Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен спортшымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым заттар мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ біртұтас сюжеттік желісі бар сурет салу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:№79

Сабақтың тақырыбы:

Мен спортшымын(пәндік)

Күні :23.04.2019


Мұғалімнің аты - жөні: П.Нұртаева

Сынып/топ: МАД

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-нің мақсаттары

0.1.2.1. Негізгі геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым заттар

мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ біртұтас сюжеттік желісі бар сурет

салу.

0.2.2.1. Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру,

материалдарды үнемдеп жұмсау

Күтілетіннәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер

қарапайым заттарды бейнелейді;

дәстүрлі емес сурет салу тәсілдерін меңгереді;

жұмыс орнын таза ұстайды.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

«шашырату» тәсілімен сурет салу технологиясын сақтайды;

суреттегі көңіл күйді ырғақ және түстің көмегімен жеткізеді.

Кейбір тәрбиеленушілер:

композицияны алгоритмге сәйкес орындайды;

кейіпкерге арналған ұсынылатын тілектерді айтады.

Тілдікмақсаттар

Дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

сұрақтарға жауап береді, бұрын алынған білімді еске түсіреді;

түпкі ойды салынатын нысанмен салыстырады;

өз таңдауын түсіндіреді;

тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын

бекітеді;

Көптілділік: спортшы–спортсмен–athlete.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

спорт түрлері, спортшылар, жеңімпаздар

Талқылауға арналған сұрақтар:

Олимпиада ойындары дегеніміз не?

Қай ел Олимпиада ойындарының отаны болып саналады?

Қандай спорт түрлерінің спортшылары Олимпиада ойындарына қатысады

Бастапқы білім

Рең мен сурет түсін таңдау, композицияны айқындау

Сабақтың барысы

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


І. Дұрыс,

әсерлі көңіл

күй орнату.

0–1 мин

(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру

Шаттық шеңберін құрады.

Сәлем деймін достарға,

Сәлем деймін құстарға,

Сәлем деймін ұстазға.

Ашық болсын аспанымыз,

Тату болып халқымыз,

Аман болсын еліміз!


II. Өмірлік тәжірибені

жандандыру.

Мақсатты

тұжырымдау.

2–5 минут

(Ұ) Педагог балаларға Олимпиада ойындарыныңқашан және қайда болғандығы туралы әңгімелейді. Педагог сиқырлы әңгімені тыңдауды ұсынады. Бұлоқиға стадионда болған. Спортшылар спорт жарысынадайындалып жатты. Көп көрермен шақырылғанболатын. Бұл туралы сиқыршы әйел біліп қояды. Олөзін шақырмағандығына қатты ренжиді, сондықтанкек алмақшы болады. Жарыс тамаша достықжағдайында өтті, қазылар жеңімпаздарды анықтады,

кенеттен спортшылар стадионнан біртіндеп жоғалабастады. Олар айғайлап ысқырып жатты, алайда бәрі бекер еді, спортшыларды марапаттау болмай қалды. Көрермендер қатты жабырқады, ал сиқыршы әйел ойының іске асқанына қуанды. Бірақ мен сендерге құпия ретінде айтайын, сиқыршының сиқырын бұзып, спортшыларды көрінетін етіп, оларды босатуға болады.


III. ҰОҚ-ніңтақырыбы бойыншажұмыс6 – 25 минут

(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Суреттерге қараңдар. Қуанышқа спорт түрлерін атауға көмектесіңдер.

(Ж) Досыңмен ақылдасып, мына заттардың не екендігін айт.

Проблемалық сұрақ: Біз спортшыларға қалай көмектесе аламыз? Оларды қалай көрінетін етуге болады?

(Ұ) Динамикалық үзіліс

Мен спортшы боламын,

Алтын медаль аламын.

Биік-биік тұғырдан,

Өз елімді көркейтіп,

Көк байрағы желбіреп,

Ел алғысын аламын.

(қолдарын иықтарына, жандарына қарай көтереді. Кішкентай саусақтан бастап саусақтарын жұдырыққа жұмады.) (Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы

Сабақтағы қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіріп, атауды сұрайды.

(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы (Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).

Әліппе-альбоммен жұмыс.

Педагог спортшыларды жеңімпаздар ретінде салу керектігін түсіндіреді. Геометриялық пішін – тік төртбұрыш көмегімен

тұғырды бейнелеңдер. Спортшыны басынан бастап, сопақша формада сала бастаймыз. Артынан денесін саламыз. Адамның денесі пропорционалды болуы үшін басынан беліне дейінгі денесінің ұзындығы қандай болуы қажет? Ненің көмегімен өлшеуге

болады? Бас ұзындығының көмегімен. Жоғарыдан белге дейін бас ұзындығы 3 рет сыюы тиіс. Ал белден табанға дейін – 4 рет.

Қалыпты емес сурет салу техникасы – «Шашырату» көмегімен жеңімпаздың құрметіне отшашу бейнейлеміз. Шашырату тарақ пен тіс щеткасының көмегімен жасалады.


IV. ҰОҚ-нің

қорытындысы.

Реф-

лексия.

26–30 мин

(Ұ, Ө) «Мен спортшымын» балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Педагог жұмыстарды талқылауды ұйымдастырады.

Кімнің адамы нағыз спортшыға ең көп ұқсайды?

Неліктен?

Қай суретте пропорцияда қателік жіберілген? Неге олай ойлайсыңдар?

Балаларға ең көңілді спортшыны табу ұсынылады.

Залым сиқыршы әйелдің сиқырының күші жоғалды. Сендер спортшыларға көмектестіңдер, марапаттар өз иелерін тапты.

Сабақтағы іс-әрекеттеріңді «Бағдаршамның» көмегімен бағалаңдар (жасыл – бәрі түсінікті, сары – қиындықтар болды, қызыл – жұмыс дұрыс болмады).




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2019
2820
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12