Мен-өз елімнің патриотымын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен-өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Нағыз патриот – өз елін мақтайтын емес,нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар. Н.Назарбаев Бойында асқақ рухты Махамбет пен алып күш иесі Қабанбай батырдың ұрпағы болған әр қазақ баласының бойында елінде деген ыстық ықылас пен шексіз махаббаттың тамшысы бар деп есептеймін. Себебі, біз рухы мықты, намысы жоғары қазақ деген ұлттың патриотымыз. Дегенмен де, өз елінің патриоты болу әркімнің қолынан келе бермейді. Әсіресе, жаһандану заманы деп, жан-жағымызға еліктеген заманда...Өсіп келе жатқан жаңа буын, келешекте ел тізгінін ұстайтын жастарымыз нағыз патриот қандай болу керек екенін, патриоттық сезімнің қандай болатынын толық біліп, оны сезініп жүр ме? Иә, «мен- өз елімнің патриотымын» деп айту оңай, бірақ іспен көрсету-қиын. Ел басына күн туып не ұлттық қ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Нағыз патриот – өз елін мақтайтын емес,нағыз патриот

кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар.

Н.Назарбаев

Бойында асқақ рухты Махамбет пен алып күш иесі Қабанбай батырдың ұрпағы болған әр қазақ баласының бойында елінде деген ыстық ықылас пен шексіз махаббаттың тамшысы бар деп есептеймін. Себебі, біз рухы мықты, намысы жоғары қазақ деген ұлттың патриотымыз. Дегенмен де, өз елінің патриоты болу әркімнің қолынан келе бермейді. Әсіресе, жаһандану заманы деп, жан-жағымызға еліктеген заманда...Өсіп келе жатқан жаңа буын, келешекте ел тізгінін ұстайтын жастарымыз нағыз патриот қандай болу керек екенін, патриоттық сезімнің қандай болатынын толық біліп, оны сезініп жүр ме? Иә, «мен- өз елімнің патриотымын» деп айту оңай, бірақ іспен көрсету-қиын. Ел басына күн туып не ұлттық құндылығымызды ардақтайтын сәтте, сол патриотпын дегендердің бірін таппаймыз. Сөйлегенде алдына жан салмайтын, іске келгенде бұғып қалатын жастарымыз көбейіп бара жатқандай. Әрине, көпке топырақ шашқаным емес, дегенмен бір құмалақ – бір қарын майды шірітеді.

Осы орайда, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі ойға түседі. «Нағыз патриот өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар». Иә, мен бұл пікірмен толықтай келісемін. Өз еліне жаны ашитын адам қандай кемшілік болмасын, мейлі ол жас немесе кәрі болсын қоғамдағы болып жатқан келеңсіздіктерді тоқтатып, тек шындықты жақтап, ел басына күн туғанда халықпен бірге болуы тиіс.

Неге, мен өз эссемнің басын ащы шындықпен бастадым. Себебі сын айтылмай, мін түзелмейді. Бұл- ақиқат. Осы күнге дейін қазақ даласын, жерін қорғау үшін қаншама ата-бабаларымыз жанын қиды. Үлкен-кіші болсын қиын кезде аянып қалмады. Жаугершілік заманда елімен бірге болып, күресті. Міне, нағыз патриот деп осы ата-бабамызды айтамыз.

Өз ұлтының нағыз патриоты және жанашыры болған – Бауыржан Момышұлы атамыз дер едім. Ол шынайы рухани-адамгершілік туын биік ұстай білді, қиын сәтте еліне қол ұшын соза алды. Бауыржан Момышұлының өнегелілігі сол, ол елі мен туған жерін нағыз сүйген, оған қашан да адал қызмет еткен ер. Ел дегенде еміреніп, жұрты дегенде жұмылып қызмет етті. Оның әрбір қалдырған мұрасында, соның ішінде шығармаларында терең мағына жатыр. «Отан үшін отқа түс – күймейсің», - дейді атамыз. Қазіргі жастарымыз да дәл осы бір ғасырда бір туатын тұлғамыз сынды нағыз патриот, отанын, халқын шын сүйетін азамат болса деймін.

Бірақ жастарымыз заманның ағымына сәйкес көштен бір елі қалмай заманауи өмірге икемделіп келеді.Жаңа туған сәбидің өзін телефон мен жұбатып бесікке бөлегенде сол телефон арқылы әуен қосып беретініміз бәрімізге айдан анық емеспе,міне осындай жағдайлар мені қатты алаңдатып,бесігінен ана тілінің қасиетін ұғынбай,нәрін алмай өскен ұрпақ бойында қандай ұлттық сезім болар екен?! Патриоттың міндеті тек елін қорғау ғана емес, өз қандастарына көмек қолын созып шырылдаған сәбиін жұбатып, қалтыраған қарттарын бағып, оларға қолынан келгенше көмек көрсету деп ойлаймын.Ал қазірше өзге сәбиді жұбатпақ түгіл, өз сәбиін қоқысқа лақтыратын аналар,өз үйінің қарияларын қарттар үйіне апарып жатқан жігіттеріміз көптеп кездеседі.Міне, осыдан-ақ рухы әлісіреген, адами құндылығы жоғалған ұрпақтан қандай да бір үлкен ПАТРИОТТЫҚ сезімді күтеміз? Өзінің кіші Отанының қасиетін білмеген адам, елінің қадірін біле ала ма? Мен осындай толғанған сәтте тек өлеңмен сырласамын. Бала болсам да, елімнің ертеңіне алаңдап, жеткізе алмаған ойымды ақ қағазға ақтарамын. Бәлкім, ой түйер, ойланар деген ниетпен.

Елін сүйіп, еңбек ету –ғаламат

Тілді , туды берік ұста адамзат!

Дін мен жерді, тіл мен ділді қор қылмай,

Әр ұрпаққа жеткізе білу- аманат! Иә,бұл сөзіммен толықтай келісесіздер деп ойлаймын.Осы құдіретті аналарымыз үшін қанша адам кеудесін оққа тосып,ажал құшты.Қанша адам біз үшін баласы мен отбасынан айырылып, қаншама бала ата-анасыз қалды. Сондықтан да, ұрпақ елін шексіз сүйіп, өз Отанының шынайы патриоты болуы тиіс!

Тәуелсіздік 11 әріп мың мағына,

Кім кепіл оның мәңгі тозбасына.

Бүгінгі ел батырлары бұл өмірден,

Мәңгілікке аттанып озбасына.

Болашақты болжап кетіп айтқандары,

Әрбір сөздер намысыңды қайратады.

Мен жастарға сенемін”деп айтып кеттің,

Сенген жастар дәл қазір майдаланды.

Жігіт қызға,қызың ұлға айналады,

Бұны естіген жүрек қалай жайланады.

Билікке шындық айтқан ажал құшар,

Өтірік сөз сөйлегендер сайланады.Бұл-заманның кішкене бір бейнесі. Мұның бәрі жүрегіме ауыр тиюде... Өз тілін құрметтемейтін, салт-дәстүрін білмейтін кей аға-әпкелерімді көріп, бқлыңғыр болашақтың айқын көрінісін көргендей боламын. Себебі, «Жасына қарап, болашақ заманын көр» демей ме?!Сондықтан да, жастарды патриоттық сезімге баулып,құндылықтарды бойына сіңіру-ата-әже, аға-әпкелер, сіздерге аманат! Біз сіздерге қарап, бой түзейміз. Сіздерден өнеге алып, сіздер көрсеткен жолмен жүреміз. Кез келген елдің дамуы да саналы азаматтардың қатарының көбейуімен байланысты. Себебі, болашақ – жастардың қолында.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, эссемді тағы да өлең шумақтарымен аяқтағым келіп отыр:

Шырылдады шындықты айтып қазаққа,

Шындықты айтып көргендері азап па?

Ұрпақ үшін жанын берген боздақтар

Ұлттық рух әлсіреуін қалап па?!

Ұлтын сүйсін, құрметтесін сыйласын,

Тәуелсіз ел, мәңгі бақи жайнасын.

Аз қазағым ,миллиартқа бір жетіп,

Кең жерінде бүлдіршіндер ойнасын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.00.2023
455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі