Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мен өз елімнің патриотымын
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін Келісемін
директор Тәрбие ісінің меңгерушісі
------ Н.Б.Бисарина --------Б.И.Ибраимова
Сабақтың тақырыбы:Мен өз елімнің патриотымын!
« Өз Отанының патриоты болу –
бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».
Сабақтың мақсаты: 1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген
сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт -
дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға,
болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге
білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың
сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.
2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа,
достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақтадан оқушылардың бойында
патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар,
мемлекет рәміздерін көрсету.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Интер белсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбында пікір сайыс
Мұғалім
сөзі:Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын
“Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі
өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз
ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру
үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы
Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
Биыл 2017 жыл айтулы күндерге толы жыл,атап айтар
болсақ, ....
МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ жеті берік
негізі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизмді түсінуге
арналған мемлекет орнатудың
белгілері:
1) Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік;
2) бейбітшілік пен келісім;
3) Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият;
4) Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім;
5) Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы;
6) тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
7) Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
- Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ» мақаласында «Туған жерден» ауқымдырақ «Туған елге» көшетін ұлттық сана-сезімнің жаңарту бағдарламасын ұсынды.
«Туған жер» бағдарламасы:
- біріншіден, туған өлкенің тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті ауқымдағы мәдени объектілерді қалпына келтіруге;
- екіншіден, елдің басқа өңірлеріне қоныстанған бизнесмендер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері және жастардың жәрдемдесуімен кіші отанын қолдауға (аймақты жасылдандыру, мектептерді компьютерлендіруге көмек көрсету, жергілікті мұражайлар мен галереялардың көркемөнер қорларын қолдау және т. б.);
үшіншіден, демеушілік көмекті қоса алғанда кіші отанына көмектесетін түрлі қолдау және әлеуметтік құрмет нысандарын іздеуге;
төртіншіден, «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы арқылы халықтың жалпыұлттық киелілік санасын нығайтуға, киелі жерлердің мәдени және рухани мұрасы «бірыңғай өріс, бір тізбек» құрылған кезде;
бесіншіден, «отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілінде: ағылшын, орыс, қытай, испан, араб, француз тілдерінде естілсін деп «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға бағытталған. «... Бұл үлкен аудармашылық жұмыс және біздің мәдени жетістіктерімізді жетілдірудің арнайы әдістері - кітаптар, пьесалар, мүсіндер, суреттер, музыкалық шығармалар, ғылыми жаңалықтар және т. б.»;
алтыншыдан, «Қазақстанның 100 жаңа адамы» жобасын іске асыру арқылы қоғамның назары біздің замандастарымыздың тарихына бағытталатын болады - «бұл осы қарқынды жылдары табысқа қол жеткізген түрлі аймақтардағы, әртүрлі жастағы және түрлі ұлттағы 100 нақты адамның тарихы болып табылады.
Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.
Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу.
Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады. Осы туралы ойларыңыз?
Ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді дәріптегенін және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады.
Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз.
А.Байтұрсынов:
- Қазағым елім!
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның
Аш көзіңді оянып...- десе,
М.Дулатов:
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді.
Ал С.Торайғыров:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр.
А.Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның
« Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі, барша жұртшылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады.
Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?
Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс батыр тұлғалары, ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең-жырлары, шешендік сөздері оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор.
Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.
Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.
Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс.
Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.
Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.
Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің?
(әр оқушы өз ойларын ортаға салады)
Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер?
(әр оқушы өз ойларын айтады)
Бағанадан бері патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз?
(әр оқушы өз ойларын айтады)
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларыңды, пікірлеріңді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.
-
Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
-
Туған жерге деген ыстық сезім;
-
Ата - баба өсиетіне адал болу;
-
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
-
Бойындағы күш - қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
-
Ана тіліне деген құрмет;
-
Өз халқының әдет - ғұрпын және салт - дәстүрін құрметтеу;
-
Елдің тарихын құрметтеу;
-
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
-
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
-
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
-
Заңға бағыну;
-
Үкіметті сыйлау;
-
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
-
Туған жерге, ата - бабасы жатқан жерге құштарлық;
-
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
-
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;
Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.
Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойында болу керек:
-
Отанға деген сүйіспеншілік;
-
Отанға деген адал сезім;
Отанын қорғауға дайын болу; 2 Глоссарий
Мемлекеттік рәміздер (ұлттық) (греч. sym-bolon - белгі) – конституциямен немесе арнайы заңмен бекітілген белгілі бір мемлекеттің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын, белгілі бір идеологиялық мағынаны білдіретін белгілер. Ең негізгі рәміздерге мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік түстер, мемлекет басшысының байрағы, мемлекеттік мөр, мемлекеттік ұраны жатады.
Негізгі ұлттық құндылықтар - бұл белгілі бір ұлтқа тән халық ғасырлар бойы жинақтаған, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін адами қадір-қасиет, әлеуметтік- тарихи, мәдени отбасылық дәстүрлер жүйесі.
Өркениеттік (әлеуметтік-мәдени, мәдени-генетикалық) код – белгілі бір өркениетке тән тұрақты мәдени-генетикалық белгілердің жиынтығы.
Азамат - белгілі бір мемлекетке заңды түрде тиесілі тұлға.
Азаматтық патриотизм – Отанға деген мемлекеттік ауқымындағы сүйіспеншілік, ұлттық және құқықтық сана-сезім, азаматтық мораль: өз отбасымен, үйімен, өз халқымен, ауласымен, спорт клубымен, қаласымен, аймағымен, елімен мақтануы.
Азаматтық қоғам - өзін барлық деңгейде - жергілікті ұйымдардан жалпы халықтық (мемлекеттік) деңгейге дейін қалыптастыра алатын, өзінің сұраныстары мен қызығушылықтарын таңдаулы демократиялық билік органдары, өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары арқылы ашық көрсете алатын қоғам. Тәрбие білім берудің басты мақсаты болып табылатын, азаматтық қоғам онда жауапты азаматтың міндетті түрде болуын болжайды.
Жаңа қазақстандық патриотизм «Қазақстан-2050» стратегиясындағы қазақстандық даму үлгісі негізінде көпұлтты қоғамның, идеологиялық, мәдени және рухани шоғырландыру идеологиясы мен стратегиясы болып табылады.
Патриотизм өзінің жеке мүдделерінен мемлекеттің мүдделерін жоғары қоятын, оған адал қызмет ететін, өз мемлекетінің жоғары дәрежелі бірегей азаматы.
Ұлттық таным – өзінің ұлттық қызығушылықтарын қоғамның танып білуі. Ұлтты, өмір сүретін территориясын, экономикалық ресурстарын, рухани құндылықтарын қорғау.
Меритокра́тия ( «лайықтылар билігі», от лат. meritus — лайықты және басқа. -греч. κράτος — билік, басқару) — әлеуметтік шығу тегі мен қаржылық жағдайына қарамастан, билік басында қабілетті адамдар отыруы тиіс деген ұстанымдағы басқару түрі. Көбінесе екі түрлі мағынада қолданылады. Терминнің бірінші мағынасы аристократия мен демократияға қарама-қайшы келетін, басшылар арнайы әзірленген таланттар ішінен алынатын жүйеге сәйкес келеді. Екіншісі, неғұрлым кең таралған - дарынды және еңбекқор адамдарға болашақта бәсекеге қабілетті, қоғамда жоғары лауазымға ие болуға мүмкіндік беру үшін бастапқы шарттарды қоя білу.
Меритократикалық қоғам — бұл істеген еңбегі үшін марапатталатын қоғам. Демек, адал еңбегі, әскери немесе азаматтық ерлігі, қайырымдылығы үшін.
Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлт.
Лейтмотив – жетекші мотив (адам әрекетіндегі, оқиғалар тізбегіндегі үстем бастама деген кеңірек мағынаға ие).
Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.
Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ.
Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру.
Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты.
Мен оқушы қалпымнан кішіпейілділік, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, әр істі тиянақтылықпен орындап, жауапкершілікпен қарау, үлкендерді сыйлау, тағы да осы секілді асыл қасиеттерді бойыма жинауға дағдыландым. Халық мұрасы саналатын ата – бабаларымыздан қалған өсиет, нақыл сөздерін, ұлағатты тұлғалардың, би – шешендердің өнегелі өмірін қазіргі жас ұрпаққа үлгі етіп келемін.
Мен өз елімнің патриотымын,
себебі мен Отанымды , туған халқымның тарихын, ана тілін, салт -
дәстүрін, Ата Заңын құрмет тұтамын. Халқымның рухани құндылықтарын,
мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз
үлесімді қосамын. Өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар – ожданы
жоғары намысқой азамат тәрбиелеуде еш аянып қалмасым
анық.
«Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға
қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген
терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды
танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың
мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің
астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен
деген ой жатыр.
«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мен өз елімнің патриотымын!
/ Білім күніне арналған тәрбие сағаты./
10 сынып
Сынып жетекші:Смаилова Э.Д
2017-2018 оқужылы