Материалдар / "Мен, өз елімнің патриотымын!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мен, өз елімнің патриотымын!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілер және мектеп тәлімгерлеріне көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2020
586
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: «Мен, өз елімнің патриотымын!»

Өз елімнің патриоты болу үшін әр адамның бойынды болу керек:

  • Отанға деген сүйіспеншілік;

  • Отанға деген адал сезім;

  • Отанын қорғауға дайын болу;

« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».

Кесте толтыру:

Патриотқа тән қасиет

Патриот емес адамға тән қасиет

Маған тән қасиеттер

Болжамды жауаптар:

-жауапкершілік;

-әділеттілік;

-адалдық,

-батылдылық;

- шыдамдылық;

- ризашылық; т.б

Болжамды жауаптар:

-қоғамды құрметтемеу;

-жауапсыздық;

-берекесіздік;

-бағдарсыздық;

-Отанға деген сүйіспеншіліктің болмауы; т.б


Өз ойы



Сабақтың мақсаты: 1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген

сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-

дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға,

болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге

білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың

сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.

2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа,

достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: оқушылардың бойында

патриоттық сезімді оятатын слайд.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын түрлі слайд көрсету.

ІІІ. Негізгі бөлім.




Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбында пікір сайыс.

-«Ой да ортақ, пікір де ортақ » .

-Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу.

-Енді сіздерді екі топпен, топ жетекшілерімен таныстырып өтейік.

І-топ - Ұшқын. « Ұшқыннан жалын лаулайды ». Топ жетекшісі Сәрсембекұлы Рахат.

ІІ-топ – Жалын. « Мен жанбасам жалын боп, сен жанбасаң жалын боп, кім жанады жалындап ». Топ жетекшісі Ергазинова Амина.

-Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады.Осы туралы ойларыңыз?

І-топ Ергазинова Амина. Ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді дәріптегенін және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады.

ІІ-топ Уатаев Ерасыл. Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз.

А.Байтұрсынов:

- Қазағым елім!

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның


Аш көзіңді оянып,

деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр.

І –топ Бакыткызы Айсулу : А.Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз.

Оның « Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі, барша жұртшылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады.

  • Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?

І-топ Ауесханов Адлет : Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс батыр тұлғалары, ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең-жырлары, шешендік сөздері оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор.

ІІ-топ Жапаров Қуаныш: Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.

  • Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.






Азамат.Азаматтық патриотизм – дегенді қалай түсінесіңдер?

(әр топтан оқушылар өз ойларын ортаға салады)

Азамат- белгілі бір мемлекетке заңды түрде тиесілі тұлға.

  • Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер?

(әр топтан оқушылар ортаға шығып өз ойларын айтады)


Қорытынды:

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.

Азамат- белгілі бір мемлекетке заңды түрде тиесілі тұлға.

Азаматтық патриотизм – Отанға деген мемлекеттік ауқымдағы сүйіспеншілік,ұлттық және құқықтық сана – сезім, азаматтық моарль: өз отбасымен,үйімен өз халқымен,ауласымен, спорт клубымен, қаласымен, аймағымен, елімен мақтануы.

Патриотизм- өзінің жеке мүдделерінен мемлекеттің мүдделерін жоғары қоятын, оған адал қызмет ететін,өз мемлекетінің жоғары дәрежелі бірегей азаматы.

Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!