Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен таңдаған мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі жас түлектерге мамандықты дұрыс таңдауға кеңес беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен таңдаған мамандық

Өмірдегі әр түрлі мамандықтардың ішіндегі шеберлікті, икемділікті, білімділікті, ақыл мен парасаттылықты, ерекше шәкіртжандылықты, асқан мейірімділікті қажет ететін – ұстаздық мамандығы. Олай дейтін себебім, ұстаз еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беру тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, үйренсем, білсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі осы мамандық иесі ұстаз шәкірттеріне жаһандық ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде өмір сүруге тәрбиелеуі керек.

Мен үшін де осынау өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол- тәрбиеші. Тәрбиеші – өз кәсібін, барлық тәрбиеленушілерін,балабақшаны шексіз сүйетін жан. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, о баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық ұрпақты тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін.Керісінше, қызығы мен қиындығы қатар жүретін, яғни жүректің батырлығын, сезімнің ақындығын меңгертетін, жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, тәрбиешілердің бұлжытпас борышымыз. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе.Адамның өмірінде болуға тиісті бақыттың бірі не десек, ол – өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық, әрі ыстық ықылас дер едім. Ұстаздықты кәсіп етуім маған кездейсоқтық емес еді. Ауданымыздың Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің қабырғасында оқып жүрген кезімде-ақ сабақ беретін ұстаздарым Т.Төлегенова,Қ.Қыраубаева,А.Сағызбаева апайларыма еліктеуден басталды. Сабақ беретін ұстаздарыма ерекше ықыласпен қарайтынмын. Білсем, үйренсем деген құлшынысым бейне бір шөліркеген жанның сусынға ұмтылысындай еді.Мектеп қабырғасында жүргенімде ата-анам бір жаққа жолаушылап шығатын болса, үйдің үлкені деп іні-сіңілілерімді маған тапсыратын. Үлкен жауапкершілікті ала отырып, бауырларымды жинап алып, өзімнің ұстаздарымды бейнелеуге тырысатынмын.

Іні-сіңілілеріме сабақ үйретуден ұзақты күн жалықпайтын едім.

Алыстағы сағым боп, қол бұлғап қалған қайран балалық!

Уақыт шіркінге кім тоқтау қоя алған?! Қол жетпейтін Ақ құстай болған арманыма да жеттім...

Орал қаласының М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен студенттік шақтың қызығы мен қуанышты сәтін артқа тастап, еңбек жолымды Индер ауданындағы «Айналайын»бөбекжай-бақшасынан бастадым.. Сол күннен, сол сәттен сенім жүгін арқалап, алдыма келген әр тәрбиеленушіні жүрегіне жол табуға, білім нәрін себуге талпындым.

Ұлы Абайдың даналықпен айтқан «Бала – балқыған қорғасын» деген зерделі ойы көкірегімде байлаулы болды. Сол балқулы қорғасындай әр тәрбиеленушілерді адал жүрегіммен, пәк көңіліммен тәрбиелеуге тырысып жатырмын. Светлана Жәрдемқызы бастаған ұжымға үлкен ризашылығымды білдіремін. Ұжымдағы әріптеске деген құрмет пен ізет секілді ізгі қасиеттер менің «Айналайын» ұжымына тез сіңісіп кетуіме зор септігін тигізді.

Болашақта өз бақшамыздың тәп-тәтті бүлдіршіндерімізді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші, бақытты жанмын деп санаймын.Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда тәрбиеленушілерімізге биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан – жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары, зерделі, жан – жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.


Табылды Саягүл Құмарғалиқызы ,Тәрбиеші.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2021
433
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12