Материалдар / "Мен таңдаған мамандық" Эссе

"Мен таңдаған мамандық" Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2019
6259
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен таңдаған мамандық

Эссе

Мектеп партасында отырғанда «кім боласын?» деген сұрақтарды көп еститін едім. Сонда бала арманында шек бар ма? Қиялға батып кейде бірнеше тіпті ұқсамайтын мамандықтарды айтып, мәз болатынбыз. Мектепті бітіре сала жоғарғы оқу орнында дәл сен қалаған мамандық құшақ жая қарсы алардай көрінетін. Сөйтсек, біз елемеген мәселелер көп екен. Тапсыратын емтихандар өзінше бір төбе, ал мамандық, оқу орнын таңдау бөлек әңгіме… «Өмірде өз орныңды табу үшін жақсы маман иесі болу керек», дегенді де естігенім бар. Содан болар жас түлек болып ұшарында «мамандық таңдауда шатаспа», деп жатады. Қанатын қатаймай өмір жолында қандай да бір шешім қабылдау оңай емес екендігін мойындау керек. Өйткені балалық шағыңда сол мамандықтың тек қаймағына құштар болатының сөзсіз. Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. 

   Сонымен бірге, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың бірі – мұғалімдік дер едім. Ұстаз баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етсе, адам жанының арашасы саналатын ақ халатты абзал жандар – дәрігер мамандығының ерекшелігі, олар ауырған жанның тәнін ғана емес, ішкі жан дүниесін де емдейді емес пе?!

Мамандық тандау – бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, елші, қаржыгер, архитектор, механик, көлік жүргізуші, сазгер, ғарышкер және т.б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдауымыз керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білу керек. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Алғашқы кезде біздің ойымызда «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі. Ал өз еркімен түспейтіндер менің ойымша өте аз. Менің кішкентай кезімнен келе жатқан арманым, менің таңдаған мамандығым – дәрігер. Маған осы таңдаған мамандығым ұнайды. Болашақта жақсы маман иесі атанғым келеді. Қазақстан медицинасын дамыту үшін қызмет жасаймын. Халықтың дені сау болуына өз үлесімді қосамын. Отбасымда анам — дәрігер. Анамның жолын қуып мен де дәрігер болғым келеді. Маған ешкім сен дәрігер бол немесе басқа маман иесі бол деп айтқан емес. Бұл — өзімнің жүрек қалауым.  Негізі ақ халатты дәрігерлерге кішкентай кезімнен қызығатынмын. Дәрігерлер адам жанының арашашысы ғой. Мен сол ақ халаттылардың бірі болуды армандаймын. Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі, дәрігерлер – адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жандар екені бізге мәлім. Біздің елімізде бұл мамандық иелері аз ақша алатын болса да, ол мені арманыма жетуден тоқтатпайды. Мен кішкентай бөбектерге көмектесіп, үлкен қариялардың өмірлерін ұзартқым келеді. Қолыңнан келіп тұрса, неге өзгелерге көмектеспеске? Неге қол ұшын созбасқа? Сол себептен, дәрігер мамандығы өте абыройлы және сауабы мол мамандық – деп сеніммен айта аламын. Біздің экологиялық жағдайымызға байланысты жастар арасында көптеген аурулар (миненгит ( бастағы ісік ауруы), гепатит (сары ауру), туберкулез (өкпедегі құрт ауруы), қызылша аурулар)  орын алуда. Дәрігер адам өмірімен жұмыс жасайтын болғандықтан қателесуге болмайды. Әрбір науқасқа диагноз қою біліктілікті талап етеді. Сондықтан да менің ойымша медицина саласында оқудың өзі 9 жылды талап етеді. Әрине, адам өмірімен байланысты болғаннан соң өмір бойы оқу және үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Қазіргі кезде ауруларды емдейтін заманауи аппараттар шықты. Ғалымдар зерттеп, әлі күнге дейін ол ауруды емдей алмаған адамдар өте көп. Мен сол ауруды өзімнің еңбекқорлығыммен, ізденісіммен, өз күшіммен сол ауруларды емдегім келеді. Халықты мұндай азаптан құтқару менің парызым деп есептеймін. Дәрігерлердің мойнына үлкен жүк артылады. Соған қарамастан мен осы мамандықты ойланбастан таңдаймын. Мен өзімнің аңсаған арманыма жетуге тырысамын және қалайда жетемін!...
Міне, мен болашақта осындай дәрігер мамандығының иесі боламын!.... Еліміздің әр азаматы сау және салауатты өмір сүріп, қатерлі аурулар азая берсін, - дегім келеді. Міне, осынау ХХІ ғасыр дәуірінде қым-қуыт, адамы мен заманы көптеген өзгерістерге тап болған кезеңде дәрігер мамандығы қажет. Менің түсінігімдегі дәрігер – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, қоғамды өрге өркендетуші, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңның ашылғаны. Қазақ үш-ақ мамандықты біледі: қара жұмысшы, директор, бас директор. Араларындағы салаларды ойламайды да. Шын мәнінде халқыңа пайдалы азамат болуға тырысу маңызды, керісінше халқың саған пайдалы болу емес. Өз ісіңнің білгір маманы болғанға не жетсін! Сол үшін білім алуға барлық күш-жігерімізді жұмсап, жұмыс жасайық дегім келеді. Мен мамандық таңдаудан қателеспегеніме сенімдімін!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ