегі құндылықтар»жаттығуы

ІІ. Ник Вуйчич “Қолыңнан бәрі келеді” бейнеролик

ІІІ. .«Күн шуағы» жаттығуы

IV. « Өмір белестері »жаттығуы

V. «Тілек шарлары»

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керекігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.
Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын

І. Шаттық шеңбері

II. Пікір алмасу: Ник Вуйчич “Қолыңнан бәрі келеді” атты видеороликті көріп талқылау

ІІІ.«Күн шуағы» жаттығуы

Қорыты келгенде, төмендегідей даналық сөздерімен аяқтайды:

Өмір – бұл мүмкіндік. Осы мүмкіндікті пайдалана біл.

Өмір – бұл әдемілік. Оны қабылдай біл.

Өмір – бұл арман. Оны жүзеге асыра біл.

Өмір бұл – үлкен сынақ. Сынақтан шыға білу керек.

Өмір – бұл сенің міндетін. Оны орында.

Өмір – бұл ойын. Жақсы ойыншы бол.

Өмір – бұл байлық. Оны ретсіз жаратпа.

Өмір – бұл бағасы жоқ құндылық. Оны қорға.

Өмір – бұл махаббат. Оны сезіне біл.

Өмір – бұл құпия. Оны тани біл.

Өмір – бұл көз жасының даласы. Барлығын жене біл.

Өмір – бұл әуен. Оны соңына дейін айтып шық.

Өмір – бұл белгісіздік. Одан қорықпа.

Өмір – бұл сәттілік. Осы сәтті іздеп тап.

Өмір өте қызықты – оны бекер өткізіп ал ма.

БҰЛ СЕНІҢ ӨМІРІҢ.

IV. « Өмір белестері »  жаттығуы.

Шеңберге тұрып, көздеріңізді жұмыңыздар. Қолдарыңызды алға созып, ары-бері жүріп көріңіз. Осы жағдайда өз тұрған жеріңізден қарсы жаққа шығыңыз. Бір адамның  иығына қолыңызды қойып, оны өз иығым деп есептеңіз, иықтарыңыздан ұстаған қалпы барлығыңыз жабық шеңбер құрыңыздар. Шеңбер бойына айналып жүріңіздер. Қолдарыңызды құрбыңыздың иығынан алып, ары-бері жүріп көріңіз.

Енді, осы жағдайда жаңа ғана ұстап жүрген өз иығыңызды қайта табыңыз. Осы өз иықтарын іздеу сәтінде мына сөздер айтылады:

Мұндай қиындықтар өмірде де кездеседі, сол қиындықтарды біз жеңе білуіміз қажет. Сен өз иығыңды тура табуың керек. Өзіңді таба білуің керек. Өйткені ол өзіңдікі, оны өзгерте алмайсың, сол сияқты сен өз ата-анаңды , жақындарыңды, достарыңды өзгерте алмайсың, ауыстыра алмайсың. Қандай болса да, ол сенің ата-анаң, ол сенің досың.

V. “Өмірдегі құндылықтар” жаттығуы

Барысы: Қатысушылар ақ қағазды бес бөлікке бөліп, өздеріне құнды болған бес нәрсені жазады. Мысалы: ата-анам, отбасым, ұялы телефоным, т.б. Осы бес параққа жеке-жеке жазып шығады. Енді қағазды бүктейді. Сосын соңғысынан бастап жерге тастап отырады. Әр қайсысысын тастағанда қандай сезімдесіз деп сұрап отырамыз.-Енді сіздерде ешқайсысыда жоқ қандай сезімдесіз? Енді сізге соны біреулер жерден алыңыз.

-Қандай сезімдесіз?

VІ. «Тілек шарлары» Оқушылар бір біріне жүрек шарларын үсына отырып ақ тілектерін айтады

Қорытынды: “Қайғының артында қуаныш бар,

бейнеттің артында зейнет бар” деп, келер күнге үлкен үмітпен қарап өмір сүру керек.

Өмірді бар құндылықтарымен бағалай білейік.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі