Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен, өз елімнің патриотымын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатында қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен, өз елімнің патриотымын!

Мақсаты:

  1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

  2. Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.

  3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта

Барысы:

  1. Ұйымдастыру.

Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қайырлы күн, құрметті ата- аналар, оқушылар. Сіздерді білім күнімен құттықтаймын. Баршаңызға денсаулық, молшылық тілеймін. Осы отырған оқушыларыма білім нәрімен сусындап, тек қана «4» пен «5»-ке оқуларыңа тілектеспін.

1. Балалар «Отан» сөзін естігенде ойларына қандай сөздер келеді?

Shape2 Shape1

Shape3

Shape4

Отан


Shape5

Shape6 Shape7

Shape8


Жалғыз дос, туыс, тарих, туған жер, ел, ол қымбат, ыстық, т.б

2. Қазір мен «Отан» туралы мақал- мәтелдің басын айтамын, ал сендер жалғасын табасыңдар. Ата- аналарға көмектесуге болады.

а. Отан үшін күрес,

Ерге ... (тиген үлес)

ә. Отан оттан (да ыстық)

б. Отансыз адам

Ормансыз ... (бұлбұл)

в. Отанды сүю,

Отбасынан ... (басталады).

Жақсы, жарайсыздар!

3. «Отан» әр адамда біреу ғана. Біздің отанымыз – Қазақстан. Біз үшін еліміздің тау- тасы, жері-суы, халқы өте қымбат. Туған жерімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз.

Қане, кім «Отан» туралы өлеңді біледі?

4. – Керемет, жазғы демалыста оқу материалын ұмытпаған екенсіңдер.

-Еске түсірейікші

1. – Қ.Р. Президенті кім?

2. – Еліміздің рәміздерін кім атап береді? (тақтаны көрсетіп ту, елтаңба, әнұран) Және олардың авторларын ата

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.

Тудың авторы суретші – Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбаның авторлары- Жандарбек Мәліібеков және Шота Уәлиханов.

Әнұранның сөзін жазған: Жумекен Нажмиденов, Нурсултан Назарбаев.

Әні: Шәмші Қалдаяқов

Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.

Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.

Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдіртүсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі,тыныштық пен байлықтың белгісі.

3.Тудағы көгілдір түс нені білдіреді? ашық аспан, бейбітшілікті

4. -30 тамызда қандай мереке өтті? Конституция күні – Ата заң күні

5. – Таяуда Рио де Жанейрода өткен олимпиадалық ойындарда біздің спортшылар қанша жүлдеге ие болды? 17 жүлде, 3 алтын, 5 күміс және 9 қола.

6. Осы үлкен жеңіске жеткен спортшыларымыз кімдер? ауыр атлет Нижат Рахимов, жүзуші Дмитрий Баландин,боксшы Данияр Елеусинов,күміс штангы көтеруші Жазира Жаппаркул,дзюдошы Елдос Сметов, боксшы Василий Левит, боксшы Әділбек Ниязмбетов, күресші Гюзель Манерова .

-Еліміздің мақтанышы болған осы спортшыларды бір сөзбен қалай айтуға болады?

- Дұрыс , өз елінің патриоты.

-Ал, балалар, сендер патриот, отан сүйгіш азамат болу үшін не істеулерің керек?

білімді, ақылды, еңбекқор, еңбексүйгіш болу керек.

4. Ендеше сабақты жақсы оқып, ата- анамыздың мақтанышы бола білейік. Ана тілімізді құрметтеп, еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса білейік.

Сонымен «патриот» сөзінің мағынасын қалай түсіндік?

отансүйгіштік, еңбекқор, азамат, адал азамат

Міне, балалар, бүгін тәуелсіз еліміздің болашағы өздерің нағыз азамат екендіктеріңді көрсете алдыңдар. Келешекте Отанды қорғай алатын азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың әрдайым ашық, жарқын болсын.

Сынып сағатына белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет.


Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебі






Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»











Орындаған: Кабышева М.М.





2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
489
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12