жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мен Қазақстанның болашағымын!" 7-сынып
|
Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебі |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы: Мен Қазақстанның болашағымын |
|||||
|
Күні |
Мұғалімнің есімі: Махаметова Лола |
||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
|||
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты |
7.2.5.1- диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші- тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру (айтылым) 7.3.5.1 – қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну (оқылым) 7.5.2.1 – жазба жұмыстарында ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру (тілдік бағдар) |
||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: тақырып бойынша диалогке қатысады, қосымша ақпарат көздерінен мәлімет алады; жазба жұмыстарында ыңғайлас салалас сөйлемдерді құрай біледі. Оқушылардың басым бөлігі: тақырыпқа байланысты диалог құра алады, алынған мәліметтерге талдау жасап, кесте түрінде ұсына алады. Тапсырмаларды орындауда ыңғайлас салалас сөйлемдерді орынды қолдана алады. Кейбір оқушылар: диалогке түсуде «сөйлеуші-тыңдаушы» позицияларына еркін ауыса алады, тақырыпқа сай мәліметтерді жинақтап, сызба, диаграмма түрінде ұсынады. Ауызша және жазбаша тілде ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданып, өз ойын дәлелді жеткізе алады. |
||||
|
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) |
|
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: айтылым, жазылым |
||||
|
Терминология: білектің күші, найзаның ұшы, жанын салу, паш ету, нарық. |
|||||
|
Сөз тіркестері: тәуелсіз Қазақстан, ұлан байтақ жер, егеменді ел,ғасырлар бойы,болашақ ұрпақ, жарқын болашақ, көк байрақ |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Қазақстандық патритотизм және азаматтық жауапкершілік ( оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, бірлесе еңбектенуге тәрбиелеу) |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Өзін-өзі тану – өмірдің мәні мен мағынасы, адамның өмірдегі алатын орны мен міндеттері туралы ойлануға шақырады. Алынған ақпаратты кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілермен ұсына отырып, геометрия, информатика пәнімен байланысты болды. |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақтаны, ғаламторды сабақ тақырыбын ашуда көмекші құрал ретінде ұтымды қолдана алады. |
||||
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Сабақ тақырыбы бойынша өткен оқу жылында қарастырылған болашақ, келешек тақырыбына байланысты сөздер мен сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді біледі. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||
|
Басталуы 10 минут |
Оқушыларды сабаққа дайындау Жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында «Кім боламын?» тренингін ұйымдастырамын. Оқушылар шеңбер болып тұрып, «мен келешекте – мұғалім боламын, білімді шәкірт тәрбиелеуге үлесімді қосамын», «болашақта – сәулетші болып, сәулетті ғимараттармен елімді көркейткім келеді» деген үлгіде келешекте кім болғысы келетініне тоқталып өтеді.
«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұраймын:
Дескриптор:
ҚБ «Жұлдызшалар» әдісі арқылы оқушылардың дұрыс жауаптарын бағалау.
«Жасырын сөздер» әдісі арқылы қарай оқушыларды 3 топқа бөлемін:
|
Оқулық 7-сынып Бәйшешек 2-бөлім Интерактивті тақта |
|||
|
Ортасы 20 минут |
Жаңа сабақты түсіндіру: Жаңа сабаққа байланысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру 1-тапсырма. Жазылым. Сөздікпен жұмыс: білектің күші, найзаның ұшы, жанын салу, паш ету, нарық, тәуелсіз Қазақстан, ұлан байтақ жер, егеменді ел,ғасырлар бойы,болашақ ұрпақ, жарқын болашақ, көк байрақ
Дескриптор:
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем да, де, та, те, және, әрі жалғаулық шылаулары арқылы және жалғаулықсыз да жасалады. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем бір-біріне іргелес, ыңғайлас мәндегі іс-әрекетті білдіреді. Мысалы: мен келешекте дәрігер болғым келеді, әрі өз Отаныма пайдамды тигізгім келеді. Менің әкем де, анам да дәрігер. 2-тапсырма. Жазылым. Енді осы ережеге сүйене отырып, «Мен кім боламын?» тақырыбына 3 ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем құрастырамыз. Дескриптор:
Қ.Б. дұрыс жауап берген оқушыларды «жұлдызшалар» арқылы бағалау, мақтау, марапаттау. 3- тапсырма. Жазылым, айтылым. Жұптық жұмыс. «Жұптық әңгіме» әдісі. Әр топтың оқушылары өздеріне берілген суретке қарай, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер құрай алады. «Сөйлеуші-тыңдаушы» позициясын қабылдап, тапсырманы орындайды.
Дескриптор:
4 – тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақтар қою. Сұрақтарға толық әрі қысқа жауап беріңдер. Жауаптарыңда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дұрыс дыбысталуын, үндестік заңын сақтаңдар. Үлгі: Сұрақ: Қазақстанның болашағы - кім? Толық жауап: Қазақстанның болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Қысқа жауап: Бүгінгі жас ұрпақ. Сұрақ: Қазақстан өз егемендігін қашан жариялады? Толық жауап: Қысқа жауап: Сұрақ: Қазір Қазақстан – қандай мемлекет? Толық жауап: Қысқа жауап: Қ.Б. оқушылардың жауаптарын күлегештер арқылы бағалау. Дескриптор:
5 – тапсырма. Оқушыларға «Қазақстан жері» тақырыбында «Демонстрация» әдісі бойынша бейнеролик көрсетемін. Көрсетілген үзіндіге сәйкес қосымша ақпарат көздерінен мәлімет жинақтап, әр топ сол алынған ақпаратты кесте, диаграмма, сызба немесе шартты белгілер түрінде ұсынуы тиіс.
Дескриптор:
Қ.Б. оқушылардың жауаптарын күлегештер арқылы бағалау.
|
Сөздік жұмыс дәптері
Суреттер
Бейнеролик |
|||
|
Аяқталуы 10 минут |
«Бәрі менің қолымда» әдісі арқылы кері байланыс аламын, яғни алақан суреті салынған кері байланыс парақшаларын таратып беремін. Оқушылар:
Үй жұмысы.Сұрақ құрастыру. «Мен – Қазақстанның болашағымын» тақырыбында таныстырылым дайындап келу.
Дескриптор.
|
Интерактивті тақта |
|||
|
Қосымша ақпарат |
|||||
|
Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Жұптық әңгіме әдісін пайдаланудағы мақсатым – үлкен топтарда өзін еркін ұстай алмайтын оқушыларға көмектесу. Жұпта жұмыс жасау кезінде оқушылар диалог құру жүзеге асты. Нәтижесінде оқушылар бірлесе жұптасып жұмыс жасауға, ойын анық жеткізуге үйренеді. «Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақтарымды күрделендірдім, есесіне оқушыларым ой қорытып, дәлелді жауап беруге талпынды. «Демонстарциялық» әдіспен көрсетілген бейнеролик негізінде жқмыс жасау арқылы оқушылар алынған мәліметті кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынуды үйренді. |
||||
|
Бағалау – оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Осы сабақты жоспарлауда белсенді әдіс-тәсілдерді таңдай отырып, сол арқылы оқушылардың білу, түсіну, қолдану деңгейін және сол алынған ақпаратты жинақтау деңгейлерін анықтауға мүмкіндік алдым. Оқу мақсатына жету үшін, тапсырмаларды соны ашуға бағытталған етіп таңдадым. Оқушылар топтық, жұптық жұмыс жасай отырып, бірлесе жұмыс жасауға дағдыланады.
|
||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
- Оқу мақсаты шынайы - Бүгін оқушылар тақырыпқа сай өз болашағына болжам жасауға, мақсатты іс-әрекет етуге үйренді. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерді, оларды орынды қолдануға, шартты белгілер, сызба, кесте түрінде ұсынуға үйренді. Тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдылары дамыды. - Сыныптағы ахуал жағымды болды, оларға өз болашағы туралы сөз қозғау – қызықты әрі қажеттіліктеріне сай болды. - Саралау шаралары тиімді болды, әр тапсырмаға дескриптор қою арқылы оқушылардың білім деңгейін саралауға мүмкіндік алдым. - Бүкіл уақыт ішінде үлгердім, сабақ жоспарым нақты жоспарланған. - Жоспарыма ешқандай түзетулер енгізген жоқпын. |
||||
|
Қорытынды бағамдау |
|||||
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. «Жұптық әңгіме» әдісі өте табысты болды, мұндағы мақсатым – үлкен топтарда өзін еркін ұстай алмайтын оқушыларға көмектесу еді. Жұпта жұмыс жасау кезінде оқушылар диалог құру жүзеге асты. Нәтижесінде оқушылар бірлесе жұптасып жұмыс жасауға, ойын анық жеткізуге үйренді. 2. Кері байланысты «Бәрі менің қолымда» әдісімен алу арқылы, яғни алақан суреті салынған кері байланыс парақшаларын таратып бере отырып, тақырып бойынша түсінгенін, сабақта алған нақты ақпаратты, ұнамаған тұсын, психологиялық ахуалын және ұсынысын білуге мүмкіндік алдым. Парақшаларды толтырту арқылы, оқушылардың сабақтан нені үйренгендеріне, нені меңгергендіктеріне көз жеткізе алдым. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақ тақырыбына байланысты белсенді әдіс-тәсілдердің сабақ мақсатына сай қолдану; 2. Интерактивті тақтаны,ұялы телефон, планшетті сабақ тақырыбын ашуда қосымша көмек құралы ретінде пайдалану; Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы не білдім? Оқушылардың жұппен жұмыс жасауда диалогке түсе білуі, еркін жұмыс жасауы – олардың айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? Белсенді әдіс-тәсілдерді сабақ мақсатына сай көбірек қолдануға көңіл бөлемін. |
|||||
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген