Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен таңдаған мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала авторы: Мэлс Перизат Бауыржанқызы

Оқу орны: «Каспий өңірі» «Болашақ» колледж



Мен таңдаған мамандық

Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Әр мамандықтың өзіндік қиыншылығымен қатар қызығы да бар. Бала күнімде үнемі бөлмемде оқушылардың отырғанын көз алдыма елестетіп, мұғалім болып ойнайтынмын. Журнал жасап, оқушыларды тақтаға шығарып, өзімді мұғалім сезінетінмін. Сол бала күнгі арман қиялым мені осы мұғалім мамандығын таңдауға жетеледі. Солай тоғызыншы сыныптан мектепті аяқтап, Ақтау қаласы ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ колледжіне 2017 жылы түстім. Тобымызда 25 қыз, барлығымыздың асқақ арманымыз мұғалім болу. Әрине, мұғалім болу оңай емес, бірақ та, колледждегі білікті ұстаздарымыздың арқасында мұғалім болудың қыр-сырын жетік меңгердік. Колледжіміз бізді іс-тәжірибеден өтуге мектептерге жіберетін. Тәжірибе барысында мұғалім болуға деген құлшынысым одан әрі артып, өзіме деген сенімділік күшейді. Оқушылармен жұмыс істеу барысында бала күнгі арманым орындалып, ерекше сезімде болдым. Қазіргі таңда 4 курс бітіруші топ студентімін. Көзді ашып жұмғанша 4 жыл өте шығыпты, осы жылдар аралығында өзіме керегімді алдым.

Мұғалім болу – айтуға  оңай болғанымен, нағыз ұстаз болу  екінің бірінің қолынан келе бермейтіні шындық.  Ұстаз жолы – қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықтың төресі десек болады. Осы бір ұлағатты мамандықтың ыстығына  күйіп, суығына тоңып, абырой мен бақыт тауып жатқан жандар шын бақытты  жандар деуге болады. Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды.  Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз мұғалімдердің міндеті. Мұғалім берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалымда, ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақында, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып, терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкерде бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Балаға білгеніңді үйрету, тәрбиелеу, тұлға етіп қалыптастыру, шәкірттеріңнің жетістіктерін көру мұғалім үшін үлкен бақыт.

Алла қаласа болашақта мен өзімді шәкірттерім үлгі тұтатын білікті де, білімді ұстаз ретінде көремін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2021
466
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12