Концерттік бағдарлама: "Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген"
Сценарий мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер Сценарий барысы: 1.(Мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері: "Тіл" туралы өлең жолдарын оқиды)Жүргізуші: Алдарыңызда өнер көрсеткен мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері.Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Қыркүйек айында барлық Қазақстан халқы болып тойланатын «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесі құтты болсын. 18-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Сүйемін туған тілді анам тілін » атауымен бастауыш сыныптар аралығында жоспар бойынша іс –шаралар жүргізілген болатын. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек. Бүгінгі өткізгелі отырған іс – шарамыз 22-қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Олай болса, Балалар, құтты болсын тілің бүгін, Ашатын жан сарайын білімдінің. Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан, Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келіп, бүгінгі «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» тақырыбындағы тіл апталыығның аяқталуына байланысты өткізгелі отырған қорытынды концерттік бағдарламамызды бастауға рұхсат етіңіздер.
2. «Аққу» биімен алдарыңызда өнер көрсететін бастауыш сынып қыздарынан құралған бишілер тобы.Жүргізуші: Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, атадан балаға жеткен ұлы құбылы. Ол талай тарих сынынан өтті. Ғасырлардан - ғасырларға сүрінбей жетті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады.
3. 2 "в" сынып оқушысы Бахтияр Руфинаның орындауында ән "Бала тілегі"
Жүргізуші: Қазіргі таңда ана тіліміз жан –жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда.Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанса, орыстың әйгілі ғалымы Василий Васильевич Радлов «Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Европада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір әрі майда шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті.Танытқан қазағымның қазақтығын, Танытқан қазағымның азаттығын, Танытқан қазағымның ғажаптығын, Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.
4. Келесі кезекте тіл туралы өлең жолдарымен 1 сынып оқушылары
Жүргізуші: Туған тіл-ақыл ой дамуының негізгі және барша білімдердің қазынасы. Ия, бүгін біз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық. Ана тілін ұлы мұхитқа баласақ, біз соның жағасына келіп екі алақанымызды қосып тұрып қос уыстап іліп алып ішкендей ғана болдық деп ойлаймын. Оның тереңіне бойлап түбіндегі інжу – маржанын ерінбей – жалықпай тере біліп өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.
5. Ән "Анамның тілі" орындайтындар: 4 "б" сынып оқушысы Лесова Аяулым, 3 "а" сынып оқушысы Айтжанова ГүлназЖүргізуші: …Қазақ тілі … өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді… қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл…Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі.
7.Өлең "Үйрен ана тіліңді!"оқитын: 3 "ә" сынып оқушысы Кусьбаева Сабина
Жүргізуші: Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңырау желіндей еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбіне хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің.
8.Би "Микки" 3 "в" сынып оқушысы Жанболат Данагүл
Ана тіліАнаның құнар сүті ғой,Ғұмыр бойы сен еметін.Ана тіліХалқыңның ырыс-құты ғой,Игілігіңе кенелетін.
9. Ән "Мен қазақпын" орындайтын 3 "ә" сынып оқушысы Малик Мансур
Жүргізуші: Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздарына ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.
Қорытынды сөз (көрермен қонақтардан)
Осымен «Тіл мерекесі» өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!