Материалдар / "Мен патриотпын" 8 сынып

"Мен патриотпын" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғымдарын қалыптастыру. Отанды сүюге, Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Мен кіші патриотпын

Мақсаты: Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғымдарын қалыптастыру. Отанды сүюге, Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер

Тәрбие сағаттың түрі: сұрақ-жауап, сипаттау,жинақтау.

Тәрбие сағатының барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Сіздер бүгін ерекше көңіл-күймен, әдемі киімдеріңізбен келіпсіздер.

Оқушылар,кішкене ойын ойнап жіберейік.Мен сөйлемдер айтамын, дұрыс айтылса шапалақтаймыз, қате айтылса шапалақ соқпаймыз.

1.Бүгін білім күні. (шапалақ соғады)

2.Сіздер бала-бақшаға келдіңіздер. (шапалақ соқпайды)

3.Сіздер сыныпқа келдіңіздер. (шапалақ соғады)

4.Сіздерді дәрігер қарсы алды. (шапалақ соқпайды)

5.Сіздер Ақсай қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектепке келдіңіздер.

6.Енді сіздер оқушы атандыңыздар. (шапалақ соғады)

Шаттық шеңбері

Оқушыларды шеңберге тұрғызып, «Гүл сыйлау» ойыны арқылы таныстыру.

II.Негізгі бөлім

Жарайсыңдар.Енді, тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Психологиялық дайындық

Туған жер – қамқор анамыз,

Біз болашақ панамыз.

Шаттық берген өмірде,

Шамшырақтай жанамыз.

Балалар, міне сіздер бүгін мектеп табалдырығын аттап, бал дәурен балалық шақтарыңызбен қоштасып, білімге талпынған үлкен қадам жасағалы отырсыздар.

Сіздердің білімдеріңізді байқап көру үшін, сіздерге сұрақтар қоямын.

Слайд. Қазақстан суреті.

-Біз қай елде тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында

-Дұрыс,Қазақстан – қазақ елі, ертеден ата-бабамыз қоныс еткен жер.Қазақ жері – ұлан байтақ ел.

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Балалар,1991 жылы 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық президент сайлауы нәтижесінде алаш жұртының абзал перзенті, халқы таңдаған қаһарман, елі таңдаған ер тұлға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында жеңіс туы желбіреді.

-Балалар, біздің Отанымыздың астанасы қай қала?

-Астана

-Сіздер, Астанаға барып көрдіңіздер ме?

-Ия

-Астана қандай қала?

-Астана әдемі, жас қала.

-Көркі көз тартатын, сәулетті де сәнді, айшықты да айбарлы Астана – барша Қазақстандықтардың сүйікті қаласы.

Астана қаласына көрік беріп тұрған бұл айшықты ғимараттар.

Ендеше, қазір сол ғимараттардың бірін көрейік.

-Бұл ғимарат қалай аталады?

-Бәйтерек.

-Дұрыс. «Астана-Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынған.Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр.Биіктігі 97 метр.



Қазақ елін,қазақ екенімізді танытатын қандай рәміздеріміз бар?

Ту. Елтаңба.Әнұран.

Дұрыс айтасыздар.Әрбір Республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны , елтаңбасы, туы болады.

Ту, елтаңба, әнұран жайында не айтасыздар? (оқушылар өз ойларымен бөліседі)

Қазақстан Республикасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?

1-оқушы

Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.



2-оқушы

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

3-оқушы

Елтаңбасы елімнің,

Қандай әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

4-оқушы

Отанды біз мекен еткен

Деп аялап айтамыз

Өйткені онда мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

5-оқушы

Осынау елде бақ табам

Осынау елде шат балам

Мерейін елдің арттырған

Астанам менің – Астанам!

Өте жақсы, сіздер рәміздер туралы, Отанымыз туралы көп біледі екенсіздер.Барлық сұрағыма жақсы жауап бердіңіздер.Осы рәміздермен қатар құрметтеуге міндет және оған бағынуға тиісті Ата Заңымыз бар.Ол – Конституция.

Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына күні кеше 30 тамызда 20 жыл толды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз – Негізгі Заңға құндылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.» – деген екен.



Рефлексия

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы.

Қазақ елі – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.Бізде ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар: орыстар, өзбектер, кәрістер,ұйғырлар, татарлар т.б. Қазақстан сондықтанда көп ұлтты мемлекет болып саналады. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай жақсы көреді, сүйеді,көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

III.Қорытыңдылау.

-Балалар, сіздер өміріміздің жалғасы,еліміздің қорғаны, тірегі болыңыздар!

Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта, бар қалан»– деп, бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





































Сабақтың тақырыбы:
Мен кішкентай патриотпын
Мақсаты:

Білімділік: Отаны туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым қалыптастыру. Кең-байтақ жеріміз, пайдалы қазбаларымыз жөнінде ұғымдарын қалыптастыру. Еліміздің рәміздерін қастерлей білуге үйрету.

Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге жетелеу.
Тәрбиелік: Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген   сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отансүйгіштікке баулып, патриоттық тәрбие беру. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке,  елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.  

Көрнекілігі: «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы. Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздері, қанатты сөздер, буклет, Астана қаласына байланысты суреттер. Темір жолы, пойыз

Әдісі: Саяхат сабақ . Пойызды теміржол бойымен жүргізіп, аялдамаларға тоқтау
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық тәрбие беру.



Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық
«Шаттық » шеңбер:


Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
      Құт, береке-шаңырақ,
      Орын алған ол төрде.
      Билігім өз қолымда-
      Еркіндігім- Елімнің!   
    

- Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай ұйымдастырған «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!



- Балалар, «Отан дегеніміз не?»

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

- Отан дегеніміз - адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- Қазақстан Республикасы.

- Балалар, біз қазір елімізді, жерімізді тереңірек танып білуіміз үшін пойызбен саяхатқа шығамыз. Осындай аялдамаларға тоқтаймыз:

1. «Менің Тәуелсіз Мемлекетім» аялдамасы. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы)

2. «Отанымыздың елордасы – Астана» аялдамасы.

3. «Менің өлкем» аялдамасы.(Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерімен таныстыру, облыстар туралы айтып өту)

4. «Туған жер табиғаты» аялдамасы.

5. «Қазақстанның көрікті жерлері» аялдамасы

6. «Қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті. Салт-дәстүр мен әдет ғұрыптары»



Мұғалім:

Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба,Туын,Әнұран-
Тәуелсіздікке тәнтбелгі-
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы білімдерін жетілдіру (Бүктеме қолдану)

Елтаңба, Ту, Әнұран – Мемлекеттік рәміздер. Олар еліміздің тарихын, дәстүрін,

болашағын  айқын көрсетеді.

Біз – Қазақстан Республикасының азаматтарымыз.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

Қазақстан Республикасының Ата Заңы – негізгі заң. Осы жылы Қазақстан

Республикасының Конституциясына 20 жыл толып отыр.

Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.



2. «Отанымыздың елордасы – Астана» аялдамасы. (Астана қаласы көрінісі, бүктеме, слайд)

Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам - бас қалам.



Астана – Отанымыздың елордасы. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың

ұсынысымен 1997 жылы қала Қазақстанның жаңа астанасы болып жарияланды. Қаланың ортасынан Есіл өзені өтеді. Астана тез өсіп, дамып келеді. Ол – еліміздің мақтанышы. «Астана- Бәйтерек» кешені – Астананың символы. Оның ең жоғары қабатына шығып қарасаң, жас әрі жаңа Астананың керемет көркін тамашалайсың.



Сергіту.

«Туған жер» тақырыбына аппликация құрастыру (Тақтаға магниттің көмегімен суреттерді қолданып аппликация құрастыру)



3. «Менің өлкем» аялдамасы.

Балалар, бұл не? (Карта)

- Бұл Қазақстан Республикасының картасы. Онда әр түрлі түстермен облыстар

белгіленген. Қазақстан Республикасы бойынша 14 облыс орналасқан. Біз Ақмола

облысында тұрамыз. Ақмола облысы еліміздің солтүстігінде орналасқан. Облыстың

орталығы Көкшетау қаласы. (Барлық облыстарды атап өтіп, картадағы орналасқан

жерімен таныстыру, әр облыста өндірілетін өнімдер туралы мәлімет беру).



4. «Туған жер табиғаты» аялдамасы.

Біздің Отанымыздың жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қырат та

кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға, қазба

байлыққа бай.

Туған жер табиғаты.

Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан. Кең-байтақ жеріміздің

табиғаты байлығымен, алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Оның солтүстігі мен шығысын ну орманды жерлер алып жатыр. Орталығы мен батысы – далалы жердің өлкесі. Еліміздің оңтүстігінде республикамыздағы ең биік Тянь-Шань тауы бар.

Каспий теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөлдері, Іле, Ертіс, Сырдария өзендері – еліміздің су байлығына жатады және балық қорының көзі болып саналады. Республикамыздың жануарлам мен құстар әлемі де алуан түрлі.

5. «Қазақстанның көрікті жерлері» аялдамасы

«Менің - Отаным Қазақстан» кітабын қолданып, оқушыларға Хантәңірі шыңы, Бурабай, Маңғыстау түбегі, Қатон-Қарағай ұлттық табиғи саябағы, Шарын шатқалы туралы шағын мәліметтер беру.

6.Қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті. Салт-дәстүр мен әдет ғұрыптары»

6. «Қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті. Салт-дәстүр мен әдет ғұрыптары»

Қазақтың тұрмысы мен мәдениеті – киіз үйі, ұлттық киімі, өю-өрнегі,ерекше

дастарқаны, ұлттық музыкалық аспаптарымен ерекшеленеді.

Суреттер арқылы киіз үй, ұлттық киім, қазақтың ою-өрнегі, дастарқаны, ұлттық музыкалық аспаптары туралы мәлімет беру.

Ойын: «Мен елімнің азаматымын»

Әр оқушыларға суреттер беріледі. (Әр ұлттың ұлттық киімдері, салты, музыкалық аспаптары т.б.) Оқушылар тек қазақ халқына тиесілі суреттерді бір жерге жинайды. Неге сол затты таңдағандарын дәлелдейді. Ойын соңында балалар смайлдармен мадақталады

Қорытынды.

  • Бүгін сендер саяхатқа шығу арқылы Отанымыз туралы көп мәлімет алдыңдар деп ойлаймын. Біздің Отанымыз Қазақстан екенін, еліміздің тарихы өте бай екенін білдіңдер. Біз бәріміз өз Отанымызды, әсем Астанамызды мақтан етеміз. Өйткені елімізде адамдар бір-бірін сыйлайды, көп ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.

  • Қазақстанда бәрімізге тең құқық берілген. Білім алғысы келетін адамдардың бәріне

жақсы мүмкіндік бар. Балалар, сендер де мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өздеріңе артқан үмітті, сенімді ақтағандарың жөн. Білім сапарында сендерге ақ жол тілеймін! Еліміздің мақтан тұтар азаматы болыңдар!



Тақырыбы: Мен кішкентай патриотын

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ассамблеяның 20 жылдығы туралы мәлімет беру, патриоттық сезімдеін ояту
Түрі: сайыс
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас
Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Хор: Әнұран.
- Кәне балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.

ІІ. Негізгі бөлім.
Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)
1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен
(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.)
Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.
20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
20 – Еліміздің бас қаласы
20 – ҚР президенті
50 – ҚР туының авторы
50 – ҚР елтаңбасының авторлары
50 – Әнұранымыздың авторлары
100 – Еліміздің көрікті жерлері
Мұғалім сөзі: «Тарихи терең, бірлігі жарасқан –Қазақстан» тақырбында шағын баяндама.

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс - шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.
Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Міне, бүгінде осындай тарихы терең еліміз өз тәуелсіздігінің арқаснда көптеген жетістіктерге жеткені анық. Әрине, бұл халқымыздың татулықта, бейбітшілікті ту етіп, елбасымыздың салиқалы саясатын қолдауының арқасында жеткен жетістігі. Осы орайда айта кететін дүние Қазақстанда тек қана қазақ халқы емес, сондай-ақ түрлі ұлт өкілдері де тұрады. Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. 20 жыл ішінде Қазақстанды 120 - дан астам ел танып, 130 - дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату - тәтті өмір сүруде! : Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес. Осы мақсатта биылғы жыл «Қазақ Ассамблеясының 20 жылдығы» деген атпен аталып, тойлануда. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»деген тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮІІ сессиясын өткізген болатын. Қазақстан халқына бақ болып қонған келісім мен бірлік «Бір ел – бір тағдыр» ұстанымына сүйене отырып, Қазақстанның барша азаматын Елбасының ел тұрғындарына жолдаған «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты Жолдауындағы міндеттерді іске асыру жолында бір елдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмылуға шақырды.
Ассамблеяның ХҮІІ сессиясының қатысушылары Қазақстан халқының ұлттық рухы – дәстүр, отансүйгіштік, жаңару мен жеңіс рухын нығайтуға шақырды.
Біз, ел азаматтары, Ұлт көшбасшысы Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен бірлесе отырып, күшті, ырыс - ынтымағы тасыған, өркені дамыған Тәуелсіз Қазақстанды құратынымызға сенеміз!


- Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
1 - оқушы: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
2 - оқушы: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
3 - оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
4 - оқушы: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
5 - оқушы: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
өз қолыңмен аш маған.

- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
1 - оқушы: Отан от басынан басталады.
2 - оқушы: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3 - оқушы: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл.
4 - оқушы: Отан оттан да ыстық.
5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің.



Мұғалім сөзі: Жарайсыңдар, балалар. Ендеше сендерге тапсырма берейін.

1-топ. «Бірлік» сөзіне постер қорғау

2-топ . «елімнің өткен тарихы» постер қорғау

3-топ. «Қазақстанның болашағы» псотер қорғау
Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.
Тілек.
(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.
Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)
Қорытынды.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Менің Отаным-Қазақстан» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.









Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен кішкентай патриотпын» 
Тәрбие сағат мақсаты: 
Білімділік:Білім күні мерекесіне орайластыра отырып балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 

Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. 
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. 
Тәрбие сағат көрнекілігі: ҚР рәміздері, карта, қанатты сөздер 
I. Кіріспе. 
- Құрметті ата-аналар, оқушылар, қонақтар сіздерді «Алғашқы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер мектепке күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер. 1 қыркүйек білім күнін пайдалана отырып бүгінгі «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбы аясында өтетін тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. 
-Балалар мен сендерге бір ертегі оқып бергім келіп тұр. 
- Көгілдір өзен жағасында, жап- жасыл көкорай шалғында Ақ ботақан өмір сүрген екен. Ол көкте жүзген бұлттай ақшаңқан болыпты. Күнде таңертең әжесі Үлкен Үнген ішкізетін сүт секілді аппақ болыпты. Барлық Ботақандар сияқты ол да қиялдағанды жақсы көретін. Ол күндердің бір күнінде саяхатқа тартып кетуді армандайтын. Сондықтан да таңның атысынан күннің батысына дейін түрлі кітаптар оқитын еді. Ол әліппе мен дүниетану туралы кітаптарды мектеп кітапханасынан тауып алатын. Сонымен қатар оның Құлын, Балапан, Қошақан сияқты өте сенімді достары бар еді. Ол достарын қасынан, арман- қиялынан еш уақытта қалдырмайтын. 
Бір күні Құлын, Балапан, Қошақан үшеуі Ақ Ботақанға бара жатқанда күннің көзін бұлттар жауып тастапты. 
- Оқушылар, қазір тақтаға жасырын күн шығады .Күннен шыққан сәулелерді бұлт жауып тұр.Сол бұлттарды ашу үшін ,сендер әр-түрлі сұрақтарға жауап бересіңдер. 
II. Негізгі бөлім. -1.Балалар, біздің туған өлкеміз,Отанымыз қалай аталады? 
-Қазақстан 
-2. Қазақстан қандай мемлекет? 
-Тәуелсіз,егеменді мемлекет. 
-3. ҚР-сының мемлекеттік тілі қандай? 
-Қазақ тілі 
- 4. ҚР рәміздерін ата? 
-Елтаңба, Ту, Әнұран 
-5. ҚР еліміздің тұңғыш президенті кім? 
-Н.Ә. Назарбаев 
-6. ҚР астанасы кай қала? 
- Астана 
- Ал енді міне күнімізді бұлттардан құтқардық.Біздің күніміздін ортасынан «ҚАЗАҚСТАН» сөзі шықты.Оңың шуақтарынан Қонақжай- қазақ елі қонақжай халық. Көп ұлтты- біздің елде әр түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір кешуде. Өнерлі- қазағымыз сегіз қырлы, бір сырлы халық. Табиғаты тамаша – еліміздің табиғаты керемет.Бурабай, Баянауылға барсан таулары, ағаштары, көлдері қандай ғажап.Қазақстанымыз қарқынды даму үстінде, баршамызға қымбат және бақытты ел. 
Ойын:«Туған жерді гүлдендір» 
- Қазақстанның жері - кең-байтақ.Батыстан шығысқа қарай үш жүз мың 
шақырымға,солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға 
созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі.Мұнда тау да,өзен де,шөл де бар. -Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел болып жарияланды. –Тәуелсіз мемлекетЕшкімге тәуелді емес,дербес,яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет. 
(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады. 
- Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне, сендерсіздер. 
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің. 
III.Қорытынды бөлім. 
Сендер де ертең еліміздің көркеюіне өз үлестеріңді қосасыңдар,бірің 
сәулетші, бірің, дәрігер, бірің құрылысшы, тағы да басқа маман иесі болып, елді гүлдендіре түсесіңдер деген сенімім мол.Сонымен, «ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, мәңгілік ел болу үшін осы отырған бүлдіршіндеріміз аман болып, болашақтары жарқын болсын деп тілейік! 
Сонымен балалар Отан деген не? 
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен. 
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз керек. 
Байтақ дала жерім менің 
Арта берсін даңқың сенің 
Көк байрағың желбіресін 
Егеменді елім менің 
– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. 



ЖИ арқылы жасау
25 Қаңтар 2019
516
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі