Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менде спортшы боламын. Бекзат Саттарханов

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалым болашақ ұстаздарға көмегі тиер деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Мен де спортшы боламын.Қыдырбек Рысбекұлы .Бекзат


Мектеп: «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ

СЫНЫП: 2

Күні:

Машықкердің есімі: Мұратханова Шұғыла

Сабақ негізделген оқу

мақсаты


1.1.Шығарманың мазмұнын түсіну

2.2.3.1.Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың бәрі: мәтінді оқиды, түсінеді, сұрақ-жауапқа түсінеді

Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжайды, сөздердің мағынасын түсіндіреді

Кейбір оқушылар: қатесіз оқиды, , топта жұмыс жасайды,әңгімелейді.

Бағалау критерийі

Сұрақтарға дұрыс жауап береді;

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында сөзді,сөйлемді дұрыс оқи алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсіл

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Жоспарлан.уақы

Жоспарланған жаттығулар

Ресурс

Басталуы

8 минут


Психологиялық ахуал:

«Балалық шақтан қызықты оқиға»

Мақсаты: эмпатияны дамыту.

Нұсқаулық: «Сіздердің алдыызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.

Талдау:

Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Ой сергек.

Қасындағы досына мақтау сөз айту.

Өткенді пысықтау. «Таза тақта» сұрақтарға жауап беру

- Қандай мәтінмен таныстық?

- Заттардың баладан қашуы. Неліктен?

- Заттардың қайта оралуы. Неліктен?

-Тазалықты не үшін сақтау керек?

- Бүгінгі кейіпкерлердің іс-әрекетінен өзің не үйрендің?

Өлеңді оқыту.


Сыныппен бірге айтады


Ортасы 20 минут

Оқулықпен жұмыс. Ой қозғау.

1. Оқушылар өздеріне ұнайтын спорт түрлерін атайды.

2. Оқылым- Тыңдалым.

Түсініп оқы.

Бекзат Саттарханов – қазақ боксшысы. Ол 20 жасында бокстан Олимпиада чемпионы атанды.

3. Мәтінді түсінікті етіп оқу,мазмұнын ашып әңгімелеу.

«Бекзат» Қыдырбек Рысбекұлы

Сиднейдің шаршы алаңына екі батыр шықты. Бірі – осы уақытқа дейін әлем чемпионы атанып үлгерген америкалық Рикардо Хуарес.Екіншісі- қазақ баһадүрі Бекзат Саттарханов.

Рикадро құлжаның асығындай шымыр. Қоңырқай жүзінде айбын бар. Өз күшіне, бабына өте сенімді. Көзінен ашу ұшқындап, жер тарпып тұр.

Бекзат та тас түйін.

Екеуі оңды – солды аңдысып, сатыр- сұтыр ұрып, солға орғиды. Көздеп ұрып, солға орғиды. Іштен, тұмсықтан дәл соғып, әлем чемпионын тықсыра түсті.

Рекардо тізгіннің қолдан сусып бара жатқанын түйсініп, белсене түскен. Жоқ. Мына қазақ тым сезімтал екен. Бұл жұдырығын ыңғайлағанша, екі – үш мәрте сілтеп үлгереді. Ойлануға мұрша беретін емес. Ойсыз бокс- орға жығылу. Мына қазақтың ойы да, жұдырығы да оқтай ұшқыр.

Рикадро арыстанша атылып, соққы жаудырған. Еңбегі еш кетті. Жұдырығы Бекзаттың қолбағының сыртынан қайтты.

Айтып- айтпай не ерек, екінші раунд біткенде Саттарханов оқ бойы озық тұрды. Есеп 15:4.

Раундтың соңына қарай Рикадро тұсалған аттай күй кешті. Бекзаттың тасқамал қорғанысын талқандай.алғандай жоқ. Амалсыздан Саттархановтың ыңғайына көнген.Осының алдында Бекзат түрік боксшысы Рамазан Палианидің басындағы дулығасын ұшырып түсіре жаздап еді. Палианидің дулығысын қисайтқан қайсар қазақ енді. Бәйгені ешкімге бермегесін ішіміз сезе қойды.


Сөздікпен жұмыс. Дәптерге жазып алу

Баһадүр- батыр

Тапсырма:

4. Бекзаттың қарсыласынан осал емес екендігі туралы мәтінде не делінген?

Оқулық


https://yadi.sk/d/OimpiFoyKJNSeA


суреттер


https://images.app.goo.gl/fgXcEP4sKw3hkvCa9



Суреттер

Сергіту сәті

2 мин

Қарасақ алау жанына

Ұядан түскен балапан.

Еппен алап ұяға

Саламыз оны қайтадан

Іс-қимыл

8 минут


Ой толғау

5.Мәтіннен Бекзаттың қимылы суреттелген жолдары қандай?

6.Мәтінің соңғы азат жолын тауып оқы.Не түсінгеніңді өз сөзіңмен айт.

7.Бекзаттың жеңіске жету себебі неде деп ойлайсың?Тағы қандай спорт жеңімпаздарын білесің?

\балалардың жауабын тыңдау,талқылау\



Аяқталуы


2 мин

«Рефлексия»

- Қандай әңігмемен таныстық?

- Өзің қандай спорт түрімен айналысып жүрсің?

е үшін бізге спорт керек?

«Кері байланыс»

Оқушылардың сабаққа қатысымына қарай стикерлермен бағалау

Үйге: әңгімені оқу.


стикер



Әдіскер Сахариева З.Д.

Мұғалім Шпекбаева Р.К.

Машықкер Мұратханова Ш.А.

Баға



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.06.2021
1426
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12