Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен үлгілі баламын" Сөйлеуді дамыту қысқа мерзімді жоспар мектепалды даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сөйлеуді дамыту. Қысқа мерзімді жоспар

№2


ТАҚЫРЫБЫ: Мен үлгілі баламын

Мектеп/ МДҰ: Тасөткел орта мектебі


Күні:

Педагогтің аты-жөні:Қосанова Мөлдір Тілеужанқызы


Сынып/топ: 0 класс

Қатысқандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану

0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау

0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру


Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.


Көпшілік тәрбиеленушілер: Суретке қарап сөйлем, әңгіме құрап айта алады. Қарама-қарсы сөздерді қолдана алады.


Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды.


Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: Әңгіме құрап айта алады. Қарама-қарсы сөздерді ойын барысында қолдана алады.

Көптілділік: үлгілі – примерный – goody Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Қарама-қарсы, мақал сөздің мәйегі

Пікір алмасу сұрақтары:

Үлгілі бала қандай болады?

Аналары жұмыстан келгенде не істейді деп ойлайсыңдар? Қайсысының анасы қандай көңіл күйде болады?


Өткен ҰОҚ алған білім

Күн тәртібін және оның маңызды екенін біледі. Ненің дыбысы екенін ажырата алады.


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут

(Ұ) Педагог балаларды ортаға, шаттық шеңберіне шақырады.

Балалар педагогпен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Мен үлгілі баламын,

Айтқан тілді аламын.

«Жина,- десе, - ойыншықты»,

Өзім жинап қоямын.Ініме де көмекке Бірінші боп барамын. Төсекті өзім жинаймын, Үлкендерді сыйлаймын. Айтқан тілді аламын, Мен үлгілі баламын.


  • Балалар, үлгілі деп қандай баланы айтамыз?

  • Біздің арамызда үлгілі бала бар ма?

  • Кімнің үлгілі бала болғысы келеді?

  • Ол үшін не істеу керек?

  • Өздерің үлгі алатын аға, әпкелерің бар ма?Олардың қандай қасиетін үлгі тұтуға болады? Балалар достарының арасынан үлгілі балаға лайықтыларды атайды.




ІІ. Мақсатты болжам.

3-5 минут

ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс 6-27 минут

Көптілділік: үлгілі – примерный – exemplary Педагог: Үлгілі бала жан-жақты болуы керек. Таза жүріп, ұқыпты болғанымен, ойыншығын жинамаса немесе анасына көмектеспесе, ол бала үлгілі балаға жатпайды. Үлгілі баланың сабақ үлгерімі жақсы, ұқыпты, кішіпейіл, досына да көмек бере біледі.

Мен сендерге «Нағыз дос» деп аталатын әңгіме айтып беремін. Мұқият тыңдаңдар.

Нағыз дос

Ерлан мен Дидар жақын достар, олар көрші тұрады, ата-аналары да бір-бірін жақсы таниды. Екеуі кішкентай кездерінен бірге ойнайды, бірге серуендейді. Бірде серуеннен келе жатқан екеуінің алдынан үлкен ит шығып, Ерланға бас салды.

Педагог:

  • Балалар Ерлан мен Дидардың оқиғасын өз ойларыңмен жалғастырыңдар, әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар? Оқиға немен аяқталуы мүмкін?

  • Дидардың орнында болсаң, сен не істер едің?

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Суреттерді қара. Өзіңе ұнаған суретті таңда. Ол туралы әңгіме құрастыр. Балаларға ат қой. Қай баладан үлгі алуға болатынын айт.

Бірінші суреттегі бала не істеп жатыр?

Ол қандай бала? Гүлдің қандай пайдасы бар? Аулада өсетін гүлдерді қандай гүлдер дейміз? Тағы қайда өсетін гүлдерді білесің?

Екінші суретте не көріп тұрмыз?

Қыз не істеп жатыр?

Атаға кім орын берді, ол қандай іс жасады?

Қыз не оқып отыр? Ал сендер кішіге қамқор бола білесіңдер ме?

Дидактикалық ойын: «Қарама-қарсы сөзді айт». Ойынның шарты: Педагог допты кез келген балаға лақтырып, бір сөз айтады, допты қағып алған бала сол сөзге қарама-қарсы сөз айтып, допты кері лақтыруы керек.

Мысалы:

Жина - шаш Ақылды - ақымақ Ұзын - қысқа Тәртіпті -тәртіпсіз Ұқыпты - ұқыпсыз Пысық - жалқау Жаман - жақсы Ыстық - суық

Жат - тұр Қатты - жұмсақ

Сергіту жаттығуы:

Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біз үлгілі баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз.


Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Суретке қарап әңгіме құра, қай баладан үлгі алуға болады?

Үйге келген соң аналары не істейді деп ойлайсың? Қайсысының анасы қандай көңіл күйде болады?

Сөздік жұмыс:

Мұнтаздай – кіршіксіз, тап-таза.

3-тапсырма. Мақалдардың мағынасын түсініп ал:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жақсы болу өз қолыңда.

Атадан жақсы ұл туса, Елдің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса, Елдің малын жейді.

Педагог мақалдың мағынасын сұрайды, түсіндіреді. Балаларға қайталата отырып жаттады.

Ойын-жаттығу: «Мен орындай аламын».








Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды

Әліппе-дәптер, түрлі

қорытындысы.

марапаттайды.

түсті қарындаштар

Рефлексия.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап


28-30 минут

қорыту.



Балалардан допты түсті қарындашпен бояуын



сұраңыз:



Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;



Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары



қарындашпен;



Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –



жасыл қарындашпен.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
4168
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12