Мен таңдаған мамандық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен таңдаған мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық иелерімен кездесу кеші
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 10.10.2024

Тақырыбы: Мен таңдаған мамандық

Мақсаты: Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, мамандармен кездесу.


1.Кіріспе сөз.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Мен таңдаған мамандық» атты кездесуімізге қош келдіңіздер! Әдетте мектептегі оқушыларды көбіне қандай мамандықты таңдаймын немесе таңдаған мамандыққа қалай қол жеткіземін деген ойлар мазалайтыны анық. Сондықтан да мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға,арманы асқақ, болашақтарынан зор үміт күтетін бастауыш сынып балаларына бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге түрлі маман иелерін шақырып отырмыз. Бұл қонақтармен кездесіп, ой бөлісу, пікір алысудың маңызы өте зор. Пікірлесуді бастамас бұрын «Мамандық» сөзінің мағынасына шолу жасайын.


Жасанды интелект көмекші арқылы «Мамандық» сөзіне анықтама беру
Жасанды көмекші: Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады.


2.Маман иелерімен таныстыру

Мұғалім: Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз – деп, Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай, мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жас буынның көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр. Әрбір мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін және өз бейімділігін тану қажет және өз-өзіне «Мен кіммін?», «Болашақта қандай маман иесі боламын?», «Өмірдегі менің орным қандай?» деген сұрақтарға жауап іздеу қажет деп ойлаймын. Э.Ф. Зеер айтқандай «Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі» дегендей мамандықты дұрыс таңдай білу алдағы өміріңнің сәттілігі деп түсіну керек. Сондықтан да, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын бүгінгі кешімізге шақырып отырмыз. Қонақтарымызды таныстырып өтсем.

  1. Полиция қызметкері ___________________________

  2. Мектебімізде медбике қызметін атқаратын ____________________________

  3. Жыраулар мектебінің жетекшісі, жыршы, термеші Тоғжан Бақбергенқызы.

  4. Сұлулық салонының шаштараз маманы _______________________________

  5. Аль-тайр түзету орталығының қызметкері, Логопед,Дефектолог Бархыт Қасқырбекқызы.


3. Болашақ маман иелерінің әдеби монтажы:

Мұғалім: Талмасын қанат, сөнбесін үміт,

Армандар алға жалғансын – дей отырып, сөз кезегін болашақ маман иелеріне беремін.

Мұғалім Ханым:

Жақсы оқып сабақты,

Білім алып, толамын.

Бөбектерді оқытар,

Мен Мұғалім боламын!


Дәрігер А.Кәусар:

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы көремін.

«Дәрігермін» мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

Көп-көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең деймін.


Полиция Мақсат:

Тәртіп, заңды сақтайды,

Ел сенімін ақтайды.

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам,

Мен Полиция Боламын!


Аспазшы Дильназ:

Тәп-тәтті тамағы,

Тамақтың маманы.

Дәмді тамақ пісіріп,

Өнерле бала боламын.

Халқым сүйген ардақты,

Мен Аспазшы боламын!


Шаштаразшы Кәусар:

Сән үлгісін қиятын,

Шаштараз болам жолымда.

Түрлі-түсті шаш қиып,

Қызмет етем халқыма.


Ғарышкер Жангир:

Мен ғарышкер боламын,

Жұлдызға ұшып барамын.

Жолын қуам атақты,

Тоқтар сынды ағаның.


Құрылысшы Арман:

Елден алғыс алатын,

Өскен кезде ер болам.

Сәнді үйлер салатын,

Құрылысшы мен болам!


Суретші:

Мен суретші боламын,

Бәріңді де саламын.

Марапатқа ие болып,

Бірінші орын аламын.


4.Маман иелерінің «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында ой толғауы және бейнежазбалары.

Мұғалім: Ендігі кезекте бүгінгі қонақтарымыз, өз істерінің шеберлері, өз кәсіптерінің қыр-сырын айтып, оқушыларымызға осы мамандықтар жайлы толық мағлұмат беруін сұраймын.

5. Сұрақ бізден – жауап сізден (қонақтармен пікірлесу)
Мұғалім: Әрине, мамандық таңдау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және ағаларымыздың, апаларымыздың ақыл-кеңестерін тыңдағанда артық етпейді деп ойлаймыз. Олай болса бүгінгі кешіміздің қонақтарынан сұрақтарға байланысты өздерінің ойларын білдіріп отыруларын сұраймыз.
Ендігі кезекте оқушыларымыздың толғандырып, білгісі келіп жүрген сұрақтарына береміз.

Оқушылардың сұрақтары:


- Мамандық таңдауыңызда ата - анаңыздың ықпалы қандай дәрежеде болды?


Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?


Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?


Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?


-Адамдар мамандық таңдағанда біреуге еліктеп таңдайды екен, сіз кімге еліктедіңіз?


-Бүгінгі жастар тек қана бір жапырақ қағаз үшін, яғни диплом үшін кез-келген оқуды таңдай салады, арзанырақ болса болды немесе ата-анасының қалауы бойынша, тек қана диплом алып шықсам болды деп оқи салады. Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп?


- Қап, осы мамандықты бекер таңдадым деген кездеріңіз болды ма? Әлде өздеріңізге ұнайды ма?

-Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

6.«Өз мамандығының шеберлері» жағдаяттық сұрақтар және де мамандығының бір қырын көрсету.

Мұғалім: Ж. Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.

«Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сіздердің қолдарыңызда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктіліктің арқасында биік белестерге жетеді» - дей отырып, мамандықтарыңыздың бір қырын осы сәтте көрсетсеңіздер.

1.Полиция қызметкеріне суреттер арқылы жағдаяттық сұрақтар қою.

2.Медбике қызметкеріне суреттер арқылы жағдаяттық сұрақтар қою.

3.Жыршы, термеші Бақбергенқызы Тоғжанның өнерін тамашалау.

4.Логопед, дефектолог Бархыт Қасқырбекқызының жұмысынан бір әдісті тамашалау.

5.Шаштараз маманының шаш өру немесе бұйралау әдісін тамашалау.


Би: Мамандықтар

Ән: Біз болашағы еліміздің

7.Қорытынды.

Мұғалім: Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,
Зулайды жастық дәурен қас – қағымда.
Мектебің, ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті қадам жастарына – дей отырып, сөз кезегін мектеп директоры Әсемкүл Кәжденбекқызына беремін.

Мұғалім: Еңбек етсем, ертеңгі — бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер — уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да — жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен — өнеріме сенемін.
Арым — таза, ақ көңіл — адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін! - дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап, ілім — білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға тілектеспін. Олай болса «Мен таңдаған мамандық » атты кездесу кешімізге алтын уақыттарыңызды бөліп, ортамызға келіп маңызды ой-пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіремін!










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2024
123
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі