«Мен
ұстазбын!»
Айналадағы дүбірге толы дүниенің түпсіз терең
дариясындағы шексіз, шетсіз білім айнасының шырақшысы, ақылшысы –
өнегелі өмірін қоғамның дамуы мен шәкірт тәрбиелеу ісіне арнаған
тұлғалар дер едім. Осындай құрмет пен мақтауға лайық шәкірт
тәрбиелеу ісіне өз өмірлерін арнаған ұстаздық қызметті таңдағаныма
қуанамын. Ұлы
педагог К.Д.Ушинскийдің: «Егер сіз өзіңізге лайықты мамандықты
сәтімен іздеп тауып, оған жан-тәніңізді салсаңыз, бақыт сізді өзі
іздеп табады»,-деген ұлағатты сөзі ақылы мен қайратын тең ұстап,
білімі мен біліктілігін шыңдап, үздіксіз ізденіс жолында аянбай
еңбек ететін оқытушылықты білім бере отырып, тәрбиемен ұштастырып,
тең алып жүру – тек жақсы ұстаздың қолынан келеді деп ойлаймын.
Осындай игі бастаманың қолдаушысы ретінде, сайысқа қатысушы ретінде
Білім және ғылым саласындағы жетістіктері бағыты бойынша аламан
бәйгеге түсуді, мен де мақсат еттім. Өмір – үлкен тартыстан
тұратыны белгілі, ал сол тартыста қамшысын дөп басып, аянбай еңбек
етіп, тер төккен азаматтар ғана лайықты бағасын алары сөзсіз. «Мен
ұстазбын!» деген тіркес кеудесінде жүрегі бар әрбір саналы жасты
толғандыратын сұрақ десем болады. Мен де осы сұрақты өзіме бірнеше
рет қою арқылы, осы конкурсқа қатысуға бел будым. Білім және ғылым
саласы – үлкен жауапкершілік пен тиянақтылықты, ұтқырлық пен
ұйымдастырушылықты талап ететін бағыт. Мұғалімдер отбасында тәрбие
алып, ата – анама қарап бой түзеп, мен де өзіме шәкірт тәрбиелеу
ісіне араласуды жөн деп санап, осы салаға бет бұрганыма
қуанамын. «Ұстазсыз шәкірт - тұл,
шәкіртсіз ұстаз - тұл»,- дейді қазақ. Әрине, «Ұстаз» деп тек
мұғалімдерді айтуға болмайды, менің өміріме бағыт берген,
кәсібімді үйреткен, тіршілігіме нәр берген адамның
барлығын ұстаз санаймын. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы
ұстаздан сабақ алдық»,- деп айтатындай дәрежеге жеткізуі
керек. Осы мақсатта өз өмірімді ұстаздық қызметке
арнадым, білім
саласына аяқ басқан 3 жыл мен үшін үлкен ізденіс пен
жауапкершілікке толы болды. Қазақ елінің жанашырларын тәрбиелеу
ісінде жеткен жетістіктерім мен алған асуларым – бүгінгі аламан
бәйгеге түсуге итермеледі, дегенмен, бағындырар биігім әлі алда деп
санаймын.
Қиыны мен жеңілі, қызығы мен
қуанышы мол болған еңбек жолында мен көп
іздендім, 2011-2015 ж.ж. Тараз
Мемлекеттік педагогикалық институтын «Химия» мамандығы бойынша
бітіріп, кеудемді қуаныш кернеп, ұстаздық қызметке аяқ бастым.
Бүгінде «Абылай хан» атындағы колледжінде жас маман ретінде ізденіс
жолында жүрген талапты да талантты оқытушылардың қатарында жүрген
ізденуші маманмын. Жасалған еңбектің жемісі ол - қоғамның сізге
берген құрметі мен алғысы.
2017 жылы Қызылорда облысы
Облыстық білім басқармасы «Құрмет грамотасымен», «Өрлеу» БАҰО АҚ
филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты мен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда
аграрлық техникалық жоғары колледжі бірлесіп ұйымдастырған
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»: Білім беру қызметкерлерінің
кәсіби өсуі –білім берудің жаңа сапасы» тақырыбындағы ТжКБ беру оқу
орындары оқытушыларының арасында өткізілген Педагогикалық оқуда ІІІ
дәрежелі дипломмен, .«Ұлттың ұлы тұғырнамасы – Рухани жаңғыру» және
«Теңге – тәуелсіз ел табысының кепілі» облыстық конференцияларында
жетекшілік жасағаны үшін «ІІ -дәрежелі Дипломмен
марапатталдым.
Әрбір істің
бастамасы нәтижесі болады, сол жасалған жұмыстың бағасы – еткен
еңбектің жемісі. Облыстық деңгейде өткізіліп отырған «Үздік жалпы
пән оқытушысы -2018» байқауға қатысушы ретінде бақ сынауға
келгеніме қуаныштымын, конкурсты ұйымдастырушыларға
шексіз алғыс білдіріп, алда алар асуларымыз көп болғай
демекпін!
«Абылай хан» атындағы колледж
мекемесі
Әнесов Ғани
Әбдіхамитұлы