Материалдар / Мен патриотпын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен патриотпын

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Ұды дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; – Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2019
374
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын»

Сабақтың арқауы: Мен – мәдени ұлттық игіліктер патриотымын

Сыныбы:

Уақыты:

Мақсаты: – Оқушыларды Ұды дала елін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз  елінің  тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған  еліне,  жеріне   деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
– Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап,  мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
– оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Сабақтың міндеттері:

  1. Оқушыларды Отаны туралы,өз елі, жері туралы, тегі, тарихы мен бүгіні, болашағы жайлы білім беру.

  2. Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.

  3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Отан – әр адамныңжүрегінежылытиерқасиеттісөз.Отан –сенің туған елің, , дос –жарандарың, туғантуысқаның. Отан-бұлөзіңніңтұратын, өмірсүретін, қызметететінжерің туған жерің. Отанадамүшінбіреу ғана. Отандыанағатеңейді. Себебі, Отансендердіанаңдайқорғайды, көмектеседі, күшбереді.БізОтанымызды, еліміздісүйеміз. Біз, Қазақстанныңпатриотымыз!

«Ассоцация» тәсілі

«Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстыружәне сөйлемдерді жалғастыру. ,

Патриот – бұл...........

Болжамды жауаптар:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.

2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.

3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.

4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің  жеңістермен мақтанатын адам.

5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.

6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.

7. Елі үшін  өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.

8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.

9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.

10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.

11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.

12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.

13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын  мақтан тұтады.

14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін

Балалар әр жауапты стикерге жазып, тақтаға іледі. Тақтада «Мен -париотпын» деген тақырыптың мәні ашылады.

І. «ӨТКЕН КҮН-ТАРИХ»

  1. Қазақ хандығын кімдер құрды?

  2. Қазақ халқының батырларын ата?

  3. Қазақ халқының ұлттық киімдері қандай?

  4. Халқымыздың ең керемет салттары қандай?

  5. Ежелгі қалаларды білесіңдер ме? Оларды не ерекшелейді?

Олай болса балалар, қазақ даласының киелі жеріне саяхат жасайық. Экранға назар аударыңдар!

«Жібек жолы» іскерлік ойыны. Экранда көрсетілген қазақ елінің ежелгі қалалары және ескерткіштерімен таныстыру мақсат етіледі. Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және ежелгі Отырар қаласы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енгізілген Тамғалы археологиялық кешені айналасындағы ескерткіштерді сипаттау ұсынылады;

Міне, балалар, еліміздің басына бақ болған Алтай мен Атыраудың арасында, Ертіс пен Еділ, Жайық жағасында мекен еткен бабаларымыздың бізге аманат еткен мұраларын көздің қарашығындай сақтау әрбіріміздің борышымыз деп ойлаймын. Одан беріде қазақ халқы барлық сындардан сүрінбей өтіп, қазақ жастары өз елін, жерін сақтау үшін көптеген қиындықтардан өтті. Оның бір дәлелі егемендіктің жолында өз өмірлерін Отан үшін қия білген жастарымыздың ерлігінен байқауға болады. Олар - Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев сынды ағаларымыз. Олар өз елінің нағыз патриоты екендігін дәлелдеді.

ІІ. «БҮГІНГІ КҮНМЕН МАҚТАНАМЫН»

Бүгінгі күні біз АҚШ, Ресей, Қытай сынды алпауыт елдермен иық тіресіп дамып келе жатқан егеменді мемлекетпіз. Бұл атақ, даңқ ата-бабамызға арман болса, бізге көзбен көруге мүмкіндік туғызған ең керемет құндылықтың бірі. Олай болса, егемен еліміздің жаңа ғана тәй-тәй басқан қадамдары жайлы не білесіңдер?

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн)

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен

  5. Әнұранның авторларын ата? (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

  6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

  7. Конституция күні? – (30 тамыз)

«Қазақстан» деген сөзді естігенде ең алдымен көз алдарыңа не елестейді? Өз ойларыңмен бөлісіңдер. Қазақстан - болашақтың үлкен белесіне шығып жатыр.

Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін.

Бүгінде еліміздің абыройын асқақтататын , бүкіл әлемге жерімізді, елімізді, салт-дәстүрімізді танытатын тарихта қалатын оқиға болды. Ол әрине – ЭКСПО-2017. Ендеше назарларыңды интербелсенді тақтаға аударыңдар! (Слайд арқылы ЕКСПО-ның ерекшеліктерін көрсетіп, баяндау)

ІІІ. «БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ»

Балалар елдің шынайы патриоты ретінде Қазақстан үшін не істер едіңдер? Қазақстанның болашақта қандай жетістіктерге жеткенін қалайсыңдар? Қандай қадамдарды нық жасағанын қалар едіңдер? Пікір айтқан балалардың қолына «қадам»-ның кеспе қағазын беремін, олар өз пікірлерін жазып, плакатқа іледі.

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!