Мен таныған жазушы (Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен таныған жазушы (Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы)

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы» атанған Кемел Тоқаев – шоқтығы биік туындыларымен оқырмандарын баурап алған талант, дарын иесі екені туралы түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен таныған жазушы

(Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы)

Мені мына сұрақтар ойландырып отыр. «Детектив деген не? Осы жанрға кім қалам тартты екен?

« Detective» – әйгілеу, әшкерелеу деген мағынаны береді.  «Детективтік әдебиет дегеніміз - шытырман оқиғалы қылмысты істерді ашуға құрылған шығарма. Оның сюжеті жұмбақ қылмыс салаларын логикалық пайымдаулар арқылы ашып көрсетуге арналады. Басты кейіпкер ретінде – із кесуші заң қызметкерлері немесе тыңшы, барлаушылармен қылмыскер алынып, алуан түрлі оқиғалар аркылы екі жақтың ашық та астыртын қақтығыстарынан соң қылмыс әшкереленеді. Бұл жанрдың оқырманы, әсіресе, батыста белгілі. Сол кезде Конан Дойльдың атақты Шерлок Холмсын еске түседі.

Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрына қалам тербеушілер туралы айт-қанда, ойымызға – Кемел Тоқаев«Түнде атылған оқ» шығармасы түседі.

«Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы» атанған Кемел Тоқаев – шоқтығы биік туындыларымен оқырмандарын баурап алған талант, дарын иесі. «Кемел Тоқаев – қазақ жазушыларының ішіндегі оқырманы ең көп қаламгерлерлердің бірі болды. Өзі таңдап алып, негізін қалаған детективтік жанрда алдына жан салған жоқ, қазақ әдебиетінің тарихында бұрын-соңды болмаған детектив жанрының негізін қалап, оны жоғары дәрежеде оқыр-мандарының сезім пернелеріне жеткізе білген жазушының таланты өз заманында-ақ еліміздің кеңістігінен асып, әлем жұртшылығын да мойындатқаны шындық ,- дейді Әзілхан Нұршайықов.

Әдебиет әлемінде өзіндік орны бар жанрдың бірі – детектив. Осынау жанрға қалам тартқан қасиетті Қаратал өңірінің тумасы, қазақ мәдениеті мен әдебиетіне сүбелі үлес қосқан азаматтың бірі- көрнекті жазушы Кемел Тоқаев екені рас.

Қазақ детективінің атасына баланған жазушы 1923 жылы 2 қазанда Алматы облысы, Қаратал ауданында дүниеге келген. Кемел Тоқаев соғыс заманның тауқыметін жастайынан көріп өскен буынның өкілі. Алайда, оны оқу-білімге деген құштарлығы барлық кедергіден мойымай өтуге жетелеген болатын. Бозбала шағында майдан даласына аттанып, екінші дүниежүзілік соғыстың алдыңғы саптарында айқасты.

Қаламгер Мәткерім Әкімжанов «Кемел Тоқаев» атты естелігінде «Кеме-кең дидарласа қалғанда оқиғалы жанрдың өте ауыр екендігін, шығарма негізінен болған оқиғаларға, бұлтартпас деректерге сүйеніп жазылатынды -ғын, түптің түбінде оқушы қауым осы тарихи немесе деректі кітаптарды көбірек оқуға қарай ауатындығын жиі еске салатын»,- деп еске алады.

Қорыта келе, мен таныған қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы К. Тоқаев өз шығармалары арқылы шым-шытырық оқиғалы шығармаларды керемет өрнектегенін көрдім. Детектив жанрына жазылған шығармалар болған оқиғаларға, бұлтартпас деректерге сүйеніп жазылатындығына көзім жетті. Шым-шытырық оқиғалы шығарманы оқитындар саны өсетініне сенімдімін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2021
1284
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі