жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мен тандайтын мамандық
Мен таңдайтын мамандық
Мақсаты: Мамандық түрлерімен, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру.
Оқу нәтижелері: Мамандық түрлерін әр түрлі мамандық иелерінің қызметін танып біледі. Болашақта кім болғысы келетіндері туралы ойларын еркін жеткізе алады. Еңбексүйгіштік тәрбиелері дамиды.
Тапсырмалар:
Психологиялық дайындық
Пікір сұрау
Топқа бөлу
Тренинг «Кім көбірек мамандық айтады?»
Жағдаяттағы көрініс
Тест
Досыңа мамандық таңдау
Мамандық формуласы.
Психологиялық дайындық
Психологиялық дайындық
Біреулер «Бақташы боламын» дейді.
Болсын!
Біреулер «Мақташы боламын» дейді.
Болсын!
Біреулер «Егінші боламын» дейді.
Болсын!
Біреулер «Тігінші боламын» дейді.
Болсын!
Біреулер «Кенші боламын» дейді.
Болсын!
Біреулер «Емші боламын» дейді.
Болсын!
Біреулер «Биші боламын» дейді.
Болсын!
Біреулер «Күйші боламын» дейді.
Болсын!
Аспаным мынау көк теңбіл,
Алтын күн еркін төккен нұр.
Асқар да белді кең далам:
Атаңдай алып шөккен бұл...
Алқабы – ырыс, қыры – құт,
Атамекен – тұғыры нық:
Алуан ойлар тоғыстар,
Ауқымды іске жұмсар.
Пай-пай, ғажап, қандай бұл?!
Ал, кәне, кесіп таңдай біл.
Аламын қандай мамандық?
Алдыма толған таңдау тұр.
Басым көкке жетсін десең армандап,
Әр жұмысты бөліп істе, қарма оңдап
Барлық істі сарапқа сап істегін,
Қисаппенен қазынаңды үстегін
Кісі танымақ болсаң ісіне қара
Өз күшің жеткенше, өзің үшін аянба.
Пікір сұрау
М
амандық
дегеніміз не?
Оқушылардың
пікірлері сұралады
•
- Біздің болашағымыз – біздің
мамандығымызда;
•
- адамның болашаққа апаратын жолы;
•
- адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының
бірі;
•
- мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
•
- оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын
мамандық;
•
- ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі,
ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
•
- мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
•
- келешекке қойған жоспары, мамандығын
ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
•
- адам жаны қалаған қабілеті бар
кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Мамандық таңдау-белгілі бір даярлықты қажет ететін іс-әрекет түрі , тіршілік көзі, дағды жүйесі және жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі. Осы арада мамандық таңдауға ықпал ететін негізгі 7 факторы ескере кеткен жөн.
1.Икемділік.
Икемділік дегеніміз – ол адамның қоршаған ортада өзін-өзі асқан ептілікпен жаңадан құрылып жатқан заманауи талабына сай адам болуы; адаспай өз жолын дұрыс таңдай білуі және заман талабына сай азамат болып өсуі.
2.Мағлұматтылық
Мағлұматтылық дегеніміз – ол адамның өзі таңдаған және жан-жақты білімді болуына, әр нәрседен хабардар болуы; әрдайым ізденісте және жаңа заман талабын дер кезінде дұрыс түсіне білуі.
3.Тартылу деңгейі.
Тартылу деңгейі дегеніміз – бұл елімізде болып жатқан өзгерістер, нәтижелі еңбек жемісін, одан әрі дамытуға өз жанын аямай еңбек етсе және халқының мүддесін жоғарылатуға өз үлесін қосып, одан әрі мықты мемлекет болуына ықпал ету.
4.Мүмкіншілік.
Мүмкіншілік дегеніміз – қазіргі таңда Елбасымыз Н.Назарбаевтың қолдауымен көптеген жаңалықтар және бұрын соңды болмаған жаңа заман талабына сай азамат болуға зор мүмкіншіліктердің болуы; өзінің ішкі –жан дүниесін үңіліп, өз қабілеттілігін дұрыс жолға қою, бар мүмкіншілігін одан әрі арттыру.
5.Ата-аналардың көзқарасы.
Қай ата-ана болмасын өз баласының жақсы болғанын қалайды. Бұл жерде отбасының да өнегелі сөздеріне құлақ аспауға болмайды. Осыны ескерген жеткіншектің қалаған мамандыққа баруына құқығы бар екендігін ұмытпаған жөн.
6.Құрдастарының көзқарастары
Мұнда айтыла кететін жәйт, ол құрбы –құрдастардың да айтқан ақыл кеңестерін ескере отырып, өз бойындағы мүмкіншілікті сарапқа салып, ой елегінен өткізу, белгілі бір мамандықты тек таңдап қана қоймай, оның белгілі бір шыңдарға жетелейтіндігіне және еліне орасан зор пайда әкелетіндігіне көз жеткізу. Дана халқымыз айтқандай: «Бірлесе пішкен тоң, келте болмас», -деген дана сөзі осыған дәлел.
7.Нарық қажеттілігі.
Нарық қажеттілігі дегеніміз – қай мамандықты болмасын таңдау – әр жасөспірімнің өз еркінде . Бірақ тағдаған мамандық заман талабына сай, еліміздің болашағын одан әрі дамытуға, әрі нығайтуға жұмаслып жатса, міне, осыны нарық қажеттілігі деп білуге болады. Нарықтық қоғамда өзіне қажетті саланы терең оқып және жаһандану кезеңінде салауатты өмір сұру үшін жан-жақты бәсекеге қабілетті азамат болу.
Топқа бөлу.
Тренинг «Кім көбірек мамандық айтады?»
Бұл тренингте топтағы балалар кезек-кезек жарысып мамандық түрлерін айтады. Қай топ көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді.
Ескерту: Айтылған мамандықты қайталауға болмайды. Және үш секундтан артық ұстамау керек.
Жағдаяттағы көрініс
Мектеп бітіруші қыздардың әңгімесі
Дос қыздар мамандық таңдау туралы пікірлесіп тұр.
1-қыз: Мен кім болатынымды дәл айта алмаймын. Мұғалім бола алмаймын, себебі жүйкемді тоздырады. Химия өндірісіне де бармаймын, себебі онда улы заттарды ұстасам, денсаулығыма зиян келеді. Ал, фабрикада бір сарынды жұмыстан роботқа айналып кетемін. Мен таңдаған мамандығым денсаулығыма зиян келмейтін және қызықты болуы керек. Мамандығым жануарлармен байланысты, жолда көп жүретін болса екен деп ойлаймын.
2-қыз: Онда сенің циркте жұмыс істеуің керек.
1-қыз: Оған дарын керек қой, ойланып көрейін. Өзің қандай мамандықты таңдағалы жатырсың?
2-қыз: Маған қандай жұмыс болсада бәрібір, тек жалақысы көп болса болды.
1-қыз: Сонда қалай? Қабілетін болмағаннан айлығын ойлайсың ба?
2-қыз: Аз айлықпен күн көру қиын ғой.
Студенттердің әңгімесі
Студент қыздар өзара әңгімелесіп тұр.
1-қыз: балаларға дәріні байқап беру керек. Сәл қателессең, баланы уландырып аласың. Өзім де бір рет уланып қала жаздадым. Ішің ауырса левомицитин, басың ауырса анальгин, ал ыстығың көтерілсе асперин ішесің.
2-қыз: Сенімен сөйлесу қиын екен тек латынша айтасың.
1-қыз: Соны оқып жатырмын ғой.
2-қыз: Айша сен неге тіс дірігері мамандығын таңдадын?
1-қыз: Сәуле соны таңдаған соң мен де бара салдым.
2-қыз: Ұнай ма?
1-қыз: Жай, біршама. Керек емес пәндерді көп оқытады екен. Айтшы, тіс дәрігеріне ағылшын тілінің не қажеті бар? Менің медколледжге ауысқым келеді. Тіс технигі болсам деймін.
2-қыз: Уневерситеттен колледжге ауыспақшысың ба?
1-қыз: көп оқығым келмейді. Емханада іс-тәжірибеде болған кезде техник дәрігерден гөрі көп ақша табатынын байқадым.
Екі көрініс бойынша сабақ (сіздердің пікірлеріңіз тыңдалады)
Қыздардың мамандық таңдауға дәлел себебі қандай?
Осы қыздардың орнында болсаңыздар, қалай жауап берер едіңіздер?
Тест сіз өзіңізді қаншалықты танисыз?
Тест: «Сіз қаншалықты өз-өзіңізге сенімдісіз».
Нұсқау: Төмендегі пайымдаулармен танысып, өзіңіз келісетін жауабын белгілеңіз.
1.Сіздің досыңыз сіз туралы теріс пікір айтқанын білсеңіз, сіз:
а) мәселені шешу үшін ыңғайлы сәтті күтесіз
б)қатынасыңызды үзесіз, кездеспеуге тырысасыз
2. Сіз автобусқа немесе трамвайға кіргенде сізді түйіп кетсе,сіз:
а) айқай шығарасыз
б)үндемей алға қарай өтіп кетесіз
е) бәрінің кіргенін күтіп, соңынан кіресіз
3. Сіздің пікіріңізге қарсы пікір айтса, сіз:
б) оны сендіре алмаймын деп, өз пікіріңізді бүгіп қаласыз
д) өз пікіріңізге оны да, басқаларды да сендіруге тырысасыз
4. Сіз жиналысқа кешігіп келдіңіз. Бірінші қатардағы бір орыннан басқасы бос емес, сіз:
б) есік алдында тұрып өзіңізді кешіккен үшін сөгесіз.
д) еш қиналмастан бос орынға отырасыз
е) басқа орын іздеп ұзақ тұрасыз да, бос орынға отырасыз.
5. Сізді қасыңыздағылар өз пайдасына пайдаланатынына келісесіз бе:
д) жоқ
е) иә
6. Таныс емес адаммен әңгіме бастау сіз үшін қиын ба?
д) жоқ
е) иә
7. Сіз сапасы төмен зат сатып алдыңыз. Сіз оны сатушыға оңай қайтара аласыз ба?
б) жоқ
в) иә
8.Басқа адамдарды сізге қарағанда өзіне сенімді деп айтуға болады ма?
д) жоқ
е) иә
9.Сіздге зияны тиетін жұмысты орындауды талап етеді. Сіз одан оңай бас тарта алсыз ба?
б) жоқ
в) иә
10. Танымал адаммен әңгімелесу мүмкіндігіңіз бар, сіз:
д) мүмкіндікті пайдаланасыз
е) пайдаланбайсыз
11. Бір мекемеге телефон шалуыңыз қажет,сіз:
б) бір сылтау тауып қашқақтайсыз
в) қиналмай телефон шаласыз
е) көп ойланып барып телефон шаласыз
12. Сізді әділетсіз төмен бағалады,Сіз:
б) үнсіз уайымдайсыз
г) оқытушымен баға жөнінде таласасыз
13. Тақырыпты түсінбесеңіз,сіз:
б)ақымақ көрінемін деп, сұрақ қоймайсыз
в)түсіндіріп болған соң бірден сұрақ қоясыз
г) оқытушымен оңаша қалып, сұрағыңызды қоясыз
14. Кинотеатрда қасыңызда отырған кісілер дауыстап әңгіме айтып отыр, сіз:
б)шыдамыңыз тауысылған соң айқай саласыз
в)сөйлемеуді өтінесіз
е)үнсіз шыдайсыз
15. Кезектен тыс, біреу сіздің алдыңыздан кіріп бара жатыр,сіз:
б)үндемей қаласыз
д)ескерту жасайсыз
16. Сізге қатты ұнайтын адаммен оңай сөйлесе аласыз ба?
б)не айтарымды білмей қатты қиналамын
в)оңай
г)басында қиналамын, үйреніп кеткеннен кейін оңай сөйлесіп кетемін
17. Сіз саудаласу білесіз бе?
а) иә
б) жоқ
18. Баяндама оқып тұрғанда сіз қатты қобалжисыз ба?
б) жоқ
д) иә
19. Сізді жақсы істелген жұмыс үшін мақтайды,сіз:
б)не айтарыңызды білмейсіз
д)мақтағаны үшін рахмет айтасыз
е)қатты ұялып, рахмет айтасыз.
20. Жақсы білетін пәніңізден қандай емтихан тапсырар едіңіз:
а) ауызша
б) жазбаша
в) мен үшін еш айырмашылығы жоқ.
Кілті: «а»3 балл, «б»-0 балл, «в»-5 балл, «г»-2 балл, «д»-4 балл, «е»-1 балл.
Интерпретация:
12 балдан төмен -өз-өзіңе тым сенімсіз.
12-32 балл -өз-өзіңе сенімділігі төмен
33-60 балл- өз-өзіңе сенімділігі орташа
61-72 балл- өз-өзіңе сенімділігі жоғары
72 балдан жоғары - өз-өзіңе сенімділігі өте жоғары
Досыңа мамандық таңдау
Балалар , сіздер бір-бірлеріңізді көптен бері білесіздер қандай мамандық сіздерге сәйкес келетінің. Қазір сіздерге қағаз беремін қағазда ғы кімнің есімі сізге түссе сол туралы айтып бересіз. (мысалы: Ол кісі қандай мамандыққа лайықты. Досы ретінде сен қандай мамандық таңдауға ұсыныс берер едің. Оның бойында қандай қабілеттерін байқадың?)
Мамандық формуласы
Мамандық формуласы.
Сандар , күні+оны шешу жіне санау = математика мұғалімі
Жар, бояу+әдемі жасауы = майлаушы
Киімдер + тазалық = кір жуушы
Адамның денесі + денсаулық = дәрігер
Автокөлік + қауіпсіздік = автослесарь
Тағамдар + құнарлы тағамдар = аспазшы
Гүлдер + өмірді әдемі қылу = гүл өсіруші
Ысқырық + қауіпсіз = милиция
Құрбылар + суды жіберу, беру = слесарь
Жоғары дауысты + жоғары жылдамдықты овтокөліктер = ұшқыш
Газеттер,журналдар + үйдің мекен-жайы = пошташы
Сыпырғыш + жапырақ, топырақ = аула сыпырушы
- Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Бірулер үшін- ол ойға
алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз- өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат.
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сабаққа талдау жасаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген