15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мен саған есірткі туралы айтып беремін" мақаласы. 7-сынып
Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ
тарапынан жарияланған сайысына
Мен саған есірткі туралы айтып беремін
Әңгіме тыңдағың келсе, үлкеннен сұра,- демекші марқұм апатайымнан естігенімді шамам келгенше баяндайын .
Үй ішінде егде тартқан әкемнің туған әпкесі будақтатып, көк түтінін түтетіп темекі тартып отыратын күйі көз алдымнан кетер емес. Бөлменің ауасын бұзып, өзі де қақалып-шашалған уақытта менің қабағым түйіліп, аздап ренжитін кездерім жиі болатын. Ол кісіні бәріміз апатай деп атайтынбыз. Апатайым әдетіне салып тағы да күлсалғыш пен сіріңкені алып беруін өтінді. Тағы да темекісін тұтатып будақтата бастады, қақалып-шашалып та алды. Мен осы жолы ешқандай ренжімей, апатайыма қатты жаным ашып кетті. Содан апатайымды жайлап әңгімеге тарта бастадым.
Апатайым, осы сіз неге темекі тартасыз, оны қайдан үйрендіңіз?- дедім.
Е, қарағым, оны қайтейін деп ең? «Темекінің кермегі, еріккеннің ермегі ғой» деп,- жауабын қысқа қайырды. Оған тоқтайтын мен бе, одан сайын сұрай бастадым. Амалсыз көніп әңгіме айта бастады.
Мен сендей бала кезімде әкемнің жанында алаңсыз жүретінмін. Отынға барса отынға, балыққа барса балыққа, мал жайса мал жайысатын, қылығымен сүйсіндірер ерке қыз емес, ер мінезді еркекшора болып өстім. Темекі шексе сіріңке жағып тұтатқанын қызық көретінмін. Бірде әкем оттан қалған шоқты нұсқап темекісін тұтатып әкелуді тапсырды. Алғашқыда тамағым жыбырлап, жөтеліп те алатынмын. Келе келе шоққа темекі тұтандыру үйреншікті жайға айналды. Бұл әдетке айналған іс-әрекетті теріс көрмейтін болдық. Міне, содан бері темекі тартып жүргенімді өзім де байқамай қалдым. Мұны алғаш байқаған анам еді. Ол ұрсып, қой десе де қоймай жаман әдетімнен арыла алмадым. Әттеген-ай, әлі сол құрғыр темекіні тартып келемін. «Көзге түскен қауыз жаман, шылым шеккен ауыз жаман»,- деген сөз бекер айтылмаса керек. Жасым жетпістен асты. Мен болсам темекіні әлі тартып келемін, зардабын да тартып келемін. Атам қазақ айтып кеткен «Жасында темекісін будақтатқан, күркілдеп қартайғанда құлап жатқан» сөзі дәл маған арналған ғой деп айтып бола бергенде, тоқтамай тағы да ұзақ жөтеле бастады.
Темекі тартқаныңызбен қоймай тұншыға жөтелетініңізді көріп жүрмін. Мен білмейтін тағы қандай зардаптарын айтып тұрсыз?- дедім.
Айналайын, мені тағы қинадың ғой. Сен бұл жағымсыз әдеттен бойыңды аулақ ұста! Ешқашан есірткіге жататын жаман заттарды қызықтап ақымақтыққа алданып, жаман әдеттерге бой алдырма! Ішпеген, шылым тартпаған, денсаулығын сақтаған адамдар қор болмас. Темекінің зияны өте көп. Қазір болса тісімнен сау тіс, ауыратын өкпе мен бүйрек, жорықсыз басқан әжім, жиі әрі орынсыз болатын ашушаңдық деген сияқтылар дәл менің тұла бойыма тұрақтап алған,- деп қобалжып қайта темекісін тұтата бастады.
Апатайым-ау, енді сен өзіңе-өзің жаның ашыса қойсаңшы!-деп өтініш айттым.
Қарағым-ау, сенің айтқаның болсыншы, енді шекпейін деп тұтанған темекіні сөндіріп, мыжғылай-мыжғылай тұқылына дейін сындырып тастады. Сөйтті де еңкілдеп аздап жылап, мені құшағына қатты қысты.
Сол апатайым кеткелі міне, біраз айдың жүзі болды. Бірде мектебімізге салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мамандармен сұхбат-кездесу болып өтті. Сол кездесуде дәрігер, психолог, тіпті полиция қызметкерлерінің ақыл-кеңестеріне құлақ салдық. Мамандардың айтып жатқан кеңестері өмірдегі беймәлім тұстардың қыр-сырларына тоқталды. Сондағы менің таң қалғаным: көрсеткен бейнероликтерден жан түршігерлік жайттарынан қатты қорықтым. Кездесуден соң көп нәрсені түйсіндім. Онсыз да тосын сыйлары көп мына ғұмырда өзіне-өзі жаны ашымай, өзін-өзі улап жатқандарын көріп қатты қынжыламын. Олай дейтінім көшелерде бет-ауыздары оңбай көгеріп, жырылған, бет-әлпеттерінің сыйқы кеткен, көпшіліктің мазасын алған, үсті-басы ластанған жандарды көріп қалатынымыз жасырын емес қой! Сол жандардың үсті-басы ғана ластанған болса ештеңе етпес болар дедім. Бірақ қайдан?! Осындай жандарды көрген жасөспірімдер қайталап көрейікші,-деп әдеттеніп қалғанын да байқамай қалатыны да өкінішті емес пе?
Әттең... Менің қолымда тұрған, қолымнан келер іс болғанда барша адамға денсаулық сыйлар едім. Бұл тек арман ғана болып қалмаса ғой, шіркін!
Апатайымды да емдеп алар едім. Ол кісіні әлі ұмыта алар емеспін. Қайтейін, көз жасыма ерік беремін. Апатайымды есіме алған сайын темекі тұқылын сындырып, еңкілдеп жылап мені құшақтағаны көз алдыма елестейді. Бірақ бәрі тым кеш еді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген