Тақырыбы: “Мен – Патриот -
Азамат!”
Мақсаты: –
қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа
Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін
иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.
Кешенді міндеттері:
-
білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі
құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код,
«Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік,
прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің
салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;
-
білім алушылардың зерттеу, шығармашылық,
коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;
-
білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық
дамыту;
-
жастардың бойында жоғары патриоттық сананы
қалыптастыру;
-
Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық
ұстанымды ынталандыру.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, рәміздер, қанатты сөздер,
гүлдер.
Барысы:
Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ
аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа
кіреді.
1 топ Отаншыл
2 топ Намысшыл
Негізгі бөлім:
– Cәлематсыздарма оқушылар! Тәрбие сағатымызды
Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын “Біз “Ұлы Дала
елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан
асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың
ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын
төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі”
атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
Биыл 2017 жыл айтулы күндерге толы жыл, атап айтар болсақ,
Қазақстан тәуелсіздігіне 26 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 22
жыл, сонымен қатар 2012 жылы Елордамыз Астана «EXPO-2017»
Халықаралық көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алды. Халықаралық
Көрмелер бюросының (ХКБ) Бас Ассамблеясы отырысында әлемнің 148
мемлекетінің 103-і Астана кандидатурасын қолдап дауыс берді. 2017
жылы өтіп жатқан Астана Экспосы, сөз жоқ, адамзат санасын дүр
сілкіндірді деген үміт бар. Себеп – елордамыздағы көрме
Елбасы ұсынысымен «Болашақтың қуаты» деп аталып
отыр.
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы –
болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын
көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы
жарияланды.
Мәңгілік Ел- ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл
арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем
картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану
еді.
-біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік
елдің іргетасын қаладық.
-біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты
ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
-ол-Мәңгілік Ел идеясы
-Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік
болашағын баянды етуге арналады
-ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың
перзенті
-Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы
бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп
қазығы
-Мәңгілік Ел болу біздің өз
қолымызда
Ой шақыру.
Патриот деген кім?
(Балалардың пікірлері)
Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық
ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау
Патриотқа тән қасиет
|
Патриот емес адамның қасиеті
|
Маған тән қасиеттер (алдыңғы
бағандардан)
|
|
|
|
|
|
Болжамды жауаптар:
• жауапкершілік;
• әділеттілік;
• төзімділік;
• адалдық;
• батылдылық;
• шыдамдылық;
• ризашылдық;
• зейінділік.
|
Болжамды жауаптар:
• өзі
өмір сүріп жатқан қоғамды құрметтемеу;
• жауапсыздық;
• отбасы алдындағы борыштың
болмауы;
• берекесіздік;
• бағдарсыздық (өз елі туралы дұрыс пікірде болмау
және оны жақсарту үшін ештеңе жасамайды);
• арамтамақтық, жұмыс істегісі
келмеу;
• Отанға деген сүйіспеншіліктің
болмауы.
|
|
Кестені толтырып болғаннан кейін білім алушыларға
«Сіз қандай қасиетті ең басты деп ойлайсыз және неге?» деген
сұраққа жауап беру ұсынылады.
-
Мағынаны таңдау.
Екі топқа қағаз таратылады оқушылар постер
қорғайды.
Постер қорғау «Патриот деген ол
….»
-
Әскери міндетке жауапкершілікпен
қарау;
-
Туған жерге деген ыстық сезім;
-
Ата- баба өсиетіне адал болу;
-
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге
ұмтылу;
-
Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен
мүддесі үшін жұмсау;
-
Ана тіліне деген құрмет;
-
Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін
құрметтеу;
-
Елдің тарихын құрметтеу;
-
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет
сезім;
-
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін
мақтану;
-
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен
қарау;
-
Заңға бағыну;
-
Үкіметті сыйлау;
-
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын
қорғауға дайын болу;
-
Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге
құштарлық;
-
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін
тыңбай нығайту;
-
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны
гүлдендіру
-
Ыстық
орындық ойыны.
Сұрақтары.
-
ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар
,шаңырақ,жұлдызша.күн
-
Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991
жыл 16 желтоқсан)
-
«Отан қорғау» дегенді қалай
түсінесің?
-
Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?.
Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан
республикаларымен
-
Әнұранның авторларын ата? –
(Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
-
ҚР тұңғыш президенті кім? –
(Н.Н.Әбішұлы)
-
ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)
-
Қазақ хандығының құрылғанына неше
жыл?
-
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар
Әубәкіров)
-
Конституция күні? – (30 тамыз)
-
ҚР тәуелсіздігін алғанына биыл неше жыл
толады?
“
Туған жеріңе не бересің?
”ойыны
–
Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы
қандай ағашпен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы
бар? Оқушылардың жауабы
Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани
өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Тәуелсіз
Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне,
гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді
қосыңдар.
–
Міне, сендерге қарағай ағашын
дайындадым.
–
Ағашқа не жетіспейді?
жапырақтары
–
Сендердің парталарыңда жапырақтар
жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?»
сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.
Мысалы: әдемі үй салу…).
( Жұмыс аяқтал