Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен қайда тұрамын

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға өз сабақтарында қолдануға болатын материалдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен және қоғам

Бөлімше:

Менің ата-мекенім.

Күні: 08.12.2018

Сынып:




Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:



Мен қайда тұрамын?

Осы сабаққа қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1.Өз мекенжайын атау және елді мекеннің географиялық орналасқан жерін анықтау.

1.1.3.2.Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрікті жерлерін сипаттау.

Сабақ мақсаттары


Барлықоқушылар:Өз мекенжайын атап және елді мекеннің географиялық орналасқан жерін анықтайды.

Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрікті жерлерін сипаттайды.

Көптеген оқушылар: Өзі тұратын елді мекеннің географиялық орнын табады. Оқушылар туған қалаларының көрікті жерлері жайлы мағлұмат айтып, салған суреттерін ұсынады, топта қорғайды. Қаламыздың қай облыста орналасқанын зерделейді.

Кейбір оқушылар: Еліміздің көрікті жерлерін атайды, таныстырылым негізінде еліміздің табиғаты жайлы айтады. Саяхатшы Ш.Уәлиханов жайлы әңгімелейді.

Бағалау критерийлері


1. Өз мекенжайын атап және елді мекеннің географиялық орналасқан жерін анықтайды.

2. Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрікті жерлерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: Оқушылардың кеңістіктегі дүниені, қоршаған ортаны және олардың орналасуын сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология: географиялық орын, көрікті жерлер, ғимарат түрлері (әкімшілік, мектеп, саябақ, ескерткіш)

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

*Географиялық орын дегеніміз не?

*Қаламыз, облысымыз қайда орналасқан?

*Біздің қаламыз жайлы нені білдік?

*Көрікті жерлер деген ұғымды түсіндіңіздер ме?

Құндылықтарды дарыту


«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарының қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыруды білім беру мен тәрбиелеуде негізге алдым.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, сауат ашу, музыка.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым, интербелсенді тақта.

Бастапқы білім

Өз үйі, өзін қоршаған ортасы, мекенжайы жайлы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

2 мин



1 мин



3 мин


1 мин


1 мин





3 мин


Психологиялық дайындық: Сергіту сәті:"Жер шары" (оқушылар дөңгелене тұрып, бірінің қолын бір рет, келесі айналғанда екі рет, келесі айналымда үш реттен қысады. Әр қысқан сайын бір жақсы сөз атайды)

"Инцидент" әдісі (сырттан бір бала : "Алақай, алақай, мен саяхатқа билет ұтып алдым. Кім менімен бірге барғысы келеді, тезірек тапсырмаларды орындаңдар!"-дейді.)

Ұсынылған кеспе әріптерден «қала», «ауыл» сөздерін құрастырып, өткен сабақ бойынша білген қала мен ауыл тіршілігі жайлы әңгімелейді.

Топқа «Көкжиек тұстары» арқылы (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс) бөлінеді.

неМ адйақ нымарұт? (теріс жазылған сабақ тақырыбын оқу)логикалық тапсырманы орындау арқылы бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатын ашып аламыз.

Саяхатқа даярлық: (Ұ)Тапсырма №1: «Құрастырмақ» әдісі арқылы жүзеге асырады.

Өз үйіңіздің сұлбасын жасаңыз!

Саяхатқа шығу: Үйіңізді қаланың тиісті жеріне орналастырыңыз! (бағдарлауды еске түсіреді)

Қалаңызды Отанымыздың картасына орналастыр!

Дескриптор:

  1. Өз үйін құрастырады.

  2. Бағдарлау арқылы үйлерін қаланың географиялық орнына орналастырады.

  3. Бағдарлау арқылы қаламызды Отанымыздың географиялық орнына орналастырады.

Қ.Б: «Сен тамаша құрастырғышсың!», «Сен тапқырсың!»(ауызша бағалау)

«Дүниетану» оқулығы. 1 класс

Қ.Қ. Байтенова, А.А. Жакеева, Е.Н.Попова. Мектеп,2016

























Сабақтың ортасы

3 мин














10 мин
























1 мин



10 мин

(Д)Тапсырма №2: «Мозайка» әдісі арқылы дербес тапсырмалар орындайды.

Қазақстанның картасын мұқият қара!

Еліміздің қай бөлігінде тұрасың? Көрсет.

Дескриптор:

1. Оқушылар картамен жұмыс жасайды.

2. Еліміздің бөліктерінің атауын айтады (Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық Қазақстан)


Қ.Б: «Тұсбағдар» (сары тұсбағдарға-өзінің тұратын облысын атап, картадан көрсеткен оқушылар , жасыл тұсбағдарға-еліміздің барлық облыстарын атаған оқушылар, көк тұсбағдарға-картамен жұмыс істеп, бөліктерді біріктіре білген оқушылар өз стикерлерін жабыстырады)


(Т) Тапсырма №3:«Бағыт» әдісі арқылы оқушылар туған қалаларының көрікті жерлері жайлы мағлұмат айтып, салған суреттерін ұсынады, топта қорғайды.Суреттерін жіпке іліп, көрші топтар жұмысын көреді.

Өзің тұратын елді мекеннің көрікті жерлеріне зерттеу жаса.

Ол үшін: 1. Зерттеу нысанын таңдап ал.

2. Басқалардың көмегімен оның атауы/тарихы туралы ақпарат жина.Ол ғимарат атын, нысанын, ескерткіш атын айт.

3. Жинаған ақпараттарыңа қатысты сурет сал.

4. Топта әңгімелеп бер.

Қаламыздың өздері білетін жерлерін ата.

Туған жерлері туралы сурет сал.

Нысан жайлы мағлұмат айтып, топта қорға.

Дескриптор:

1. Оқушылар зерттеу нысанын таңдайды

2. Зерттеу нысаны бойынша қажетті ақпарат жинайды.

3.Зерттеулерінің негізінде алған мағлұматтарын, салған суреттерін топта қорғайды.

Қ.Б: «Күн, жасырынған күн, бұлт» (күн-өзінің жинаған мағлұматтарын топта қорғай білген оқушылар, жасырынған күн –туған жерлерін жайлы сурет салып келген оқушылар, бұлт-нысанның аты мен ол туралы ақпарат ұсына алмаған оқушылар өз стикерлерін жабыстырады)


Сергіту сәті: «Туған қалам Аягөз»


(Ұ) Тапсырма №4: «Елестет» әдісі арқылы саяхат жасай отырып, еліміздің көрікті жерлері жайлы көрген жерлерін сипаттап айтады.

Өзіңді осы жерлердің біріндемін деп ойла. Өз көргеніңді әңгімелеп бер.

Таныстырылымнан көрген жерді ата.

Еліміздің көрікті жерлерін жайлы сипатта.

Еліміздің көрікті жерлерін атап, сурет бойынша сипаттап, оның қай мекенде екенін айт.


Дескриптор:

  1. Еліміздің көрнекі жерлерін атайды.

  2. Еліміздің көрнекі жерлерін сипаттап, айтады.


Қ.Б: «Тау» (биік тұсына-еліміздің көрікті жерлерін атап, сипаттап, қай жерде орналасқанын білген оқушылар, орта тұсына- еліміздің көрікті жерлерін сипаттаған оқушылар, тау етегіне-таныстырылым негізінде көрікті жерлерді атаған оқушылар өз стикерлерін жабыстырады)

Кейбір оқушылар:

Саяхатшы Ш.Уәлиханов жайлы әңгімелейді.

Қосымша тапсырма: (кейбір оқушыларға) Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі жайлы мағлұмат жинап кел.

Суреттер

Карта

Тұсбағдар арқылы анықтау

«Галереяны шарлау»











Таныстырылым

Музыка Қ.Оспанов «Аягөз-асыл мекенім»



«Көрікті жерлер» таныстырылымы.







портрет

Сабақтың соңы

5 мин

Сонымен балалар, біздің бүгінгі туған қаламызға, облысымызға, Отанымызға саяхатымыз аяқталды.Ендеше "Жер шары" кері байланысын жасайық!

"Мен үйренген төрт мәлімет, Мен білген үш мәлімет, Менің көбірек білгім келген екі мәлімет, Есте сақтау керек маңызды мәлімет»-деп алып, бүгінгі сабақта білгендерін өздері жинақтау арқылы кері байланыс жасайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

"Инцидент" әдісі

(Ұ)Тапсырма №1: «Құрастырмақ» әдісі арқылы жүзеге асырады. Бұл тапсырма саралау тәсілдерінің тапсырма, қорытынды, диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады.

(Д)Тапсырма №2: «Мозайка» әдісі арқылы дербес тапсырмалар орындайды. Саралау тәсілдерінің тапсырма, дереккөз, бағалау диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады.

(Т) Тапсырма №3:«Бағыт» әдісі арқылы саралау тәсілдерінің тапсырма, дереккөз, жіктеу, бағалау тәсілі арқылы сараланады.

(Ұ) Тапсырма №4: «Елестет» әдісі арқылы саралау тәсілдерінің тапсырма, дереккөз, диалог, қорытынды тәсілі арқылы сараланады.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Қ.Б: «Сен тамаша құрастырғышсың!», «Сен тапқырсың!» (ауызша бағалау)

Қ.Б: «Тұсбағдар»

Қ.Б: «Күн, жасырынған күн, бұлт»

Қ.Б: «Тау»

Кері байланыс: "Жер шары"

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәті, сурет салғанда, топта отырғанда қауіпсіздік ережелерін ескерту.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?








Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз









Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12