жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мен сурет саламын" Сурет салу қысқа мерзімді жоспар мектепалды даярлық топ
Сурет салу. Қысқа мерзімді жоспар №1
|
1-сабақ: Мен сурет саламын! |
Мектеп/МҰ: Тасөткел орта мектебі |
|
|
Күні: |
Педагогтің аты –жөні: Қосанова Мөлдір Тілеужанқызы |
|
|
Сынып/топ: 0 класс |
Қатысқандардың саны: |
Қатыспағандардың саны: |
|
Сабақтың оқу мақсаттары |
0.1.1.1.Түрлі сызықтарды (түзу, қисық, зигзаг, ирек, т.б) пайдаланып, қарапайым заттар мен күрделі емес сұлбаларды салу. 0.2.1.2.Жуан сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу не көлденең, жіңішке сызықтар мен нүктелерді салғанда тік ұстау. 0.2.2.2.Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау. |
|
|
Күтілетін нәтижелер |
Барлық тәрбиеленушілер:
нүктелерді салғанда тік ұстайды:
|
|
|
Көпшілік тәрбиеленушілер:
сақтайды;
жасайды;
|
||
|
Кейбір тәрбиеленушілер:
жіңішкелігі мен көркемдігіне қол жеткізеді;
|
||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларды дамыту. Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
пікір білдіреді;
формада анықтайды. Көптілділік: сызық – линия – line. |
|
|
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
жұмыс орны, жеке гигиена. |
||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Сызық дегеніміз не? Сызықтың қалыңдығы неге байланысты? Қандай сызық түрлерін білесің? Шеңберді неге айналдыруға болады? Сенің бүгінгі көңіл – күйің қалай? Сен мұны қандай түспен жеткізе аласың? |
||
|
Бастапқы білім |
Қылқаламмен жұмыс істеудің техникалық дағдылары, зат сұлбасын дұрыс жеткізу, оның нышандары туралы түсініктер. |
|
|
Жоспар |
||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс – әрекет |
|
|
I.Оң көңіл күй қалыптастыру. 0 – 1 минут II.Өмірлік тәжірибені жандандыру. Мақсатты тұжырымдау. 2 – 5 минут |
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру. «Мен күнмін» (қол ұстасып, өз сезімдерін айтады). «Мен кішентай күнмін. Мен оянамын, жуынамын. Сәулелерімді тараймын және көкжиекке көтерілемін. Мен үлкен шармын. Менің жылуым мен жарығым көп. Мен жер бетіне және барлық адамдарға жылу сыйлаймын. Мен жылу таратамын, жер бетімен ұшамын және оны жарықтандырамын». (Ұ) Педагог алуан түсті әуе шарларымен Сурет еліне ұшуды ұсынады. Педагог Сурет елінде балаларға суреттер көрсетеді және олардан қандай сурет салуды ұнататындықтары туралы әңгімелеуін сұрайды. Сурет салу кезінде нені пайдалануға болады? |
|
|
Сабақтың ортасы III.Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. 6 – 25 минут |
(Ұ) Әліппе – альбомдағы материалмен жұмыс. Қуаныштың шарларының жіптеріне назар аударыңдар, Қуаныштан сыйлыққа қандай шарларды алғанды қалар едіңдер? Әрбір шардың жібі не түрінде салынған? (Сызық түрінде) Сызықтар түзу, қисық, ирек, үзік, т.б.болады. Жіңішке сызық болу үшін қылқаламды қағаз бетінде қалай жүргізуді көрсетіңдер? Жуан сызық үшін ше? Үзік сызық үшін ше? Бүгін біз қарапайым шеңберді түрлі заттарға айналдырамыз. Бұған бізге сызықтар көмектеседі. Проблемалық жағдаят: шеңберді неге айналдыруға болатынын ойластыр. Бүгін біз қандай құралдарды қолданатын боламыз? (Қылқалам.) Бізге акварельді бояулар да қажет болады. (К) Сергіту сәті Сурет салу талабы, Шабыттандырар баланы! (Жұдырықтарын ашып, саусақтарын ауада қимылдатады.) Ашып альбом – дәптерді, Бастаймыз сурет салуды: (Алақандарын ашады.) Алдымен түзу сызамыз, (Қолдарымен түзу сызық салады.) Содан соң, достым, Кікентай шеңбер саламыз. (Білезігін қозғамай, саусақтарымен кішкентай шеңбер салады.)Міне, біз салған шеңберлерден дөңгелек ауа шары пайда болады.(Қолдарымен үлкен шеңбер салады.)Ол жоғары қарай көтеріліп, бізге қол бұлғағандай болады. (Білезіктерімен жоғары қарай ирек тәріздес қозғалыстар жасайды.) (К) Қауіпсіз жұмыс техникасы. Педагог заттарды парта бетінде орналастыру ережелерін еске салады. Балалардан білезіктерін қалайша дұрыс ұстау керектігін көрсетуін сұрайды. Қылқалам, бояумен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін еске салады. Балаларға «жеке гигиена» ұғымын түсіндіреді. Тәрбиеленушілерді жұмыс орындарын тазалықта сақтау қажеттілігіне ынталандырады. |
|
|
|
(Ұ,Ж,К) Жұмыстың орындалу технологиясы. (Жұмыстың сатылай орындау ретін түсіндіру.) Педогог балаларға шеңберді белгілі бір затқа айналдыруды ұсынады. Балалар суретті жасауда қандай сызықтарды пайдаланатындығын анықтауы тиіс. Қолданатын қылқаламды таңдаулары қажет. Әліппе – альбоммен жұмыс. Балаларға шеңберді үзік сызықпен айналдырып шығып, артынан толық салу керектігін түсіндіреді. Оған белгілі бір бейне, сюжет, ым – ишара, т.б.көрсетеді. Соңынан балалар сызықтар туралы алынған ақпаратты қолдана отырып, шеңберге күн бейнесін беру үшін суретке ирек сызықтарды, бет, күлкі, т.б.жасау үшін үзік сызықтарды қосады. |
|
|
Сабақтың соңы IV.Сабақтың қортындысы. Рефлексия. 26 – 30 минут |
(Ұ,Д) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар өз жұмыстарын талқылайды. Жасалған бейне туралы әңгімелейді. Педагог тәрбиеленушілерден өз жұмыстарын бағалауды сұрайды: Кімге өз жұмысы ұнады? Салғысы келген затты сала алды ма? Сенің ойыңша, жұмыс мұқият, жақсы орындалды ма, әлде онша емес пе? Не жүзеге аспады? Кімнің суреті ең көп ұнады? Неліктен? Өзін – өзі бағалауды ұсынады. Әліппе – альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай алмадым деп ойласаңдар, бір қыл қаламды бояңдар. |
|
|
Қосымша ақпарат |
||
|
Жіктемелеу – тәрбиеленушілерге қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз? |
Бағалау – тәрбиеленушілердің ілгерілеуін/ білімін қалай жоспарлайсыз? |
|
жағдайда графикалық дағдылары нашар балаларға көмек көрсету. Қиналған жағдайда бағыттау, көмек беру.
дарыны, жақсы графикалық дағдылары бар балаларды қолдау. |
әрекетті бақылау.
сұрақтарды іріктеу.
мониторингтеу.
қадағалау. |
|
|
Бақылау Оқу/сабақ мақсаттары қол жетімді болды ма? Тәрбиеленушілер бүгін нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Тәрбиеленушілерді дифференциациялау әрекеттері табысты болды ма? Уақыт кестесін ұстандым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неліктен? |
Бұл бөлімді сабақты бақылау жөніндегі жазбалар үшін пайдаланыңыз. Сабағыңыз туралы сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
|
||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген