Сабақ тақырыбы: «Мен өз елімді мақтан тұтамын»
Сабақ
мақсаты: Қазақстанның тарихы, мәдениеті
және тәуелсіздік жетістіктері туралы білімдерін бекіту. Білім
алушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін
қалыптастыру.
Көрнекілігі: суреттер, қосымша әдебиеттер,
слайд, плакат, ҚР-ның картасы
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті студенттер ! «Мен өз елімді мақтан тұтамын» » атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1 – жүргүзуші :
Аяулым
Әнұраным жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика Әнұраны, - дей отырып Әнұранды шырқаумен сабақ
басталады.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады
1 – жүргүзуші : Аяулым
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің!
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің!
2 – жүргүзуші : Ерқанат
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім – Әнұран, Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
1 – бөлім «Менің Қазақстаным» ән шашу
Мерей:
Менің елім – Қазақстан, жүрегім,
Тек өзіңсің, Отан Ана, тірегім.
Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар,
Тәңірден осы менің тілерім.
Менің елім – Қазақстан, Отаным,
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,
Арта берсін абыройың атағың.
Жаса елім, жаса достық, бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің – Қазақстан, Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен.
Ерсұлтан: Тәуелсіз елім
Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.
Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік келешектің кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.
Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!
1 – жүргүзуші : Аяулым
Ата-бабам арман еткен ежелден
Жүріп өткен қилы-қилы кезеңмен
Қазақстан тәуелсіз ел атанды,
Тәуелсіздік
Бірден оңай келмеген - дегендей міне енді біздің Қазақстан тәуелсіз, егеменді, демократиялы,құқықты,әлеуметті,зайырлы, көп ұлтты, біртұтас, әлем таныған ел болды.
2 – жүргүзуші : Ерқанат
Олай болса, 33 жыл ішіндегі өткен тарихи оқиғаларға тоқталсақ
Тәуелсіздік жылнамасы
1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 2005 ж.ж. 2011ж.ж. Президент сайлауы болып өтті. Бүкіл халық Тұңғыш Елбасымызды қайта сайлады. 1991 жыл 29 тамыз “Семей полигонын жабу”туралы жарлыққа қол қойылды.
1992 жыл.Қазақстан Бірікке Ұлттар Ұйымына мүше болды.Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров ғарышқа ұшты.
1993жыл. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.15 қараша Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық теңгесі айналымға енді.
1994 жыл.Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.30 маусым ұшқыш Талғат Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылды.
1995 жыл 30 тамыз.Референдумда ұсынылған жаңа Ата Заң бір ауыздан қабылданды.
1996 жыл.Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.
1998 жыл. Ел астанасы Ақмолаға көшірілді.
2000жыл . Мәдениетті қолдау жылы.Шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.
2001 жыл.Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл. 2001 жылы 8 қыркүйекте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің туындамасы бойынша «Қазақстан картасы «Атамекен» ҚККП этно-мемориалды кешені ашылды. Мұнда ауданы 1,7 га жерде елімізді қол алақанындай көруге және оның сәулетті-ландшафті тарихымен танысуға болады. Картада 14 облыс және республикалық мәнді 2 қала: Астана мен Алматы.
2002 жыл. Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
2004 жыл. Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.
2006жыл.Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсан оқиғасына 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы — Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат..
2008жыл.. Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр. Елордамыз Астанаға 10 жыл мерей тойы аталып өтілді.
3 – бөлім : «Мен өз елімді мақтан тұтамын»
а) Рөлдік ойын: (Әр топқа белгілі бір жағдай беріледі)
- "Сіз шетелдіктерге Қазақстанды таныстырып жатырсыз."
- Әр топ 1-2 минуттық таныстырылым ( диалог немесе сахналық көрініс) дайындайды.
- Бір топ туристерге Бәйтеректі таныстырады.
- Бір топ ұлттық асхананы жарнамалайды.
- Басқа топ Қазақстанның табиғатын насихаттайды.
ә) Шығармашылық жұмыс
«Мен өз елімді мақтан тұтамын» шағын эссе
"Менің елімнің жетістіктері" стикерлерге өз ойларын жазу
1 – жүргізуші : Аяулым
Көз тіккен төрткүл дүние алты алашы
Бұл бүгін қазағымның бас қаласы.
Елордам халқым үшін ерен бөлек –
Тәуелсіз елеміздің Астанасы ! (слайд шоу)
Ерқанат: Әлемге атың жайылсын жарқын,
Жасай бер, жаса, Қазақстан!
Аяулым : Баянды болсын бақытың, халқың,
Жасай бер, жаса, Қазақстан!
Қорытынды
Қазақстанның білімді ұрпақтары көп болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Еліміздің егемендігі берік болып, көк туымыз биікке самғай берсін деген ақ тілекпен алғашқы білім күніне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен өз елімді мақтан тұтамын

шағым қалдыра аласыз