400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мен өз елімнің патриотымын!» Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мен өз елімнің патриотымын!» Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Семей қаласынының Шәкәрім атындағы университеті












СӨЖ


«Мен өз елімнің патриотымын!» Тәрбие сағаты









Тексерген:Балтабаева А.Д

Орындаған:Төлеуғажина П.А

Топ:ГИ-101





















Семей 2022

Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!»


Мақсаты:

1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

2. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слайд, бейнетаспа


Барысы:


1. Ұйымдастыру.

Тәрбие сағатын еліміздің әнұранымен бастайық.


Әнұран


2. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Балалар, алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткеніміз жөн болар.


Әр оқушы айтады


Алибек: Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін.

Даулет: ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт- дәстүрін дәріптейтін.

Данияр: ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға.

Санжар: Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет ететін.

Перизат: халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

Әсия: Патриоттық ең алдымен туған елінің тамыры терең тарихын білуден, бабаларымыз ғасырлар бойы жүріп өткен қилы замандардан сабақ алудан басталады. Елінің өткеніне құрметпен қарап, қазіргі замандағы даму барысына шын ниетпен үлес қосып, болашағына үмітпен қарап, өз елінің перзенті ретінде азаматтық парызын адал атқарған адамды ғана шын мәнінде нағыз отаншыл адам деуге болады. Сондықтан ең бірінші қадамымыз тарихымызды білуде жатыр. Бұл ретте Елбасмыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласына тоқталып өтпесек болмайды.

Еркежан: Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде,ұлт тарихы басталады. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, ұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы, әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Осыған байланысты, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.

1. Атқа міну мәдениеті

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия

3. Аң стилі

4. Алтын адам

5. Түркі әлемінің бесігі

6. Ұлы Жібек жолы

7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны


Бейне таспа

Ал өзіміз еліміздегі өнер, білім, спорт саласының дамуына шамамыз келгенше қандай үлес қосып жүрміз?

Балнұр: Біз сыныбымыздың ұл-қыздары жеткен жетістіктерді көрсету үшін бейнетаспа дайындап едік. Осы уақытқа дейін жеткен жетістікітерімізге шолу жасап көрейік.


Бейнеролик

Асель: Ал сыныптасымыз Есенгелды Даулет қазақтың көне аспабы Жетігенде күй тартып, әр түрлі конкурстардың жүлдегері атанып жүр. Енді Даулет өнерін тамашаласақ.


Есенгелды Даулет күй.


Жансая: Қазақстан, сен заңғар биіксің,кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер! Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтың балаңмын!



Аружан: «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші болашағымызға көз жүгіртсек. Өйткені «Мәңгілік ел – болашақтың бағдары» деген ұстаным еліміздің басты ұраны іспетті. Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.


Ән «Көк тудың желбірегені».


Қорытынды: — Міне, балалар, бүгін өздерің Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріктерінді, яғни, нағыз азамат болып қалыптасып келе жатқандарыңды көрсете білдіңдер. Сондықтан өткенін құрметтейтін, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтайтын, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, болашақтарын жарқын болсын!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.04.2023
356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі