жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен таңдаған мамандық
Бейімбет Майлин аудыны әкімдігінің білім беру бөлімі «Айгөлек» балабақшасы»МККҚ
«Мен таңдаған мамандық»

Асанова Гулдана Сарсенбаевна
«Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз,
Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз»
Әбу-Насыр Әл-Фараби
Осы бір даналық сөздер қай адамға болмасын ой салары анық. Иә, расында да, дүниеге «адам» деген атты арқалап келген әрбір пенде қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында «үш нәрседен жаңылыспасам» деген арман-тілекпен өмір сүреді емес пе? Соның бірі адамның тумысынан өзіндік қабілетіне, бейімділігіне байланысты өмірінде бір-ақ рет біржола таңдалатын мамандық мәселесі кім-кімді де толғандыратыны сөзсіз. Бір сәт ойлап қарасаңыз, өмірдің мағыналы болуында мамандықтың да өзіндік үлесі зор секілді. Биік мақсат, табандылық, өзіңе деген сенімділік, адалдық сынды асыл қасиеттерді өмірдің мағыналы болуының алғы шарттары деп білсек, өзің сүйетін мамандықты биік талғаммен таңдап, жан-тәніңмен, күш-жігеріңмен орындау, өмірдің бар мәнін келтіреді десе де болады.
Иә, адам денесінің патшасы-жүректің әмірімен өзің сүйіп таңдаған мамандық, менің ойымша, адамды ешқашан тура жолдан тайдырмайды деп білемін. Шынында, мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты шешуші іс. Мен үшін ол – жаңа өмірдің табалдырығын аттауда өзіңе деген нық сенімділік, жүректілікті қажет ететін алғашқы қадам, өмірлік шешім.
Менің педагогикалық философиям қарапайым. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың.
Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.
Мен балабақшада еңбек етудемін, бұл еңбектен жалыққан емеспін. Ұжымның өмірінен таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады. Бірақ, бәрінен де жарқ етіп есте қалғаны – біздің бірінші кездесуіміз. Балабақша есігін ашқанымда – «Бақытты балалық шақ» әлеміне түскенімді түсіндім.
«Ұстаздың жүгі – ауыр жүк». Сол ауырлықты «әп» дегеннен-ақ еңсесін тіктеп, қасқая көтеретінін, болашақта бала бойына ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңірете білетін – біз тәрбиешілер. Баланы балабақшадан бастап жақсы мінез-құлыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету тәрбиешінің міндеті. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету – өте қиын шаруа. Бір рет отыз, қырық баламен оқу іс-әрекетін өткізіп көрген адам ғана оны түсінеді. Тәрбиеші күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды.
Мен әрі «әсем сөз» маманы, әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде балаларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.
Менің ең басты мақсатым – балаға деген мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.
Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінін ойлаймын. Кешке үйлеріне де жақсы көңіл-күймен барғандарын қалаймын. Кішкентай адамның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік!
Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру – менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек ғанна бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларыммен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр педагогтың бақыты деп ойлаймын.
«Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол - өмірдің мәні. Бір күнде тек 3 оқу іс-әрекетін өткізіп қана тәрбиеші болып, одан кейін тәрбиеші бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды. Балалармен жұмыста қандай жат қылықтар істесең, ол ерте ме кеш пе бәрібір анықталады. Педагог тұлғасында тәрбие беру құралы болуы керек. Педагог оқушылар алдында өзін-өзі жетілдіре білуі тиіс.
Жетістік деп мен өзімнің бүлдіршіндерімді оқытудағы және тәрбие берудегі табыстарымды айтар едім. Оның нәтижесі – балаларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі бағалауды күшейтуі, өз бақытын іздеуі.
Балалармен жұмыс тәрбиешіден көп күш пен қуатты талап етеді.Сондықтан тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Тәрбие басы, біріншіден әдептілікке үйретуден бастаған. Екіншіден баланы қайырымды, мейірімді болуға баулыған. Үшіншіден тілалғыш, шыншыл, ата-ананы, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге, халық алдында қызмет етуге тәрбиелеген. Менің ойымша тәрбиеші бір балаға емес, әр баланың жүрек түбінен орын алуы тиіс. Сонда ғана бала тәрбиеші мейірімін бойына сіңіреді.
Бала тәрбиесі тәрбиешіге байланысты. Балаларына тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде тәрбиешінің еңбегі зор. Сондықтан да, ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ендеше, балабақша – тәрбие тірегі, тәрбиеші оның жүрегі болуы хақ.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген